58
1
. Ауыл шаруашылық өсімдіктерін өсіруде қолданылатын топырақты
гигиеналық бағалау
.
Ауыл шаруашылық өсімдіктерін өсіруде қолданылатын, топырақтың
ластану қаупінің негізгі бағасы зияндылықтың транслокациондық көрсеткіші –
топырақтағы химиялық заттардың ШМК зерттеу кезіндегі маңызды көрсеткіш
болып табылады. Бұл мынаған негізделеді:
1)
өсімдіктекті азық-түлікпен адам ағзасына орташа есеппен зиянды
химиялық заттардың 70% келіп түседі;
2)
транслокация
деңгейі азық-түліктегі
токсиканттардың жинақталу
деңгейін анықтайды, олардың сапасына ықпал етеді.
Елді мекендердің топырағын гигиеналық бағалау
.
Елді мекендер топырағының ластану қаупін бағалау мыналармен
анықталады:
1)
химиялық элементтермен ластанған топырақтың эпидемиологиялық
маңыздылығымен;
2)
атмосфералық ауаның жер маңындағы қабатының екінші қатарлы
ластануының көзі ретінде және оның адаммен
тікелей қарым-қатынасындағы
ластанған топырақтың ролімен;
3)
атмосфералық ауа ластануының индикаторы ретінде топырақтың
ластану дәрежесінің маңыздылығымен.
Адам ағзасына тікелей ықпал етудегі топырақ ластануының жағымсыз
салдарын бағалау ластанған топырақтағы ойындарда балалардағы геофагия
жағдайлары үшін маңызды. Мұндай баға елді мекендерде
кең таралған
ластаушы зат –
Pb бойынша құрылған, әдетте, топырақтағы оның мөлшеріне
басқа элементтер мөлшерінің артуымен үйлеседі.
Ойын алаңдарының топырағындағы Pb мөлшері 500 мг/кг деңгейінде
және оны топырақтың құрамында жүйелі түрде анықтағанда, балаларда
психоневрологиялық өзгерістер байқалады.
Осылайша, мысалы, топырақта кейбір Ме (ластанудың кең таралған
индикаторлары) таралуын зерттеудің мәліметтері бойынша атмосфералық
ауаның ластану қаупіне шамалы баға беруге болады. Осылайша, 250 мг/кг
бастап, топырақта Pb болғанда, әрекет етуші ластану көздерінің ауданында
атмосферадағы оның ШМК артуы (0,3 мкг/м
3
) байқалады. 1550 мг/кг бастап,
топырақта
Cu болғанда, атмосфералық ауадағы Cu ШМК артауы (0,2 мкг/м
3
)
байқалады.
Халық денсаулығына жағымсыз ықпалдың индикаторлары ретінде
топырақтың химиялық ластану деңгейін бағалау, қалалардың қоршаған
ортасын үйлескен геохимиялық және геогигиеналық зерттеу кезінде құрылған,
көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Мұндай көрсеткіштер болып табылады:
химиялық заттардың концентрациясының коэффициенті Н
с
=С/С
ф
, ол
топырақтағы оның ақиқат мөлшерінің фондық
мөлшеріне қатынасымен
анықталады, және ластанудың қосынды көрсеткіші, Zc (ол химиялық
59
элементтердің концентрация коэффициенттерінің қосындысына тең): Zc; n –
қосынды элементтердің саны.
Достарыңызбен бөлісу: