ағымындағы сөздердің, сөз тіркестері мен сөйлемдердің жігін ажырату,
олардың мағыналарын түсінбесе, қиынға түседі.
Ал
сөйлем ішіндегі жеке сөздердің, жалпы сөйлемнің мағынасын
түсіну үшін ең алдымен сөйлеуші мен тыңдаушы тілді дұрыс меңгерген болу
керек. Бұның дәлелі ретінде бейтаныс тілдегі сөзді тыңдағандағы әсерді
келтіруге болады. Сөздердің мағынасын білмеген соң, ондағы сөйлемдер мен
сөздердің жігі айқын байқалмайды. Ал қандай да бір жіктің бар екенін
байқағанның өзінде де, ол жеке сөз бе, жоқ әлде ұйымдасқан бірнеше сөздің
тіркесі
ме
–
аңғару
мүмкін
емес.
Мысалы,
[йендіжаңабір/
апталықпаслымды/ шығарүуісімен/ айналысабастадым]
сөйлеміндегі сөз
тіркестерінің ара жігі көрсетілген. Егер тыңдаушы қазақ тілінен бейхабар
болса, бұл сөйлемдегі жіктелген сөз тіркестерінің бірнеше сөзден тұратынын
аңғармайды. Ал
тілді жетік білетін болса, олардың ара жігін, әрбір сөзді
айырып, басқа сөздермен байланыстыра сөйлем мағынасын дұрыс түсінеді.
Сонымен, сөздердің ағымдағы топтарын, олардың қалай құралғанын
айырудың ең басты шарты – тілді білу. Екінші шарт –
сөз ағымын дұрыс
мүшелеудің заңдылықтарын білу. Егер олай болмаса, сөздердің топтасуы,
соған қарай сөйлемнің мағынасы да өзгеріп кетуі мүмкін. Мысалы, Ол бала
мектеп оқушысы емес сөйлемі құрамындағы сөздерді әр түрлі топтарға бөліп
айтуға болады
. 1) Ол // бала// мектеп оқушысы емес. 2) Ол бала // мектеп
оқушысы емес.
Бірінші жағдайда
Ол
есімдігі
бастауыш қызметін, екінші
жағдайда анықтауыш қызметін ақарады. Есімдік қызметінің өзгеруі сөз
ағымын екі түрлі мүшелеумен байланысты. Демек тілде бастауыш міндетті
түрде жеке топ болып, ал анықтауыш өзі анықтап
тұрған сөзбен бірігіп бір
топ құрап тұрады екен.
Сөз ағымын мүшелеудің заңдылықтары қандай деген сұраққа жауап
іздеген ғалымдардың көбі оның тілдегі бірліктерге (сөзге, сөз тіркестеріне)
сүйене бермейтінін, мұндайда тыныстау заңдылықтарының да қосылатынын
аңғарған. Сөздердің сөз ағымында белгілі бір топтарға бірігуі ырғаққа
байланысты болады. Бұл әсіресе өлең жолдарында қатаң сақталады.
Прозалық сөзде де ырғақ болады. Ырғақ дегеніміз белгілі бір буын санының
бірдей уақыт аралығында қайталанып отыруы. Бірақ кез келген сөздер
бірігіп, бір ырғақты топ құрай бермейді, екі сөздің басы бірігіп, бір ырғақпен
айтылуы үшін олардың арасында мағыналық байланыс болу керек. Мысалы,
Соңғы кездері
/ тың серпіліспен /жұмыс істей бастаған / «Қазақстан» /
ұлттық телеарнасының ұжымына / көрермен қауымның / дән риза екені /
белгілі
сөйлемінде 8 ырғақты топ бар:
1)
соңғы кездері
2)
тың серпіліспен
3)
жұмыс істей бастаған
4)
«Қазақстан»
5)
ұлттық телеарнасының ұжымына
6)
көрермен қауымының
7)
дән риза екені
8)
белгілі
. Егер олардың ара жігін бұзсақ, сөйлем түсіну үшін қиындап
кетеді.
Соңғы / кездері тың / серпіліспен жұмыс / істей бастаған /
«Қазақстан» ұлттық / телеарнасының / ұжымына көрермен / қауымының
дән / риза екені белгілі.
Сонымен, сөз ағымындағы ырғақты топтардың
айтылуға икемді болуы үшін
буын саны шектеулі болады, әрі олардың
құрамындағы сөздер бір-бірімен қандай да бір (анықтағыштық,
толықтауыштық, пысықтауыштық және т.б.) қатынаста тұрып бір әуен
өрнегімен үздіксіз айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: