Графика. Орфография. Орфоэпия


Ф о н а ц и я л ы қ т ы н ы с т а у



жүктеу 2,09 Mb.
Pdf просмотр
бет128/152
Дата13.09.2023
өлшемі2,09 Mb.
#43345
түріМонография
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   152
fce55c58e23c15bef10aa33237001bcc

Ф о н а ц и я л ы қ т ы н ы с т а у
кезінде өкпеден 
келген ауаның кинетикалық энергиясы артикуляциялық энергияға айналып 
сөз күйінде сыртқа шығады. 
Ғалымдардың көбі сөз неғұрлым анық айтылуы үшін диафрагманың 
жиырылуы мен астыңғы қабырғалардың кеңуі арқылы жүзеге асатын 
қабырға-диафрагмалық (көкет) тыныстау дұрыс деп санайды. Дегенмен 
мұндай тыныстау кезінде ауаны өкпеге артық алып қоюдың қаупі бар, бұл, 
біріншіден, сөздің айтылу әуенін, екіншіден, тыныстау ырғағын бұзады. 
Сондықтан сөйлеу мен тыныстау операцияларын үйлестіре білу керек, яғни 
сөйлеу процесінде жеке дыбыс та, тыныс та болмай, олар үйлесіп, 
дыбысталған тыныс
болатынын есте сақтаған жөн. 


Сонымен, фонациялық тыныстауда денені тік қалыпта ұстап, иықты 
сәл артқа керіп, ішті тартыңқырап, мойын бұлшық еттерін бос ұстауды, 
сондай-ақ ауаны өкпеге мұрын арқылы алып, сыртқа ауызбен шығаруды 
есте сақтау керек. 
Дауыстау
(голосоведение). Әдетте шет тілін үйренушілерге сөйлеу 
техникасын меңгеруде дыбыстау мен тыныстауға қатысты жаттығулардан 
кейін дауыстауды үйретеді. Себебі тіл дыбыстарының жасалым 
(артикуляция) базасы мен тыныстау процесін үйлестіре алғанда ғана дауысты 
басқара білудің дағдысын қалыптастырға болады. Дұрыс дауыстау дегеніміз 
сөйлеу барысындағы дауыс ағымын мейлінше табиғи естілетіндей етіп, оның 
физикалық сипатын (дауыс көлемі, күші, қаттылығын) әр түрлі сөйлеу 
мақсатына қарай түрлендіре алу. 
Ауызша сөйлеудің кәсіби шеберлігінің бірінші талабы дауысқа 
қатысты болып табылады. Журналист немесе диктор дауысының диапазоны 
кең, әуенді, әуезі қою, қаттылығы жоғары, құбылуға икемді болып, әрі қанша 
салмақ түссе де, үзілмей жеңіл күйін сақтау керек. Бұл үшін дауыстау 
дағдысын қалыптастырып, дамыту жаттығуларын жасап отыру керек. 
Дауыстаудың құлаққа жағымды әрі әсерлі болуы оның диапазоны, регистрі 
мен икемдігіне (гибкость) байланысты. 

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау