101
6-ТАРАУ
БАСҚАРУ АППАРАТТАРЫ
6.1.
Басқару батырмалары
Қарапайым басқару аппараты немесе команда аппараты басқару ба-
тырмасы болып табылады. Ол негізгі тізбекті коммутациялайтын түй-
істіргіштерді электромагнит тізбектерін тұйықтау жəне
ажырату жо-
лымен электр қозғалтқыштарын іске қосу, токтату жəне реверс сияқты
алуан түрлі схемаларда қолданады.
Батырманың негізгі бөлігі қимасы 6.1-суретте көрсетілген батырма-
лық элемент болып табылады. Жұмыс сенімділігін арттыру үшін түй-
іспелер күмістен жасалады. Айнымалы ток кезінде доға 500 В
дейін
кернеу мен 3 А ток кезінде екі ажыраудың болуының арқасында жақсы
сөнеді. Тұрақты ток кезінде доға нашар сөнеді: 440 В
кернеу кезінде
элемент 0,15 А дейін ғана токты сөндіреді. Батырма айнымалы токтың
электромагниттерін қосатындықтан, түйіспелер 60 А жететін түйістір-
гіш орамының іске қосу тоғын тұйық күйде сенімді өткізуі тиіс. Басқару
схемаларын тізбекті сөндіру батырмамен емес, онымен жүйелі қосулы
қуатты аппаратпен жасайтындай жобалаған жөн.
Егер сағатына қосылу жиілігі үлкен белгілі бір бағдарлама бойынша
басқарудың бірнеше тізбектерін ауыстырып-қосуды қажет болса, онда
команда контроллерлер қолданылады.
6.1
-сурет. Батырмалық элемент:
1
— батырма;
2
— серіппе;
3
— қозғалмайтын түйіспе;
4
— қозғалмалы
түйіспелер
102
Реттелмейтін жұдырықшалы команда контроллерлері кең таралды.
6.2-суретте тұрақты токтың команда контроллерінің
қимасы көрсетіл-
ген. Оның əрекет ету принципі жұдырықшалы күш контроллерінің əре-
кет ету принципіне ұқсас. Көпірлі түйіспені сөндіру 2 кезінде доғаның
сөнуін жеңілдететін екі ажырау құрылады. Түйіспелердің жұдырықша-
лы жетегі, түйіспеден тұтқыштың 4 айналу
орталығына дейін елеулі
қашықтығы, түйіспелердің үлкен ерітіндісі батырмалы элементпен са-
лыстырғанда сөндіру тоғын шамамен 4 есе ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Команда контроллері білігінің күйі тұтқышты бекіткіш жəне серіппелер
1 көмегімен бекітіледі. Түйіспелердің тұйықталу жəне ажырау сəттері
жұдырықша бейініне 5 тəуелді. Команда контроллердің білігін
айнал-
дыру кезінде өз кезегінде қозғалтқыштың күш тізбектеріндегі коммута-
цияны жүзеге асыратын сəйкес күш түйіспелерімен басқару өтеді.
Аппараттың іске қосу сəтін өте дəл
реттеу қажеттілігі болған
жағдайда команда контоллердің реттелмелі жұдырықшалы командасын
қолданады. Мұндай контроллер элементінің құрылысы мен əрекет ету
принципін қарастырамыз.
Болат білікте 1 (6.3-сурет) оқшаулау материалынан жасалған диск 3
бекітілген. Диск шеңбері бойынша жұдырықшалар 2 жəне 7 бекітілетін
саңылаулар орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: