Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



жүктеу 3,59 Mb.
Pdf просмотр
бет94/444
Дата04.10.2023
өлшемі3,59 Mb.
#43645
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   444
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
жинап бастыру, зерттеу мәселесін сөз 
ету арқылы әдебиет тарихын жа зу 
проблемасын көтереді. Оның үл кен 
де сүбелі саласы 1924 жылы С. Төң-
керісұлының (С. Мұқановтың) «Қа-
зақ әдебиетінің қысқаша тарихы» 
деген атпен Сәкеннің Орынбордағы 
қазақ жастарының клубында оқыған 
лекциясының негізгі жүйесін баян-
дап беруден айқын көрінеді. М. Әуе-
зовтің «Қазақ әдебиетінің қазіргі дә-
уірі», А. Сегізбаевтың «Халық һәм 
әдебиет» атты мақалалары осының 
айғағы іспеттес.
Осы еңбектерде ауыз әдебиеті 
үлгілерінің иесі еңбекші халық еке-
нін дәлелдеу үшін фольклордың 
даму жолдарын халқымыздың та-
рихымен байланыстыра қарайды. 
Сонымен қатар ауыз әдебиеті мен 
жазба әдебиеттің өзіндік сипатта-
рын анықтауға талпынып, халық 
шы ғармасынан үлгі алу, үйрену, 
прак тикалық, көркемдік қажеттікке 
жаратуға ғылыми тұрғыдан на-
зар аударылған. Бұл мақалалар қа-
зақ әдебиеттану ғылымының туу 
дәуірінде фольклористика саласы-
на түскен жаңа дәуіріндегі үлкен 
жолдың бастамасы сияқты. Кейбір 
мақалада ғылыми жағынан негізсіз 
пікірлер кездескенімен, сол кезде 
етек алып тұрған «бірыңғай ағым те-
ориясына» да, нигилистік көзқарас қа 
да қосылмай, таза ғылыми тұрғыда 
пікір айтуға ұмтылыс та бар.
Әдеби-мәдени мұраны жинау, жа-
риялау үлкен білімділікті, ғылыми 
дәлдікті, қажымас еңбекшілікті та-
лап ететінін ескерсек, халық әде-
бие ті үлгілерінің бай қорын жасау 
(пуб ликаторская работа) жұмы сы ғы-
лы ми-эстетикалық қажеттілікке ай -
налды. Осының нәтижесінде әдеби 
мұ ра туралы ғылыми-зерттеушілік 
көзқараспен пікір айту мәнді арнаға 
бағыт алды. Әдеби-тарихи сипатта-
ғы ой-пікір ұштала түсіп, ұлттық 
әдебиеттің тарихын зерттеу пробле-
масы дәуір талабы алға тартқан көр-
кемдік міндеттермен іштей бірлік 
табуға ұмтылды. Жаңа мән, өзгеше 
сипат алып дами бастады.
1920 жылдардың аяғы 1930 жыл-
дардың басында халық әдебиетін жи-
нау, жариялау, зерттеу мақсатында-
ғы С. Сейфулиннің, С. Мұқановтың, 
А. Байтасовтың, Ә. Тәжібаевтың, Ж. Ті-
лепбергеновтің, т.б. мақалалары жа-
рық көрді. Осы кезеңдегі жинау-
шылық сипаттың басым болуына 
байланысты бұл мақалалар халықтың 
ескі әдебиет мұраларын халықтың 
игілігіне жарату, рухани байлығына 
айналдыру міндеттерін көтере оты-
рып, ол үшін көп болып кірісуге 
шақырды.
Дәуір талабына сай үн қосып, 
әдеби мұраны шығаруға атсалыс-
қан, бірталай үлгілерді жариялаған, 
мақалалар жазған А. Байтұрсынов, 
М. Жұмабаев, Ж. Аймауытовтардың 
көзқарастары идеологиялық күрес 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


111

жүктеу 3,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   444




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау