Технологиясы



жүктеу 9,83 Mb.
Pdf просмотр
бет6/256
Дата12.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#44277
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   256
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

1.4.
 
Электр энергиясын беретін, тарататын және тұтынатын 
қондырғылар туралы негізгі мәліметтер 
Шығарылатын электр энергиясы энергияны тұтыну орнына өзара 
байланысты беретін, тарататын және түрлендіретін электрлік қондырғылар 
жүйесі арқылы түседі. Электр энергиясын беру электр беретін әуе желілері 
көмегімен жүзеге асырылады, оның кернеуі бірнеше жүзден бірнеше мыңға 
дейін жетеді. Электр энергиясы кернеуі 35, 110, 150, 220 кВ және жоғары 
жүйелік әуе желілерімен МЕМСТ белгіленген номиналды кернеу межелігі 
бойынша беріледі. Электр энергиясын тарату қорек ортасы (ҚО), тарату 
орындары (ТО) және тарату желілері (ТЖ) арқылы беріледі.
Қорек ортасы
деп аталған ауданның тарату желілері жалғанған кернеу 
реттегіші бар энергия жүйесінің екіншілік кернеуді төмендетуші 
подстанциясы немесе генераторлы кернеу электр станциясының тарату 
құралдарын (ТҚ) атайды. 
Тарату орны 
деп өнеркәсіптік кәсіпорынның немесе қала электрлік 
желісінің электр энергиясын түрлендірусіз бір кернеумен қабылдау және 
таратуға арналған подстанциясын айтады. 
Тарату желісі 
дегеніміз тұтынушылардың электр қондырғыларына 
кірістер немесе ҚО немесе ТҚ трансформатор подстанцияларының қатарын 
қоректендіретін желі. 
Подстанция 
деп электр энергиясын түрлендіру мен тарату үшін 
қолданылатын трансформаторлардан және басқа да электр энергиясының 
түрлендіргіштерінен, кернеуі 1000 В дейін және одан жоғары тарату 
құралдарынан, аккумулятор батареяларынан, басқару аппараттары мен 
қосалқы құрылымдардан құралатын электрлік қондырғыны айтады. 
Өнеркәсіптік, қалалық және ауылдық электр энергиясын тұтынушыларды 
электр энергиясымен электрлік қамту трансформатор подстанцияларынан 
жүзеге асырылады, оның басты элементі бір кернеудегі электр энергиясын 
келесі кернеудегі электр энергиясына (неғұрлым жоғары немесе төмен 
кернеулі) түрлендіретін (трансформациялайтын) трансформатор болып 
табылады. Электр энергиясын беру мен таратудың ұстанымдық сызбасы 1.5 
суретте берілген. Номиналды кернеуі 10 ... 15 кВ генераторлар шығаратын 
электр энергиясы А электр станциясының трансформаторларына келіп түседі, 
мұнда оның кернеуі 220 кВ дейін артады, осыдан кейін ол осы электр 
станциясының 220 кВ шиналарына беріледі, ол Б электр станциясының 220 
кВ ЭБЖ байланысты болады.


14 
Төмендетуші подстанцияда электр энергиясының кернеуі 220 кВ 
трансформаторлар көмегімен 10 (немесе 6) кВ дейін төмендейді және осы 
кернеу арқылы ол тарату орнына беріледі, ал одан ПС1, ПС2, ПС3 
подстанцияларына өз кезегінде кернеуді 380 (немесе 220) В дейін, яғни электр 
энергиясы тұтынушыларға берілетін мәнге дейін төмендететін күш 
трансформаторларымен тарату орнына беріледі.
Электр энергиясы электрлік қозғалтқыштарда, қыздыру шамдарында және 
жарықтандыруға арналған люминесцентті шамдарда; электр пештерінде, 
гальваникалық ванналар мен технологиялық үдерістерді қамтамасыз етуге 
арналған басқа да аппараттарда; электрлік металл дәнекерлеуге және басқа да 
мақсаттарға арналған агрегаттарда қолданылады. 
Электр энергиясын тұтыну барысында оның кері түрленуі үдерісі жүзеге 
асырылады: электрлік қозғалтқыштарда электр энергиясы механикалық 
энергияға түрленеді; қыздыру шамдарында – алдымен жылулық, одан кейін 
желілік ағын энергиясына айналады; электрлік қыздыру пештерінде – 
жылулық түрге т.б. айналады. Осы түрлену қоршаған ортаға жылу түрінде 
1.5 сурет. Энергияны беру және таратудың ұстанымдық сызбасы: 
Г1, Г2 — генераторлар; ПС, ПС1, ПС2, ПС3 — подстанциялар; 
РП — тарату орны 
Б электр станциясы 
А электр станциясы 
ЭБЖ 220 
кА 
ЭБЖ 220 
кА 


15 
шығарылатын шығынмен қатар жүреді.
Электр энергиясын өндіру, беру және тұтыну МЕМСТ негізделген белгілі 
бір кернеу жағдайында жүзеге асырылады. Электрлік қозғалтқыштар мен әр 
түрлі электрлік аппараттар үшін номиналды кернеу олардың оқшаулануы 
есептелген және өндіруші-зауыт кепілдік берген кернеу болып табылады. 
Электрлік құрылғылардың номиналды кернеуі міндетті түрде оның 
паспортында (электрлік қозғалтқыштар мен аппараттар үшін) немесе 
таңбасында (реле және құралдар үшін) көрсетіледі. Құралдар мен 
аппараттарды кернеуі номиналды кернеуге сәйкес келетін қорек желісіне 
жалғайды, бұл оқшаулау мен осы электрлік құрылғының қалыпты жұмыс 
ұзақтығын сақтауға кепілдік беретін міндетті талап болып табылады.
Номиналды кернеу электр аппаратурасының қалыпты жұмысын 
анықтайды. Қыздыру шамының баллоны немесе түбінде оның кернеуінің 220 
В есептелгені көрсетіледі. Бұл егер оны кернеуі 220 А желіге жалғаған 
жағдайда ол қалыпты желілік ағын қалыптастырады. Егер желі кернеуі 
шамның номиналды кернеуінен кем болған жағдайда оның қызмет мерзімі 
біршама артады, дегенмен, жарық ағыны күрт қысқарады, желі кернеуін 
арттырғанда шам көбірек жарық береді, алайды, бұл жағдайда оның қызмет 
мерзімі қысқарады. Электрлік қозғалтқыштардың жұмысына кернеу келесі 
түрде әсер етеді. Егер электрлік қозғалтқыш төмен кернеумен жұмыс жасаса, 
оның номиналды қуаты азаяды бұл нәтижесінде орамдардың қызып кетуіне 
алып келеді.
Электрмен қамту тұрғысынан заманауи өнеркәсіптік мыңдаған тұрғыны 
бар қала электрлік қабылдағыштардың орасан көп саны түрінде болады. 
Мұнда өнеркәсіптік кәсіпорындардағы білдектер де, қалалық электр көлігі де, 
көшелерді, үйлерді, оқу, сауда және мәдени мекемелерді жарықтандыру да 
шоғырланған.Электр энергиясын берудегі үзіліс кез келген тұтынушы үшін 
қажетсіз, дегенмен, егер бір тұтынушылар үшін электр энергиясын берудегі 
үзілістерге аз уақытқа жол беруге болатын болса, басқалары үшін бұл жағдай 
мүлдем орын алмауы тиісті. Автоматты желілері бар металлургия 
кәсіпорындары, металлургия зауыттары, шахталар, химия комбинаттары 
секілді нысандарда қысқа уақытқа электр энергиясын беруді тоқтату зор 
экономикалық шығынға алып келеді, өнімнің жаппай жарамсыздығы орын 
алып, құрылғылар істен шығады, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп 
төнеді. Ал тұрғын үйде электр энергиясын сөндіру оның тұрғындары үшін 
белгілі бір жайсыздықтарға ғана алып келеді. 
Электрлік қауіпсіздіктің талап етілетін дәрежесі бойынша электр 
энергиясын тұтынушылар үш санатқа жіктеледі, олар электр энергиясы 
көздерінің қажетті санын және электрмен қамту сызбасын анықтайды. 

жүктеу 9,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   256




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау