«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


Қазіргі жастар ең кӛп не нәрсеге сабыр етуі керек?



жүктеу 1,1 Mb.
Pdf просмотр
бет40/127
Дата01.11.2023
өлшемі1,1 Mb.
#44106
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   127
Шынайы адам

Қазіргі жастар ең кӛп не нәрсеге сабыр етуі керек? 
Исламға қызмет ету құрметін мойнына жүктеген мүмін мұсылмандықпен ӛмір 
сүріп, Ислам үшін айналасына жақсы үлгі кӛрсетсе бақыт ғасырындағы 
(пайғамбарымыздың ғасыры) адам сипатына ие деген сӛз. Бір хадистің мағынасынан 
түсінгеніміз бойынша мұндай мүміннің жасаған кез-келген ісі Аллаһтың назарында он 
амалға тең. Сахабаларымыз он амалдың онын да жасаса, қазіргі кездегі жастар 
құмарлық сезімдерін, малға тән құмарлықтарын қамшылайтын кӛптеген факторлардың 
алдында белі майыспастан мұсылмандықтың оннан бірін жасаса Аллаһтың оны онның 
онын да жасаған секілді қабылдайтынына үміт артамыз.
Қазіргі мұсылман жастардың кӛптеген міндеттері бар. Сабырдың үш түрінің бірі 
адамның қарсылықтарға, күнәларға қарсы сабыр етуі екенін ұмытпау керек. Қазіргі 
мүміндерді кӛбірек қызықтыратын сабыр болса үстімізге селдей тӛгілген күнәларға 
қарсы сабырлылық танытып, мұсылмандықта тұрақты болу деген сӛз.
Қазіргі жастарды зинақорлыққа арандататын, ұрлыққа тартатын, тіпті 
жалқаулыққа салынып әрекетсіз болуына шақыратын кӛптеген факторлар бар. Осыған 
қарамастан жастарымыз сабыр етіп, мұсылмандықты қажетінше орындаса міне осы 
сабырдың үлесіне түскен сауапты ең жоғары дәрежеде алады.
Бұл ғасырдың жастары Исламның қағидаларын орындауға күш салуы керек, 
күнәлардан және сондай орталардан шамасының жеткенінше алыс тұруға тырысуы 
қажет. Мұндай жастар соңында иншаллаһ сахабалардың жанынан орын алады.
Сезімсіз және сезімтал рухтар 
Қорқыныш, қалау, құрмет және сүйіспеншілік сияқты жағымды сезімдер 
шынайы мүміннің рухын баурап алған кездегі мүміннің кӛзінен тӛгілетін тамшылар 
жас деп аталады. Жүзін осы жаспен жуған адам нәзік рухты адам деген сӛз. Іші 
сыздамай, кірпігі суланбағандар болса олар жаман тағдырлы адамдар.
Қазіргі кезде мүмін ретінде жарым жартылай атқарып жатқан дініміз бен 
шынайы жағдайымыз арасында үлкен үйлеспеушіліктер бар, жалпы жағдайымыз адам 
жыларлықтай 
жағдайда. 
Материалдық-рухани 
ӛмірде 
қатаң 
сынақтарға 
ұшырағанымызға қарамастан бірқатар адамдар әлі де күле алуда және мағынасыз түрде 
кӛңіл кӛтере алуда. Бір жағынан бірқатары осылай ӛмір сүріп жатса, бірқатары ах ұрып 
кӛз жасын тӛгуде. Егер міндетім болып, қолымнан келгенде қатқан жүректерді жібіту 
жолында еш тоқтамастан жиырма тӛрт сағат, тіпті ХазіретЯкуб секілді кӛр болғанша 
жылап, осы бейқамдарды жұмсартуға тырысар едім.
Негізінде жамандық жасау үшін құлыптанған ол қатты жүректерді кӛз жасы 
емес, жұмақтың кәусары да жібіте алмайды. Ӛйткені, мұндай адамдар рақымдылық пен 
шапағаттан ӛте алыста тұрған несібесіздер, олар қайғының дариясына түссе де бір 
72
М.Фетхулла
һ
Г
ү
лен, 
Ӛ
лч
ү
вея йолдаки ышыклар, 223-226-б. 


36 
тамшы да су тимей құп-құрғақ болып шығады. Иә, бір тарапта ауадан суланғандар, ал 
екінші жақта дарияның ішінде де суланбайтын қап-қатты және ӛте дарақы рухтар бар... 
Қазір жылайтындай қаншама нәрсе бар. Кейде неге жылайтынымды, неге 
ренжитінімді біле алмаймын. Жұмыртқаның сынатынына ма, әлде балапанның 
желінетініне ме, күздің келетініне ме, қырманның суырылатынына ма, кӛктемнің ӛтіп 
кететініне ме, егін маусымының босқа ӛтетініне ме?
Ей, бүкіл тарих бойы жылауды ұмытқандар! Келіңдер, мына шешілместей 
болып кӛрінген істердің басында тұрып бір рет тағы да ғасырлық бейқамдығымызды, 
уайымсыздығымызды тоқтату үшін күшіміз бен қалауымызды қамшылау үшін отырып 
бірге жылайық! 
Жылайтын осыншама нәрсесі бар қайғы мен азапқа толы осы қасиетті жолда 
мүміннің ең үлкен азығы сабыр болуы керек. Аллаһ расулы діні үшін шеккен 
қиындықтарына байланысты Ясир әулетіне былай деген: «Сабыр етіңдер, ей Ясир 
әулеті! Сендерге уәде етілген жер - жұмақ». Демек, барлық нәрсе сабыр тікенін 
жұтудан ӛтеді. Ӛңешіңізге тіреле, асқазаныңызда ӛзін сездіре, ішектерде шаншыла, 
ауырып түйілдіре ӛтеді. Тағы да біраз сабыр. Бұл жолдың соңы сабыр. Күн туады, арғы 
жақты раушан гүлдерге сауысқандарды салғандар, гүл алқабын тікендерге тастағандар 
ол күні сандарын соғып, істегендеріне ӛкініп, жылайды, бірақ ол күні дәптерлер 
жабылып, іс біткен болады...
73

жүктеу 1,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   127




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау