I теоретические основы логопедии



жүктеу 5,47 Mb.
Pdf просмотр
бет188/230
Дата01.11.2023
өлшемі5,47 Mb.
#44090
түріОқулық
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   230
Логопедия

 
 
 
Зияты зақымдалған балалармен логопедиялық жұмысты ұйымдастыру

 
Зияты бұзылған оқушылар сөйлеу тілі даму кемістіктерінің және 
механизмінің күрделілігінің болғандығынан тұрақты логопедиялық көмекті 
қажет етеді. Оқу жылының басында мектеп логопеді оқушылардың сөйлеу 
тілін тексеруді ұйымдастырады. Жаңадан келген барлық бала нақтылы 
тексеруден келіп түскен (сыныбына байланысты емес) өтеді. Бұрын 
логопедтің сабақтарына қатысып жүрген, бірақ оқытуды қажет ететін 
балаларда тексеріледі. Бұндай балаларды тексерудің мақсаты – оқу 
жылының басындағы сөйлеу тілі жағдайын айқындау. 
Тексеру төмендегідей қағидаларды ескеріп жүргізілуі керек: 
кешенділік, 
жан-жақтылық, жүйелілік, динамикалық.
Жеке тексеруде алынған мағлұматтар сөйлеу картасына енгізіледі. 
Логопедиялық сабақтарға жазылған әр баланың сөйлеу картасына онымен 
жүргізілетін сабақтардың жоспары тіркеледі. Ол жоспар сөйлеу тілі 
қорытындысы негізінде құрылады.


383 
Тексеру қорытындылары бойынша логопедиялық сабақтар өткізілуі керек.
Логопедиялық сабақтарға балаларды тіркеу критерийі болып сөйлеу тілі 
бұзылысының сипаты, оның оқудағы үлгеріміне әсері табылады. Топтар 
сөйлеу тілі бұзылысының біркелкілік сипаты бойынша топтастырылады. 
Логопедтің 
әрекетінің келесі кезеңі – логопедиялық сабақтарды 
ұйымдастыру және өткізу. Сөйлеу тілі бұзылыстарын түзету бойынша жұмыс 
мектеп бағдарламасы материалында, ақаулықтың құрылымын жас 
ерекшеліктерін ескеріп жүргізіледі. Логопедиялық сабақтардың түрлері: 
жеке және топтық сабақтар.
Оқушылардың әр тобына арнап логопед жұмыс кезектілігін, 
ұзақтылығын 
көрсететін 
перспективалық 
жоспар 
құрастырады. 
Логопедиялық 
сабақтар 
қажетті 
оқу-әдістемелік 
материалымен 
жабдықталған логопед кабинетінде жүргізіледі.
 
Сөз қорын дамыту бойынша жүргізілетін логопедиялық жұмыс. 
Түзете ықпал ету процесінде сөз қорын молайтуға, сөздердің мәнін 
анықтауға, сөздердің семантикасын дамытуға, лексикалық жүйелілік пен 
семантика жағын қалыптастыруға арналағн жұмыс жүргізіледі

Аса назарды предикативті сөздік, етістіктер мен сын есімдерге аудару қажет. 
Көмекші мектептін бастауыш сыныптарында жұмыс сөз қорын молайтудан 
басталады. Онда жиі қолданатын етістіктерді көбейту мақсатында ойындар 
ұйымдастырылады: «Кім (не) қалай қозғалады?», «Кім (не) қалай 
дауыстайды?», «Кім (не) қалай тамақтанады?», «Кім (не қандай дыбыстар 
шығарады)?», «Кім (не) не істейді?» т.б. 
Сын есімдерді сөз қорына енгізу үшін негізгі түстер, пішіндер, көлем 
атауларын білдіретін сөздер алынады. Кейіннен биіктік, жуандылық, 
ұзындық, дәм қаситеттері, жазықтық белгілері, салмақты білдіретін сөздер 
алынады. 
Келесі кезекте балалардың сөз қоры семантикасы бойынша күрделі, 
мысалы, адамның ішкі қасиеттерін білдіретін сын есім сөздермен 
молайтылады. 
Предикативті сөз қорымен қатар номинативті сөз қорын молайтып дамыту 
жұмысы жүргізіледі. Әсіресе, сөздікті жалпылама сипаттағы (жиһаз, 
киімдер, т.б.) сөздермен молайту маңызды болып табылады, себебі бұл 
жұмыс 
жалпылау 
операцияларының, 
балалардың 
аналитикалық-
синтетикалық әрекеттерінің дамуына ықпал етеді. 
Сөз қоры есімдік, сан есім, үстеулермен және басқа сөз таптарымен 
молайтылады. Зияты бұзылған балалардың сөз қорын молайту жұмысында 
синоним сөздерді анықтау қолданылады. Ол үшін балалардың қоршаған орта, 
ондағы заттар мен құбылыстар туралы түсініктерін кеңейтіп, заттарды 
топтастырудағы лексикалық жүйелілікті қалыптастыру қажет.
Сөз қорын белсенділеуге сөздерге дыбыстық талдау жасау, есту және 
кинестетикалық бейнелерді бекіту жұмыстары ықпал етеді. 


384 
Сөйлеу тілінің грамматикалық жағын және байланыстырып сөйлеуін 
дамытуға арналған логопедиялық жұмыс
Көмекші мектепте сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын 
қалыптастыру жұмысында онтогенетикалық қағида үлкен рөл атқарады. 
Логопедиялық жұмыстың кезектілігі қалыпты онтогенездегідей жүргізіледі. 
Септік формалар бойынша логопедиялық жұмыстың кезектілігі мынандай: 
-
атау септіктің жекеше және көпше түрін ажырату; 
-
басқа септіктердің жекеше формалары; 
-
септіктердің көпше түрлері. 
Сөзөзгерту функциясын ең алдымен осы шақта (жекеше және көпше 
түрлері), кейін өткен шақта, ең соңында келер шақта дамыту. Зияты бұзылған 
балаларда сөзжасам формасын қалыптастыру жұмысы ең күрделі болып 
табылады. Жұрнақтарды қосып сөзжасауға үйрету қажет. 
Сөйлемнің құрылымын қалыптастыруда ерекше назар ішкі ойының терең-
семантикалық (предикативті) қатынастарына аударылады. 
Сөйлем бойынша жұмыстың кезектілігі мынандай болуы мүмкін: жай 
сөйлемдер, жайылма сөйлемдер, күрделі сөйлемдер. 
Байланыстырып сөйлеуін дамыту бойынша жұмыс диалогтық және 
ситуативті (жағдайға сай) сөйлеу тілі материалында, кейіннен контекстті, 
монологтық материалда жүргізіледі. Жұмыстың қысқа мәтінді суретке 
сүйеніп айту, үлкен мәтінді көрнекілікке сүйеніп әңгімелеп айту, ілеспелі 
суреттер бойынша қысқа әңгіме айту, ілеспелі суреттер бойынша үлкен 
әңгіме айту, сюжетті сурет бойынша әңгімелеу, берілген тақырыпқа сай өз 
бетімен әңгіме құрастыру сияқты кезектілігі тиімді. 
Байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру, талдау, жинақтау, 
салыстыру, жалпылау, әсіресе ішкі бағдарламалау операцияларын талдаумен
тығыз байланысты болу керек.
Көмекші мектепте жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуын түзету бойынша 
логопедиялық жұмыстың ерекшеліктері 
Ақыл-ойы кем оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін түзетуде олардың 
жоғарғы жүйке жүйесінің, психопатологиялық ерекшеліктерін ескерген жөн. 
Осыған байланысты көмекші мектепте жазу мен оқу бұзылыстарын түзету 
жұмысы таным әрекетінің дамуымен, талдау мен жинақтаумен,
салыстырумен, жалпылаумен тығыз байланыста болуы керек. Сондай-ақ 
фонетикалық жуан дыбыстарды салыстыру, сөйлемнің құрылымын, сөздің 
дыбыстық-буындық құрамын талдау, көру-кеңістіктік талдау мен 
жинақтауды дамыту кеңістікті бағдарлауын дамыту жұмыстары оқу мен 
жазуын қалыптастыруда, түзетуде кеңінен қолданылады. 
Жазбаша сөйлеу тілін түзетуде көмекші мектепте түрлі психикалық 
функцияларды дамыту қажеттілігі туындайды. Жазу мен оқу бұзылыстарын 
жою, ауызша сөйлеу тілінің бұзылыстарын түзетумен (дыбыс айту 
бұзылыстары, сөйлеу тілінің фонематикалық жағының жетілмеуі, 
лексикалық-грамматикалық жағының қалыптаспауы) тығыз байланыста 
жүргізіледі. 


385 
Логопедтің оқудан тыс жұмысы сөйлеу тілін дамыту шаралары, 
мектептегі біркелкі сөйлеу тәртібінің қамтамасыз етілуін қадағалауды 
көздейді. Логопедтің әрекеті мұғалім, тәрбиеші, мектеп дәрігері, сөйлеу тілі 
бұзылыстары бар оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыста болуы
қажет. 
Логопед сыныптан тыс жұмыстарға, сабақтарға қатысуы қажет: біріншіден 
оқушыларды бақылайды, екіншіден мұғалім, тәрбиешілердің логопед 
тапсырмаларын «балаға көмек беру жөніндегі» нұсқауларын орындауды 
қадағалайды.
Логопед әрекетінің бағыттарының бірі – мектеп қызметкерлеріне, сөйлеу 
тілі бұзылыстары бар балалардың ата-аналарына оқудан тыс уақытта, 
сабақтарда, үй жағдайында қолдануға болатын тәсілдерге үйрету (дыбыстық 
талдау дағдыларын қалыптастыру, жазудағы бұзылыстардын алдын алу, 
қолдың ұсақ моторикасын, артикуляциялық апаратты дамыту). 
Логопед мұғалімдерге, тәрбиеші, ата-аналарға арнап сұқбаттасу, семинар, 
кеңестер ұйымдастырып, ғылыми әдістемелік әдебиет жаңалықтарымен 
таныстырады. Сонымен, логопедтің мұғалім, тәрбиеші, ата-аналарымен 
жұмысы, негізінен кеңес беру сипатта болып, логопедиялық білімді 
насихаттау мақсатын көздейді. Логопедтің мектеп дәрігерімен қатынасы 
оқушылардың сөйлеу тілі бұзылыстарының күрделену себептерін анықтауға 
мүмкіндік береді. 
Логопедтің құжаттары
: жылдық жоспар, мектеп бойынша сөйлеу тілі 
бұзылыстары бар балаларды тіркеу журналы, оқушылардың логопедиялық 
сабақтарға қатысу журналы, сөйлеу карталары, жұмыстың перспективті 
(алдын ала) және сабақ жоспарлары, жұмыстың жылдық есебі. 

жүктеу 5,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   230




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау