V БӨЛІМ.
Әдеби сын тарихы және ғылыми мектептер
жай-күйін сараптауға арналған зерт-
теуші Т. Кәкішевтің «Оңаша отау»
еңбегі 1982 жылы жарық көрді. Бұл
еңбек нақты шындықтарды саралап
көрсеткендіктен, заман талабына сай
келмей, ұзақ жылдар бойы баспа-
дан шықпады. Автор «идеологиялық
талаптарға» сай кел мейтін мәселе-
лермен санасуға мәж бүр болды, со-
ның салдарынан кейбір пікір лерін
таптық сипатқа бұрмалады. Бұл ең-
бек саясат салқынына ұрынып, бірақ
кемшіліктерге бой алдырғанмен де,
1980 жылдардағы қазақ әдебиеттану
ғылымы үшін 1920-1930 жылдардағы
әдеби-саяси өмірдің көп шындығын
ашып берді. Ал автор бұл мәселеге
1994 жылы жарық көрген «Қазақ
әдебиет сынының тарихында» қайта
оралып, мүлде жаңаша көзқараспен
жазды. Онда алғашқы кітапта айтуға
мүмкіндік болмаған қазақ халқының
ұлттық мүддесі үшін алысып өткен
алашшылдар жайлы шындықтар
ашы лып, олардың қазақ әдеби сыны-
ның тарихындағы сыншылдық ой-
пікірлердің маңызды орны, лайықты
бағасын алды.
Аумалы-төкпелі заманда тұсаулы
ғұмыр кешкен әдебиет сыншы ла-
рының қызметіндегі артық-кем түсіп
жатқан тұстарында жасырмай жа йып
салды. Әсіресе, ақиық ақын Мағ-
жанның төңірегінде болған әдеби
айтыс туралы жолдар көп шындыққа
көз жеткізді. «Кер заманның кереғар
ойлары» кітабының «Дарындар – сын
додасында» атты тарауында қазақ по-
эзия әлемінің қос жұлдызы Мағжан
мен Сәкен тағдырларын желіге ала
отырып, оларға тағылған сындардың
сырын ашады.
Өзінің бір кездегі Мағжан тура-
лы біржақты пікірлерін «Мағжан-
шылдар мен жанжалшылдардың»
құр бандығына қалмау үшін «Пен-
делік пиғылдық әсерін жоққа шы-
ғармаймыз, бірақ оның шешуші си-
паты қоғамдық-әлеуметтік көркем-
дік себептерге байланысты екенін
ұмытпаған абзал» деп ескертеді.
«Мағжан – бірден жарқырап шық-
қан жұлдыз. Оның 1912 жылы
алғашқы жинағының «Шолпан»
аталуының символикалық мәні бар.
Мағжан Шолпан болуға ұмтылды,
ниет қылды және болды да, Елі,
халқы үміт артты». Мағжан жай-
лы «ақтаңдақтарды» көрген ғалым
ақынның өмірі мен творчествосы-
нан емес, Мағжан туралы шындықты
айтқан Ж.Аймауытов мақаласы мен
өзге солақай сындардың өресін са-
лыстыра отырып ашып береді. Мұн-
дай мазмұндағы ізденістің жемісі
мен жеңісі, әсіресе, қайта құру,
жариялылық кезеңдерінде кеңінен
өріс алды. Әдебиетші ғалымның бұ-
рын бұғауда жатқан жарқын ойла-
ры жарыққа шықты. Осы кезеңдегі
қазақ зиялыларына арналған ойлы
да, мазмұнды мақалалары мен зерт-
теу еңбектері шындыққа сусап отыр-
ған оқырмандар жүрегінің жылуы-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
433
Достарыңызбен бөлісу: |