6
І бөлім. ЖАЛПЫ РЕЦЕПТУРА ЖӘНЕ ФАРМАКОЛОГИЯ
1.1. Жалпы рецептура
Фармакологияның бір басты
саласына
фармация
жатады, зерттейтін
саласына фармацевтік химия, фармакогнозия, әртүрлі түрдегі
препараттарды дайындау технологиясы және рецепт жазу кіреді.
Фармацевтік химия – бұл дәрілік заттардың химиялық құрлысы мен
қасиетін, сонымен қатар препараттардың емдік ықпалын алу үшін
биологиялық маңызды заттарды зерттейтін ғылым.
Фармакогнозия –
табиғи өсімдік, жануарлар мен минералды
өнімдердің биологиялық белсенділігін, яғни алғашқы өндеулерден алынған
дәрілерді зерттейтін ғылымның саласы.
Рецептура
–
дәрілік заттардың түрлерін жасап–дайындау және беру
ережелерін зерттейтін ғылым. Рецептура – дәрігерлік және фармацевтік
болып бөлінеді. Дәрігерлік рецептура әртүрлі дәрілік зат түрлеріне рецептер
жазу, ал фармацевтік рецептура - дәрілік зат түрлерін жасап–дайындау және
беру тәртібін, ережелерін зерттейді.
Дәрілік заттар дегеніміз
әртүрлі сырқаттарды
емдеу және олардың
алдын алу шараларына колданылатын белгілі бір химиялық құрамы және
физикалық күйі бар заттар.
Дәрілік заттың түрлері дегеніміз
әртүрлі фармацептикалық өңдеу
арқылы, ағзаға енгізуге қолайлы және тиімді әсер етуі үшін дәрілік заттарға
берілетін түр. Мұндай дәрілік зат түрлері сыртқы ағзаларға,
ішке ішуге,
парентеральдық жолдар (бұлшық етке, тері ішіне, тері астына, күре тамыр
арқылы т.б.) ингаляция арқылы,
тік ішек арқылы, тыныс жолдары арқылы
қолданылады.
Дәрілік заттар өсімдіктерден, микробтар мен саңырауқұлақтардан,
микробиологиялық жолдармен, жануарлардың
ұлпалары мен ағзаларынан
алынады және химиялық құрылымын зерттеу негізінде жасанды
(синтетикалық) жолмен жасалынады.
Дәрілік заттарды шығару, олардың әсер етуін бақылау және қолдану ҚР
Денсаулық сақтау министрлігіндегі
Мемлекеттік фармакопея
бөлімінде
және ҚР АШМ Ветеринариялық, фитосанитариялық
және тамақ қауіпсіздік
департамент бекіткен нұсқаулар арқылы жүзеге асырылады.
Фармакопея заң жүзінде тағайындалған, дәрілік заттардың алфавит
тәртібімен топтарға жіктеліп жазылған мемлекеттік жиынтық кітабі.
Фармакопеяда жеке топтастырылған дәрілік заттардың қасиеттері, әсер етуші
бастамаларының анықтамасы сақталу шарттары көрсетіледі.
7
1)
Физикалық, физика-химиялық, химиялық,
биохимиялық, биологиялық,
микробиологиялық және басқа да тәсілдерді қоса талдаудың жалпы
тәсілдеріне;
2)
Белгілі бір дәрілік нысанның жалпы сапа көрсеткіштеріне және сынақ
тәсілдеріне;
3)
Талдама жүргізгенде қолданылатын жабдықтардың немесе аспаптардың
мөлшерленетін сипаттамаларына;
4)
Қолданылатын реактивтерге қойылатын жалпы талаптарға;
5)
Титрленген ерітінділер
мен индикаторларды дайындауға, сақтауға және
пайдалануға қойылатын талаптарға;
6)
Олардың қолдану салаларын көрсете отырып, терминдерді анықтауға
әзірленеді.
Достарыңызбен бөлісу: