ІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
шығармашылығына монография лық
сипаттағы әдеби-тарихи талдау жа-
сайды. Оқулықты «XІX ғасыр мен
XX ғасыр басындағы қазақ әдебие-
ті» деп атай отырса да, XVІІІ ғасырда
өмір сүрген Бұқар жырауды тұңғыш
рет әдебиетіміздің тарихына кіргі-
зіп, өмірі мен шығармаларынан мол
мәлімет береді. Бұқар толғаулары
көтерген қоғамдық, әлеуметтік тақы-
рыптарды саралай отыра, бірлікке,
бейбітшілікке, адамгершілік пен әді-
леттілікке шақырған жырларына
ерек ше тоқталады. Бұқар поэзиясы
мен өнерпаздық тұлғасын бағалауда
әде би-тарихи талдау бағытындағы
ғы лыми-зерттеушілік ой-пікір маркс-
тік-лениндік әдіснаманың әдебиеттің
таптығы принципіне сай көрінді. Ав-
торлар Бұқар толғауларын ел бірлігін
сақтау мен жоңғар шапқыншылы ғы-
на қарсы күресті жырлаудағы маңы-
зын ерекше атап көрсете отырса да,
ішкі қоғамдық мәселелерде үстем тап
жыршысы болғанын нақты үзінді-
лер мен дәлелдеу орын алғанымен,
ке йінгі зерттеулерде тереңдетіле, ке-
ңейтіле айтылған талдаулардың оқу-
лық көлеміне тән алғашқы нұсқасын
жасаған. Арғынның табан Шөңгел
биі, Абылай ханмен дәрежесі тең адам
болғанын айта келіп: «Ол хан атынан
билікті айта алады, халыққа сүйе ніп
ханға да қарсы тұра алады. Билеу-
ші таптың тілегін, талабын бүрке-
мей көрсетіп ұстаған ақын екенін
Бұқардың жалғыз тақырыбы мен сөз
мазмұны ғана емес, толғауларының
түрі, теңеулер, сырт қалыптары да
бай қатады», – деп бағалайды [52, 17].
Бұ қар жырау отызыншы жылдар дағы
қазақ әдебиеттану ғылымында ха лық
жыршысы деп асыра дәріптелмей, хан
жақтасы деп тым датталмай барын ша
әділ бағаланған ең бірінші ақын бол-
ды. Бұқар шығармасын кейінгі кезде
зерттеушілер осындағы ғылыми тұ-
жырымдарды әрқашан негізге алып
отырғанына көңіл аударсақ, оқу лық-
тың сол кезеңде ғылыми-зерттеу ең-
бек ретіндегі маңызының зор бол ға-
нын байқаймыз.
Оқулықта Махамбет пен Нысан-
бай ақындардың өмірбаяндық де-
ректері ХІХ ғасырдың бірінші жар-
тысындағы дәуір шындығына ты ғыз
байланыстылықта беріліп, салыс-
тыр малы түрде қарастырылған. Иса-
тай-Махамбет бастаған шаруалар
кө терілісі мен Кенесары-Наурыз бай
қозғалысының тарихи мәнін баға-
лауда, оны екеуінің хандық билік-
ке таласу жолындағы күресі деп
қате көрсете отырса да, Махамбет
шығармашылығының бүкіл көте-
рі лістің айнасы болғандығын, жа-
уынгерлік рухқа толы патриотизм
мен романтикалық сарынның өте
күшті екеніне жан-жақты тоқталған.
Х. Досмұхамедовтің «Исатай-Махам-
бет» еңбегіндегі Махамбет жыр ла-
рына айтылған пікірлеріне сол кез-
дегі саяси күрестің, «ұлтшылдыққа»
қарсы күрестің әсерімен қарсы келе
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
196
Достарыңызбен бөлісу: |