Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



жүктеу 3,59 Mb.
Pdf просмотр
бет294/444
Дата04.10.2023
өлшемі3,59 Mb.
#43645
түріОқулық
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   444
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
табу бағытындағы нигилизмге ұшы-
рады. «Тұрпайы социологизм» тео-
риясындағы көзқарастан мектеп-
терге арналған оқу құралдары мен 
бағдарламалар да сау қалған жоқ. 
«Ұлтшылдық 
бұрмалаушылықта» 
деп табылған оқу құралдары пай-
даланудан алынып тасталды. Қазақ 
әдебиетінен мектеп пен жоғары оқу 
орындарындағы оқу бағдарлама лары 
қаулы-қарарлар талап еткен маркс тік-
лениндік әдіснамаға сай қайта жа-
зылды. Олардың ал ғашқы жобалары 
Қ. Тұрғанбаев пен М. Сармурзинаның 
«Қазақ 
әде биетінің 
программа-
сындағы өрескел қателіктер тура-
лы» деген мақаласында сыналып 
та үлгерді. Ұзақ талқылаудан және 
идеология саласындағы «қырағы 
көздердің» сынынан өткен 5-7 
кластардағы әдебиеттік оқу үшін, 
VІІІ-ІХ кластарға әдебиеттің тари-
хи курсын жүргізу үшін орта мек-
теп бағдарламалары жарық көрді 
(1951). Олардың негізінде «Қазақ 
әдебиетінің тарихы» деген атпен 
фольклорға арналған І томының 
проспектісі, «Қазақ ССР-нің ерте за-
маннан Ұлы Октябрь социалистік 
революциясына дейінгі тарихының» 
проспектілері басылып шықты. Бұ-
лар ғылыми-зерттеушілік ой-пікір 
алдына маркстік-лениндік әдіс-
нама қағидаларының талаптары-
нан шығармайтын жолбасшылық 
мақ сат-міндеттерді белгілеп берді. 
Орта мектептің VІІІ, ІХ кластары-
на арналған «Қазақ әдебиеті» оқу 
құралдары түзетіліп төртінші рет 
басылды (Редакциясын басқарған 
М. Ғабдуллин). ІХ класс үшін 
Ә. Шәріповтің әдебиет хрестома-
тиясы шықты. Қатты өзгерістерге 
ұшырағандықтан, 
қарастырылған 
фольклорлық үлгілер мен ақын-
жазушылар шығармалары қоғам 
заң дылықтарымен, тап күресімен 
ты ғыз байланыстылықта алынғаны 
айтпаса да түсінікті. Ғалым Қ. Жұ-
малиев айтқандай, «1950-1951 жыл-
дардан бас тап әдебиет оқу құрал-
дарында, жеке мақалаларда өткен 
ғасырлардағы әдебиет тарихын жоқ-
қа шығаратын теріс көзқарастар пай-
да болды» [1, 93].
Біздің жоғарыда Абай мұрасын 
зерттеудегі қателіктерді әшкерелеуден 
бері қарай ұзақ-сонар сөз етіп келген 
«тұрпайы социологизм» теориясы-
ның бұрмалаушылықтарының бар-
лығы бір ғана 1951 жылы жүзеге 
асқанын ескеретін болсақ, ұлттық 
ғылыми-зерттеушілік 
ой-пікірдің 
бас сауғалауға көшкенін, үн-түнсіз 
қа луға мәжбүр болғанын түсінуге 
болады. Осы жылдың соңына қарай 
«ұлтшыл-буржуазияшылдарды» 
әшкерелеу науқаны қазақ әдебиет та-
ну ғылымының даму жолында еңбек 
еткен Е. Ысмайылов, Т. Нұртазин, 
Қ. Мұқаметханов, Қ. Жұмалиевтер-
дің ұсталып, социалистік қоғамға жат 
элементтер ретінде әдеби ортадан 
аластатылып, 25 жылға сотталуы-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


313

жүктеу 3,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   444




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау