ІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
отырып, авторлар оның ақындық
ерекшелігі, хан-сұлтандарға өткір
де батыл айтылған сындары, күрес
дәуірінің ащы шындығын бейнеле-
ген реалистік сипаты турасында тың
тұжырымдар білдіреді. Авторлар-
дың көркем шығармашылықты зерт-
теуде маркстік-лениндік әдіснаманы
негізгі басшылыққа алып отырғанын
мына пікір дәлелдей түседі. «Өзі
болған жорықты, өзі көрген тарихи
үлкен қимылды жыр қылушы қазақ
әдебиетінде екі-ақ ақын. Бірі – Ма-
хамбет, екіншісі – Нысанбай. Бірақ
бұл екеуінің жыр, толғауларында екі
алуан басшылық бар. Махамбет –
қозғалыстың басшысы, найза басы
батыры. Оның сөзі де сол көпті же-
тектеп, сүйреп майданға шақырып
отыратын сөз. Ал мынау (Нысанбай.
– Ж. С
.) жорықтың басшысы да, ба-
тыры да емес. Көбінесе Кенесары-
дай ханның көңілін ашар ермегі...
Нысанбай Кенесарының хандығын,
жеке өмірін жоқтаушы, құптаушы бо-
лады. Сондықтан оның тарихи жыры
да көбінесе сол қошемет жыры бола-
ды. Шығармаларының барлық қалпы
хан жорығын мадақтап, үстем тап
жыршысының үлгісін көрсетеді» [52,
28].
Махамбет шығармашылығының
негізгі ерекшеліктерін ашу мақ са-
тында Бұқар толғауларымен салыс-
тырып, тақырыптық айырмасына,
«майданға көпті еліктіре сөйлеген,
шабуыл, атой ұран» сипатындағы
мағынасына және өлең өрнегіне
ерекше көңіл аударады. Авторлар
«Ере уіл атқа ер салмай» өлеңін тал-
дау барысында ғылыми-зерттеушілік
ой-пікірді теориялық негізде өрбі-
тіп, ақын тұлғасын ашып көрсете тін
дәрежедегі монографиялық портрет
жасаған. «Бұрынғы өлең-жырда әр
жерден шаң беріп, басы қосылмай,
бытырап жүретін суреттер мынада
қатты жымдасып, екшеліп, бір бас,
бір тас боп алады. Ақынның көпке
тастап отырған ұранындағы тілек-
талап та сол. Жырдың ішкі-сыртқы
құрылысы табиғи тұтас біткен бі-
рыңғай бүтіндікті білдіреді» деген
секілді пікірлер оқулықтың ғылыми-
зерттеу еңбек ретіндегі маңызын
көтере түсетіні анық.
«Бұл оқулықтың практикалық ма-
ңызының мәні сол – бұрынғы екі ұш-
ты бағаланған немесе аталмай жүр-
ген ақындар жөнінде нақтылы, анық
сипаттама берілді. Мұнда Шортан-
бай, Мұрат, Абай, Ыбырай, Әбубә-
кір, Шәңгерей, Омар, Сұлтанмах мұт,
С. Дөнентаев сияқты ақындар дың
шығармашылығына арнайы тал-
дау жасалған» [47, 191]. Авторлар
бұл ақындардың алғашқы алтауын:
«Бек тік құлауға айналып, өндіріс
ка питалы дәуірлей бастаған кездің
әдебиеті» (1870-1905) деп аталған
дәуірге жатқызса, қалғандарын «ұлт-
шылдық әдебиеттің бас кезі» атты
кезеңге кіргізген. «Әдебиет тари-
хын дәл осылай дәуірге бөлудің,
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
197
Достарыңызбен бөлісу: |