109
Тілін тістеген адам сӛздерінің тұтқыны болудан құтылады.
Сыр сақтау және басқалардың сырын құрметтеу
- толығымен ерік пен
пайымға қатысты адамдық қасиет. Еріксіз адамдардың сыр сақтаулары
мүмкін емес, сол сияқты істеген істерінің және айтқан сӛздерінің соңын
пайымдай алмайтындай адамдардың аузына ие болулары да мүмкін емес.
Бір адамның аманат еткен сырын бірнеше рет ашып қойған адамға тағы
да сыр айтуы оның пайымсыздығын және сырлас таңдаудағы әлсіздігін
кӛрсетеді. Сенім мәселесінде кӛңілі орныққан және кӛзі
ашық адам
ӛмірінде осыншама рет алданбауы керек.
Адам бір нәрсені түсіндіруі керек жерлерде тек ӛзінің міндетіндегі
нәрсені айтуы керек, бостан-бос ойындағы нәрселерін жайып салып,
сырларын ашудан сақтануы керек.
Әр жерде барлық сырын жайып
жүретіндердің бір күні ӛзін де, сол қоғамды да бір ӛлімге апарып
соғатыны естен шығарылмауы керек.
Адам ӛзіне тән құпия нәрселерді әр жерде жайып салудан сақтануы керек.
Оның үстіне бұлар жаман, пайдасыз нәрселер болса. Ӛйткені, бұл жағдай
кӛбіне достарды ұялтып, дұшпандарды қуантатындай ыңғайсыз
жағдайлардың туындауына себеп болуы мүмкін.
Адамның жүрегі сыр үшін бір сандық болып жаратылған. Ақыл –оның
құлпы, ал ерік болса - кілті. Бұл құлып
пен кілтте ақау болмаса
сандықтың ішіндегі гауһарларды ешкім біле алмайды.
Басқаның сырын саған тасыған адам сенің сырыңды да басқаға тасиды.
Сол себептен ондай адамдардың мәнсіз бір ерекшелігіміздің ӛзін білуіне
жол бермеуіміз керек.
Ақымақтың жүрегі тілінің ұшында, ақылдының тілі жүрегінің терең
бұрышында.
Ақымақпен сырлас болудан сақтану керек. Ол жақсылық жасаймын деп
жамандық жасауы мүмкін.
Жеке
адамға қатысты сыр бар, отбасыға қатысты сыр бар, бүкіл қоғам
мен ұлтқа қатысты сыр бар... жеке адамның сырының ашылуымен
адамның беделі, отбасылық сырдың
ашылуымен отбасының беделі,
қоғамға тән сырдың ашылуымен ұлттық беделге зарар келуі мүмкін.
Ӛйткені, сыр жүректерде қалған кезде иесі үшін бір күш болса,
басқалардың қолына ӛткен кезде оған қарсы қолдануға болатын қаруға
айналады. Сол үшін де ата-бабаларымыз: «Сырың сенің тұтқының, ашып
қойсаң сен оның тұтқыны боласың» деген.
Бір қағида ретінде сырды сақтауды қажет ететін қаншама құнды істер
бар, оны білетіндердің сыр сақтай алмауынан ол іс алға жылжымай, тіпті
кейде қауіптерге де себеп болған. Бұл іс ұлттың ӛмірі мен болашағына
қатысты мәселе болса тіпті де.
Бір мемлекет мемлекеттік сырын
дұшпандарына алдырып қойса, бір
әскер ӛзінің қозғалыс стратегиясын жауына білдіріп қойса, бір іскер адам
бәсекелестері тарапынан сыры ашылып қойса, ол мемлекеттің кӛтерілуі,
ол әскердің жеңіске жетуі және ол іс адамының табысқа жетуі мүмкін
емес
239
.
Достарыңызбен бөлісу: