Аширбаев и. Е., Кокаев б. К


Улы заттардың жіктелуі (классификация)



жүктеу 2,39 Mb.
Pdf просмотр
бет72/99
Дата04.09.2023
өлшемі2,39 Mb.
#43231
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   99
Фармакология кітап

Улы заттардың жіктелуі (классификация)
 


91 
15.
Ретарданттар - өсімдіктердің өсуін реттейтін заттар. 
16.
Репеленттер - жәндіктерді үркітуге арналған заттар. 
17.
Фунгицидтер - әртүрлі зиянды саңырауқұлақтарды жойғыш заттар. 
18.
Ихтиоцидтер - зиянкес арам балық түрлерін жоюға арналған химиялық 
заттар. 
19.
Хемостерилянттар - зиянкес шыбын-шіркейлерді ұрықсыздандыратын 
немесе еркегінен ұрғашысын айырғыш заттар. 
20.
Антитрактанттар – зиянды жәндіктерді өзінен алшақтататындар. 
Пестицидтер химиялық құрылымы бойынша: 
Фосфорорганикалық (ФОҚ), хлорорганикалық (ХОҚ), карбоматтар, сынап 
органикалық қосылыстар, несеп қышқылы және триазин туындыларына
гетероциклдік, мысты, цианид, радон және фтор қосылыстарға бөлінеді. 
Жануарлардың улану кезінде мына төмендегі жағдайлар шаруашылыққа 
орасан зор экономикалық нұқсан келтіреді. 
1.
Жануарлар өлім-жітімге ұшырайды 
2.
Жануарлардың өнімділігі мен жұмысқа қабілеттігі төмендейді. 
3.
Ағза әлсіреп, әртүрлі ауруларға резистенттілігі нашарлайды. 
4.
Уланған малдарды емдеуге кеткен шығын. 
Улы 
заттар 
жануарлар 
ағзасына 
енгенде 
ветеринарлық 
токсикологиясының 
негізгі 
бөліміне 
токсикокинетика 
мен 
токсикодинамикасы жатады. 
Токсикодинамика – улы заттардың жануарлардың ағзасына әсер ету 
механизмін зерттейді. 
У әсерінің патогенезі мынадай: улы зат ағзаға түскенде ферменттік 
жүйені тежеп, ағзаның әр түрлі рецепторлық мүшесін тітіркендіреді. Кез 
келген у орталық жүйке жүйесінің функционалдық күйін күйзелтеді. 
Мысалы: фосфорорганикалық пестицидтер холинэстераза ферментін 
блокадалайды, соның салдарынан ацетилхолин медиаторы шектен тыс 
көбейіп кетеді де, холинергиялық жүйке жүйесінің қызметі күшейеді. 
Ағза уға үйренуі мүмкін. Мұның өзі кілегей қабықтың немесе тері 
бетінің өткізгіштігі кемуінен, заттың тез ыдыруынан, экскреторлық 
мүшелерден ұзын қарқынды бөлінуінен деп түсіндіруге болады. 
Кейбір улы заттардың уыттылығы онша болмағанымен ағзадағы 
ферменттердің әсерінен өте улы қосылыстарға айналады. Улы заттардың 
ендігі бір тобы, ферменттердің белсенділігін әлсіретіп ақуызды 
денатурациялайды (табиғи қалпының бұзылуы ). 
Удың әсері мал түріне, жынысына, жасына, күтіп-бағу, азықтандыру 
және пайдалану жағдайына байланысты. 
Улы заттар ағзаға газ, сұйық және қатты күйінде әсер етеді. Физикалық 
қасиеттерінен олардың ерігіштігінің маңызы зор, себебі, ерігіштігі жоғары 
болса, әсері де тез болады. Ал қатты заттардың әсері біршама баяу келеді. Газ 
тәрізді заттар ағзаға тез сіңетіндігінен уыттылығы өте жоғары болады. Удың 
әсері ағзаға ену жолдарына да көп байланысты. 


92 
Олар ағзаға ас қорыту, тыныс алу жүйесі және тері кілегей 
жамылғылары арқылы енеді. 
Малдың азықтан улануы жайылымда да қолда күтіп-баққанда да 
байқалады. Оның басты себебі – азықта улы өсімдіктер бар. Ауыз қуысы 
арқылы қарынға түскен улы заттар ағзаға негізінен ішектер арқылы сіңеді. 
Олардың сіңірілу жылдамдығына көптеген факторлар атап айтқанда – ас 
қорыту мүшесінің реакциясы қарындағы заттардың мөлшері және т.б. 
факторлар. 
Газ тәріздес улы заттар ағзаға тыныс алу жолдары арқылы ене отырып 
ағзаға тез сіңеді. Кейде өкпенің құрылымын өзгертіп лимфа арқылы қанға 
тарайды. 
Улы заттар өздерінің қасиетіне байланысты, жергілікті және жалпы 
(резорбтивті ) әсер етеді. 
Жергілікті әсері – тиген ұлпаға әсер етіп ағзаның жалпы реакциясы 
өзгермейді. 
Жалпы әсері – улы заттар қанға сорылып бүкіл ағзаға әсер етіп клиникалық 
көрінісі байқалады. 
Сонымен бірге улы заттар ағзаға эмбриогенді, тератогенді, мутагенді, 
канцерогенді және аллергиялық әсер етеді. 
1.
эмбриогенді әсерде – эмбриондардың өсіп-өнуін тоқтатады. 
2.
тератогенді әсерде – эмбриондардың өсіп өнуі жойылмағанымен әртүрлі 
қолайсыз жағдайларға ұшырайды(кемістік). 
3.
мутагенді әсерде – жыныс мүшелерінің қызметі нашарлап, дұрыс дамып 
жетілмеген ұрпақтар пайда болады. 
4.
канцерогенді әсерде – жасуша элементтерінің өсуі шектен тыс көбейіп 
зарарлы ісікке ұшырайды. 
5.
аллергиялық әсерде - әртүрлі аллергиялық реакциялар пайда болады. 
Токсикокинетика – улы заттардың ағзаға сіңірілу, таралу, жиналу және 
ағзадан бөліну заңдылықтарын зерттейді. Ағзаға енген улы заттар тотығады, 
тотықсызданады, гидролизге және басқа да диссимиляциялық өзгерістерге 
түседі. Мысалы: бензол – феноксибензолға, формальдегид – құмырсқа 
қышқылына айналады. Тотықсыздану тотығуға қарағанда сиректеу кездеседі. 
Мысалы: өте уытты келетін нитриттер уыттығы аз нитриттерге айналады.
Фосфорорганикалық қосылыстар – полиапликациялы уытты заттарға 
жатады. Сол себептен қандай түрде қолданылса да, жануарлар улануы 
мүмкін. Дегенмен де уланудың негізгі себептері мыналар: 
1.
егер өсімдіктерге контактілі әсер ететін препараттар қолданылып, бұл 
өсімдіктердің дәнімен араға 6-күн уақыт салмай жануарлар азықтанса; 
2.
егер өсімдіктерге жүйелі түрде әсер ететін препараттар қолданылып, бұл 
өсімдіктермен араға 6–аптадай уақыт салмай жануарлар азықтанса; 
3.
егер жануарлар инсектицидтер қолданылған жайылымдарда ұзақ уақыт 
өтпей тұрып жайылса; 
4.
фосфорорганикалық қосылыстармен уланған суаттардан жануарлар 
суарғанда; 


93 
5.
паразиттерге қарсы қолданылатын дезинфекциялық шараларды ережесі 
бұзылса; 
6.
агрономдар, ветеринарларм және зооинженерлер арасында өсімдіктерге 
пестицидтерді қолдануы жөнінде өзара келісім болмаса; 
7.
улы химикаттарды сақтау, тасымалдау және қолдану жөнінде ереже 
бұзылса; 
Патогенез: фосфорорганикалық қосылыстар өте жоғары полилипотропты 
заттар болғандықтан ағзаның барлық жерінде жинала береді. Химиялық 
құрылымына байланысты фосфорорганикалық қосылыстар: 
1.
тотығады 
2.
тотықсызданады 
3.
гидролизденеді 
4.
дехлорлануға және алкинденуге ұшырайды. 
Тотығу кезінде тион қосылыстарындағы (Р-Г) күкірт атомы, оттегі атомы (Р-
О) алмасады да өте уытты тиол қосылыстары пайда болады. 
Гидролиздену кезінде Х тобы, ОН гидроксил тобына алмасады. Эфир 
топтары гидролизденгенде фосфорорганикалық қосылыстардың уыттылығы 
төмендейді. (детоксикацияланады). Дехлорлану кезінде хлорфостан 
уыттылығы 5-6 есе жоғары дихлофос (ДДВФ) пайда болады. Венилдену 
кезінде ферментативті жүйенің қызметі өзгереді. 

жүктеу 2,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   99




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау