Аширбаев и. Е., Кокаев б. К



жүктеу 2,39 Mb.
Pdf просмотр
бет77/99
Дата04.09.2023
өлшемі2,39 Mb.
#43231
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   99
Фармакология кітап

 
ДДҮ 
(дихлордифенилүшхлорэтан) 
анықтаудың 
сапалы 
реакциялары

1.
ДДҮ-ның 
қанықтырылған 
күкірт 
және 
мұздатылған 
сірке 
қышқылдарымен қоспасын қыздырған кезде қоспа сары түске боялады. 
2.
Құрғақ сынауыққа 1 г шамасында тексерілетін ұнтақ (дуст) салып, 
көлденең қалыпта қыздырады. Біраз уақыттан кейін ашық-сары түсті майлы 
тамшы түзіледі. 
3.
Құрғақ сынауыққа 1 г шамасында тексерілетін ұнтақ (дуст) салып, 2-3 
мл дихлорэтан қосады. Мұқият араластырып сүзеді. Сүзіндіден 1 тамшы 
әйнекшеге тамызып, кептіреді. 25-30 минуттан кейін тексергенде, тамшының 
әлі де кеппегендігі байқалады. 
4.
Шыны құтыға 2 г шамасында дуст алып, 20 мл 0,5% күйдіргіш калий 
ерітіндісін қосады. Мұқият араластырып, су моншасында 10-15 минут 
қыздырады. Суытқаннан кейін сүзіп, азот қышқылы арқылы, лакмус қағазы 
көмегімен қышқылдайды. Содан кейін 2% күміс нитраты ерітіндісін қосады. 
Егер сұйықтық құрамында ДДҮ болса, аммиакта еритін мақта тәрізді ақ 
шөгінді түзеді. 
Гептахлорды анықтау әдістері

1.
Фарфор табақшаға 0,5 г тексерілетін зат алып, жақсылап үгітілген 3 г 
тальк қосады. Алынған зерттелетін заттың бір бөлігін сынауыққа салып, 
көлденең қалыпта ұстап, қыздырады. Егер тексерілген зат құрамында 
гептахлор болса, сынауық қабырғасында жасыл түсті тамшылар пайда 
болады. 
2.
Бензол көмегімен алынған 0,5 мл экстрактқа 1 мл күйдіргіш калийдің 
метил спиртіндегі ерітіндісін қосып, жақсылап араластырады. 30 секунд 
ыстық су моншасында қыздырып, үстіне 1 мл бензол қосып тағы да 
араластырады. Егер тексерілген қоспа құрамында гептахлор болса, қоспа 
қызарады немесе қан қызыл түске боялады. 
Клиникалық белгілері. 
Ағзаға түскен удың мөлшеріне, жанасу 
ұзақтығына байланысты жіті және созылмалы түрде өтеді. 
Жіті түрінде ағза жалпы қозады, алғаш рефлекторлы сезімталдық жоғарлап, 
кейіннен керісінше төмендейді. Тыныс алу жиілеп, сілекей ағады, мойнының, 
дененің және аяқтардың бұлшық еттері тартылып, қимыл қозғалыс үйлесімі 
бұзылып, көздің көру мүмкіндігі нашарлайды. Күйісті малдарда ентігу, таз 
қарынның кебуі (тимпания) байқалады, жатаған келеді. Қандағы ацетилхолин 
мөлшері 80 % дейін көтеріліп, ацетилхолинэстераза ферментінің белсенділігі 
35% дейін төмендейді. Әртүрлі дірілдер қалыптасып, ауа жетіспей, 
нәтижесінде тыныс алу тоқтайды. 
Азот N
– 
газ атмосфераның 78% алып жатыр. Сол себепті оның тірі ағзада 
биологиялық маңызы өте зор. 


98 
Азот бос күйінде (инертті газ) және байланысқан органикалық және 
органикалық емес қосылыстар түрінде болады. Түсі, иісі, дәмі жоқ. 
Азот сутегімен әрекеттесе отырып көптеген қосылыстар түзеді. Олардың 
ішінде ең маңыздысы аммиак болып табылады.
Аммиакты пайдаланып: 
1.
Аммоний 
2.
Азот 
3. 
Жасанды несеп қышқылын, карбамид тұздарын өндіру мақсатымен 
қолданады. 
N-
нен O
2
қалыпты жағдайда әрекеттесіп азот тотығын, азот ангидидін 
түзеді. Азот қышқылы (HNO
3
) күшті қышқыл. Азот қышқылының тұздары 
селитра немесе нитраттар емдік шаралар үшін қолданады. Одан басқа 
аммиакты, 
барий, 
кальций 
селитралары 
кездеседі. 
Селитралар 
ауылшаруашылығында тыңайтқыш ретінде кеңінен қолданылады, азоттың 
орнын толтыру үшін мысалы егістік дақылдар - қарабидай, бидай, сұлы, арпа, 
жүгері т.б. өте көп мөлшерде азотты қалыпты өсу үшін қажет етеді, оны 
жалпы нитраттар дейді. 

жүктеу 2,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   99




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау