«Теориялық механика» пәні бойынша емтихан сұрақтары
Кинематика
Нүкте қозғалысының берілу тәсілдерін сиппаттап, олардың арасындағы тәуелділіктерді келтіріңіз.
Нүкте кинематикасында қарастырылатын негізгі мәселені сипаттап, кинематикалық шамаларды атаңыз. Нүктенің берілу тәсілдерін жазыңыз.
Нүктенің жылдамдық векторын сипаттап, қозғалысы координаттық тәсілмен берілген кездегі жылдамдығын анықтаңыз.
Нүктенің жылдамдығын анықтап, оны үш тәсілмен анықтау формулаларын қорытыңыз.
Нүктенің үдеу векторын сипаттап, қозғалысы координаттық тәсілмен берілген кездегі үдеуін анықтаңыз.
Табиғи үшжақ өстерін сипаттаңыз. Табиғи өстерге нүктенің үдеу векторын жіктеңіз.
Үдеу векторының жанама және нормаль құраушыларын анықтап, қозғалыстың үдемелі, кемімелі болуын сипаттаңыз.
Нүкте қозғалысының дербес түрлерін сипаттап, қисық сызықты қозғалыстың жалпы жағдайын түсіндіріңіз.
Нүктенің шеңбер бойымен қозғалуын сипаттап, оның жылдамдығы мен үдеуін анықтаңыз.
Нүктенің жылдамдығы мен үдеуін полярлық координаттар жүйесінде анықтаңыз. Декарттық координаттар мен r,φ шамаларының арасындағы байланысты пайдаланып, жылдамдық пен үдеу үшін өрнектерді алыңыз.
Абсолют қатты дененің ілгерлемелі қозғалысын сипаттап, мысал келтіріңіз. Бұл қозғалыстың қасиетін сипаттайтын теореманы дәлелдеңіз.
Қозғалмайтын өс төңірегіндегі қатты дененің айналмалы қозғалысын сиппаттап, айналу заңдылығын көрсетіңіз. Қатты дененің бұрыштық жылдамдығы мен үдеуін анықтаңыз.
Қозғалмайтын өс төңірегіндегі қатты дененің айналмалы қозғалысын сиппаттап, айналмалы қозғалыстың жеке түрлерін түсіндіріңіз.
Қозғалмайтын өсті айнала қозғалатын дененің жылдамдықтары мен үдеулерін анықтап, жылдамдық векторы үшін Эйлер формуласын қорытыңыз.
Қозғалмайтын бір нүктесі бар қатты дененің қозғалыс заңын сипаттап, дененің бұрыштық жылдамдық пен үдеу векторын анықтаңыз.
Эйлер бұрыштарын сипаттап, Эйлердің кинематикалық теңдеулерін қорытып шығарыңыз.
Қозғалмайтын бір нүкте төңірегінде қозғалатын қатты дене нүктелерінің жылдамдықтары мен үдеулерін сипаттап, нүкте жылдамдығын геометриялық және аналитикалық түрде анықтаңыз.
Қатты дененің жазық-параллель қозғалысын сиппаттап, мысал келтіріңіз. Жазық фигураның траекториясын анықтаңыз.
Жазық фигура нүктелерінің жылдамдықтарын анықтап, жылдамдықтар проекциясы туралы теореманы дәлелдеңіз.
Жазық фигураның лездік жылдамдықтар центрін табу жолдарын сипаттап, оны анықтаудың дербес жағдайларын келтіріңіз.
Нүкте жылдамдығын лездік жылдамдықтар центрі арқылы анықтап, алынған нәтижеден тұжырымда жасаңыз.
Жазық фигура нүктелерінің удеулерін анықтап, лездік үдеулер центрін табу жолдарын сипаттаңыз.
Нүктенің күрделі қозғалысы кезіндегі салыстырмалы, тасымал қозғалыстарды сипаттап, мысалдар келтіріңіз.
Жылдамдықтарды қосу туралы теореманы дәлелдеп, абсолют жылдамдықты анықтаудағы параллелограм заңын түсіндіріңіз.
Нүктенің күрделі қозғалысы үшін абсолют үдеуді анықтап, Кориолис теоремасын жазыңыз.
Күрделі қозғалыс үшін Кориолис теоремасын дәлелдеп, дербес жағдайларды келтіріңіз.
Кориолис үдеуін есептеу формуласын қорытып, оның бағытын анықтау жолдарын көрсетіңіз.
Екі параллель өстер төңірегіндегі айналмалы қозғалыстарды сипаттап, оларды қосудың үш дербес жағдайын қарастырыңыз.
Қатты дененің күрделі қозғалысын сипаттап, ілгерлемелі қозғалыстарды қосу жағдайын қарастырыңыз.
Қатты дененің күрделі қозғалысын сипаттап, айналу өстері бір нүктеде қиылысатын айналмалы қозғалыстарды қосыңыз.
Ілгерлемелі және айналмалы қозғалыстарды қосу жағдайын қарастырып, винттік қозғалысты сипаттаңыз.
Статика
Күштер жүйесінің бас векторы мен бас моментін анықтап, күштердің кеңістіктегі кез-келген жүйесінің тепе-теңдік шартын түсіндіріңіз.
Жинақталатын күштер жүйесін беріп, күштерді қосудың аналитикалық әдісін түсіндіріңіз.
Жинақталатын күштер жүйесін беріп, күштерді қосудың геометриялық әдісін түсіндіріңіз.
Жинақталатын күштер жүйесінің тепе-теңдік шарттарының геометриялық және аналитикалық түрлерін жазып, үш күш туралы теореманы дәлелдеңіз.
Нүктеге қатысты күш моментінің векторлық және скалаярлық анықтамаларын беріңіз. Қос күш моментін сипаттаңыз.
Қос күштер теориясын түсіндіріп, қос күш моментін сипаттаңыз. Қос күштер эквиваленттілігін сипаттайтын қасиеттерін атаңыз.
Қос күштер теориясын түсіндіріп, қос күш моментін сипаттаңыз. Қос күштер жүйесінің тепе-теңдік шартын келтіріңіз.
Күштердің кезкелген кеңістік жүйесін беріп, статикадағы негізгі лемманы сипаттаңыз. Лемманы дәлелдеңіз.
Күштердің кезкелген кеңістік жүйесін бір центрге келтіруді сипаттаңыз. Пуансо теоремасын дәлелдеңіз.
Үйкеліс ұғымын түсіндіріп, сырғанау үйкелісін сипаттаңыз. Үйкеліс бұрышын анықтаңыз.
Домалау үйкелісін сипаттап, домалау үйкелісінің моментін анықтаңыз. Дененің тепе-теңдік шартын түсіндіріңіз.
Күштердің кеңістік жүйесінің келтіру инварианттарын атаңыз. Күштердің кеңістік жүйесі үшін Вариньон теоремасын дәлелдеңіз.
Біріңғай бір жаққа бағытталған параллель күштер жүйесін бір центрге келтіру шарттарын анықтап, параллель күштер центрін табыңыз. Параллель күштер центрінің қасиетін түсіндіріңіз.
Қатты дененің ауырлық центрін түсіндіріп, ауырлық центрін табу әдістерін келтіріңіз. Үшбұрыш ауданының ауырлық центрін табыңыз.
Ауырлық центрін табу әдістерін сипаттап, шеңбер доғасының ауырлық центрін табыңыз.
Қатты дененің ауырлық центрін табу әдістерін келтіріп, дөңгелек секторы ауданының ауырлық центрін анықтаңыз.
Статиканың негізгі анықтамалары, аксиомалары мен мәселелерін түсіндіріңіз. Қатты денеге әсер етуші күштер сырғымалы векторлар екенін дәлелдеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |