115
Ғибадаттардың құндылығы оның адамға келтіретін қиындығымен ӛлшенеді.
Қиын және ауыр кезеңдерде жасалған ғибадаттардың сауабы кӛп болатыны күмәнсіз.
Қайырлы бір істе қаншалықты кӛп қиындық болса ол нәрседе ӛте үлкен
сауап бар
екенін ұмытпау керек.
Қаншалықты қиын істермен айналыссақ, қаншалықты биік шыңдарға тырмансақ
алатын сыйымыз да соншалықты үлкен болады. Сол себептен жақсы сезімдерде болу
және ғибадаттарды толық сезіну жолында ӛз еркімізбен қиындықтарға шыдап,
толық
түрде алынған дәретпен оқитын намазымыздың сыйы да сол кӛлемде үлкен болады.
Расулуллаһ
(саллаллаһу
алейхи
уәссәлләм)
сахабаларға
«Аллаһтың
қателіктеріңді ӛшіріп тазалауға және сендерді сатылап кӛтеруге себепші еткен
нәрселерін айтайын ба?» деп, мыналарды тізіп айтқан: (Шарттар ӛте қиын кезде және)
дәрет алу қиындаған жағдайларда қиыншылығына қарамастан кемшіліксіз дәрет алу,
мешіт пен үй арасында кӛп жүру және бір намаздан кейін келесі намазды күту.
Пайғамбарымыз осыларға мынаны қосып айтқан: «Міне,
шекара бойында
кезекші болу дәрежесінде ӛзін Хақпен байланыстыру деген осы»
261
.
Аллаһ расулы (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) бұл хадисте дәрет алуды «исбағ»
сӛзімен берген, бұл сӛз дәреттің шарттарын кемшіліксіз және толық орындау, ауыз бен
мұрынға тола су алу, қол мен аяқты жақсылап жуу деген сӛз. Хадисте қолданылатын
тағы бір сӛз «алел мекарих» деген сӛз, бұл
барлық қиындықтарға қарамастан, ыстық-
суық деместен суға барып, толық дәрет алу мағынасын қамтиды.
Пайғамбарымыздың ӛміріне қарайтын болсақ оның соғыс шарттарында да
намазды тастамағанын, тіпті намазды жамағатпен оқығанын кӛреміз. Бәдір соғысының
ең қатты қызған кезінің ӛзінде де сахабалар жамағатпен намаз оқыған. Мүшрік әскері
мұсылмандардан үш еседен де кӛп болатын. Қызу шайқас кезі болатын. Алайда, Аллаһ
расулы мен сахабалары жанын құтқарудан гӛрі Аллаһтың құзырында қатарласа тұрып,
жамағатпен намаз оқуды таңдаған еді.
Жартысы намаз оқып жатқанда қалғандары соғысқан, намаз оқығандар соғысып
жатқанда басқалары намаздарын жамағатпен оқыған.
Бұл жағдай Құранда Ниса
сүресінің 102-аятында айтылады
262
.
Нәпсіміз бен шайтан бізді намаздан алыстату үшін әртүрлі сылтаулар ойлап
шығарады: «Жұмысым кӛп, уақытым жоқ. Жұмыста рұқсат бермейді» деген сияқты.
Ал, намаз ең маңызды іс емес пе? Түскі үзілістер, қажеттілік кездерінде, демалу
уақыттарында 5-10 минут бӛліп, намаз оқи алмаймыз ба? Оның үстіне намаз
істеріміздің алға басуына себеп болады.
Кейбір адамдар жұмыс орындарында намаз
оқи алмайтындарын сылтау етіп,
намазды мүлдем оқымайды. Алайда, жұмыста оқитын намаз уақыты біреу немесе екеу
ғана. Әсіресе, жаз маусымында намаз уақыттарының арасы ашық болғандықтан қатты
қиындық жоқ. Алайда, қыста намаздыгер және намазшам уақытында қиындық болуы
мүмкін. Жақсылап бір жүйеге келтіріп алып демалуға берілген уақыттарда намаздарды
оқуға болады.
Кейде қажеттілікті ӛтеу (дәрет сындыру) кезеңі ӛте қысқа болады. Дәрет пен
намазға жетпейді. Алайда, кӛңілінде намазға деген құштарлық бар адам бір қажеттілік
кезінде дәрет алып, келесісінде намазын оқиды. Сонда да уақыт пен орын мәселесі бар
болса тек парызын оқумен шектелесіз.
Кейбір жұмыс орындарында намаз оқитын жер жоқ.
Сондықтан да ең болмаса
парызын бос бір жерде, қоймада, жұмыс орнының кез-келген бір жерінде оқуға тырысу
керек.
261
М
ү
слим, Тахарет, 41
262
Та
қ
ырып
қ
а
қ
атысты т
ү
бегейлі м
ә
лімет
ү
шін
қ
ара
ң
ыз: М.Фетхулла
һ
Г
ү
лен Хожаефендиді
ң
15.12.2008
ж.
www.herkul.org
сайтында жариялан
ғ
ан «Динин
ӛ
з
ү
ндеки колайлык ве зор шартларда намаз» атты
с
ұ
хбаты
116
Біз намаз оқу үшін бар күшіміз салайық, Аллаһ орынды да, уақытты да ӛзі
реттейді.
«Бірнеше намаз қаза болса қайтер дейсің?» деуші болмаңдар. Бір намаз дүниенің
құнына тең. Намаз үшін әртүрлі шешімдерді ойластырған әр сәтіңіз ғибадат үкіміне ие
болады.
Иә, намаз сондай бір ғибадат, ешқандай шартта да тасталмауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: