ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі тҮзеу пеДагОгиканың ҰлттыҚ ғылыми-пРактикалыҚ орталығы


ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ҚЫСҚАРТУДЫ ОРЫНДАУҒА



жүктеу 441,9 Kb.
Pdf просмотр
бет15/46
Дата26.05.2023
өлшемі441,9 Kb.
#42790
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46
аза стан Республикасыны білім ж не ылым министРлігі т зеу пеД

5.3 ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ҚЫСҚАРТУДЫ ОРЫНДАУҒА
ЖЕКЕ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН
ҰСЫНЫСТАР
Оқу пәні бойынша қысқартылған / жеке бағдарлама оқу тоқсанына 
құрылады, оның нәтижелері бойынша келесі тоқсанға арналған бағдарлама 
жасалады. Оқушының оқу материалын қандай қарқынмен игере ала-
тынын алдын ала болжау қиын, бұл жоспарланғанның ішінде ең үлкен 
қиындықтарды тудырады. сондықтан білім беру үдерісі барысын-
да бағдарламаны түзету қажеттілігі туындауы мүмкін. бағдарламаны 
уақытылы түзету үшін үнемі оқушының жетістіктерін бақылау қажет. Ол 
үшін мұғалім мен қолдау көрсету мамандары қол жеткізген жетістіктерді 
критериалды бағалауды іске асырады [13].
мжмбс-да белгіленген көлемде және оның сыныпта оқу қарқынына 
сәйкес оқушы оқу пәнінің мазмұнын меңгеруде қиындықтарға тап болған 
жағдайда оқу бағдарламаларын қысқартуды (бейімдеу) талап етіледі.
жеке оқу бағдарламаларын жасау пмпк ұсыныстарына сәйкес жүзеге 
асырылады:
"жеке оқу жоспары және жеке оқу бағдарламалары бойын-
ша оқыту». жалпы сынып жағдайында зияты зақымдалған оқушы үшін 
жеке оқу бағдарламасы жасалады.Оқу жоспарын дараландыру оқушының 
қатысуы міндетті болмайтын оқу жоспарының пәндерін (мысалы, алгебра 
немесе шет тілі) айқындаудан тұрады.
Қысқартылған/ жеке оқу бағдарламасын сынып мұғалімі арнайы педагогпен бірге 
педагогикалық диагностика (бағалау) негізінде және пән бойынша үлгілік оқу 
бағдарламасының мазмұнын ескере отырып, ақыл-ойы кем оқушыларға арналған мжмбс 
/ үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес жасайды.
Қысқартылған / жеке оқу бағдарламасының мәтінінде күтілетін 
нәтижелер (оқушының дағдылары мен шеберлігі) түрінде тұжырымдалған 
типтік оқу бағдарламасының бөлімдері бойынша оқу мақсаттары және 
осы оқушы үшін неғұрлым тиімді оқыту әдістері мен тәсілдері көрсетіледі 
(қосымша-г). топтық талқылау барысында оқушының мүмкіндіктерін 
психологиялық-педагогикалық зерттеу нәтижелерінің негізінде оқытудың 
мақсаты мен әдістері анықталады.


36
педагогикалық диагностиканы өткізу кезінде педагогтар оқу пәні 
шеңберінде оқушы өз бетінше білетін (өзекті деңгей) дағдыларды және 
қалыптастыру сатысында тұрған дағдыларды (жақын даму аймағы) 
айқындауы тиіс.
ең жақын даму аймағын анықтау критериясы оқушының оқу тапсырма-
сын табысты орындау, белгілі бір іскерлікті немесе дағдыларды (мысалы, 
арифметикалық тапсырманы шешу, шаманы өлшеу және нәтижені жазу) 
іске асыру үшін мұғалімнің көмегін пайдалану қабілеті болып табылады. 
Оқушыға көмек ретінде мұғалім қолдануы мүмкін: жетекші сұрақтарды, 
көрнекі түрде ұсынылған алгоритм, иллюстрациялық материалды, пәндік 
қызметті, үлгіні, жұмыстың орындалуын көрсете алады.
Қажеттіліктерді бағалауды жүргізу кезінде бұрын оқыған оқу материа-
лы туралы білімдеріндегі немесе мектеп бағдарламаларын меңгеру үшін 
базалық болып табылатын дағдылардағы бар "проблемаларға" назар ау-
дару қажет. Олар оқу материалын меңгерудегі қиындықтарға себеп болуы 
мүмкін, оларды толықтыру қажет. бұл дағдыларды қалыптастыру мақсаты 
оқушы бағдарламасына енгізілуі тиіс.
педагогикалық диагностиканы өткізу кезінде оқу іс-әрекеті компоненттерінің қалыптасуына 
(мотивация, өзін-өзі ұйымдастыру, жоспарлау, оқу іс-әрекеттерін орындау және бақылау), 
жұмыс қабілеттілігіне, қызмет қарқынына және оқушының оқу материалын жақсы түсінуге 
көмектесетін оқу жұмысының формаларына (жазбаша, ауызша, практикалық әрекетке
иллюстрациялық материалға және т.б. сүйеніп) назар аудару қажет, өйткені бұл оқушы үшін 
ең қолайлы оқыту әдістері мен тәсілдерін, оның қызметін сабақта ұйымдастыру тәсілдерін 
таңдауға негіз болады.
Диагностикалау ретінде оқу пәнінің бөлімін, тақырыбын анықтау 
шеңберінде оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмалар мен жаттығуларды 
қолдану. нұсқаулық нақты, қысқа, кезеңді болуы қажет. тестті қолданбаған 
жөн. Оқушы бағдарламалық материалды меңгеруде емес, тапсырманы 
орындау шарттарын саналы түсінуде қиындықтары туындап, қате жіберуі 
мүмкін. педагогикалық диагностиканы мұғалім сабақта, ал арнайы педа-
гог жеке сабақтарда жүргізеді.
педагогикалық диагностиканың нәтижесі оқушының меңгерген білім 
деңгейі мен көмек көрсету мазмұнын анықтау үшін тіркеледі (оқу мәнінің 
тақырыбы мен бөлімі бойынша жетістік картасы). Оқушыда алдыңғы 
тоқсанның немесе тіпті сыныптың бағдарламасына сәйкес келетін жақын 
даму аймағы мен дағдыларды меңгеру деңгейі анықталуы мүмкін. кез кел-
ген жағдайда педагогикалық диагностиканың нәтижелері – оқушы үшін 
бағдарламаның мазмұнын анықтау үшін бастапқы нүкте.
Оқу бағдарламасын қысқарту кезінде жтД-мен оқитын оқушы 
үшін міндетті болмайтын оқу мақсаттары (шеберлігі мен дағдылары) 
анықталады, олар осы тоқсанда оның бағдарламасына енгізілмейді. ебҚ 


37
бар оқушы үшін міндетті және міндетті емес критерийлерін анықтау 
мақсаты болып (іскерліктер мен дағдыларды) - оқу пәні шеңберінде негізгі 
білім мен дағдыларды меңгеруде алға жылжуы үшін олардың қажеттілігі 
болып табылады.
мысалы, ебҚ бар білім алушы үшін 1-сыныпты математика курсын-
да "алгебра элементтері" бөлімін оқу мақсаттары (дағдылары) міндетті 
емес: 1.2.1.2 әріптің берілген мәнінде әріптік өрнектің мәнін бір әрекетке 
табу; 1.2.1.3 қосу мен азайту арасындағы байланыстың әріптік теңдігі 
түрінде ұсыну және қолдану: а+b=с, c–a=b, c-B=a; 1.2.2.2 теңдеулерді 
іріктеу тәсілімен және қосу мен азайту байланысы негізінде шешу; "ло-
гика элементтері" деген 4-бөлімнен: 1.4.1.1 Диаграмманың көмегімен екі 
жиындарды біріктіру және жиын бөлігін жою; "математикалық модельдеу" 
5-бөлімінен»: 1.5.2.5 қол астындағы материалдардың көмегімен деректерді 
жинауды, жүйелендіруді, кестелерді, пиктограммаларды, диаграммаларды 
құрастыру/аяқтау.
жоғарыда көрсетілген оқу материалын алып тастау сандарды нөмірлеу 
білімін, 20 шегіндегі қосу және азайту есептеуіш тәсілдері 1-сыныптағы 
математика курсының негізі болып табылатын арифметикалық есептерді 
шешу тәсілдерін меңгеруге кедергі болмайды. Қысқартылған бағдарлама 
аясында оқушы меңгерген 1-сыныптың математика курсының негізгі 
ұғымдары екінші сыныптағы келесі бөлімдерді одан әрі оқуға мүмкіндік 
береді: 100 дейінгі сандардың нөмірленуі, олармен арифметикалық 
әрекеттер, арифметикалық есептер, шамалар және геометриялық матери-
алдар. 
ебҚ бар оқушы үшін оқу материалының көлемін азайту негізгі білім 
мен дағдыларды қалыптастыруға көп уақыт бөлуге, оқушының жұмыс 
қабілеттілігі мен оқу мотивациясын сақтауға мүмкіндік береді. 
пән бойынша жеке бағдарлама құру барысында (зияты зақымдалған 
оқушы үшін) оқу бағдарламасының әрбір бөлімінде оқушының "жақын 
даму аймағында" жатқан білім мен дағдыларға қатысты оқу мақсаттары 
мен мазмұны жағынан жақындатылған дағдылар айқындалады.
жеке бағдарламалар бойынша жалпы сыныпта негізгі жалпы білім 
беретін пәндерді (математика, ана тілі және оқу) оқыту арнайы педагогпен 
жеке сабақтарда оқумен ұштастыра отырып жүзеге асырылуы мүмкін.
Оқушыны қысқартылған немесе жеке бағдарлама бойынша оқыту 
мұғалімнің сыныптағы жеке тәсілімен үйлеседі, оның қарқындылығы мен 
сипаты оқушының мүмкіндіктерінің өзгеруінен кейін үнемі өзгеріп отыра-
ды. жеке тәсіл оқушы үшін қысқартылған/жеке бағдарлама шеңберінде 
оқу тапсырмасының көлемі мен күрделілігін өзгертуден, оқу тапсырмасын 
кезеңімен орындаудан байқалуы мүмкін; тапсырманы иллюстрацияға, 
алгоритмдік нұсқамаға, үлгіге, деректер кестесіне сүйеніп, шоттарды, каль-
куляторды пайдалана отырып, ереже мәтініне сүйеніп орындау мүмкіндігі.


38
Оқушы сабақ тақырыбына сәйкес келмейтін тапсырманы өзінің жеке 
бағдарламасы бойынша орындайды. бұл тапсырманы сабақта сынып 
мұғалімі дайындайды және ұсынады. Ол үшін мұғалімге арнайы педагогтың 
кеңесі қажет. сондықтан бұл педагогтар автономды емес, ынтымақтастықта 
жұмыс істейді.
жетістіктерді бағалау қысқартылған немесе жеке бағдарлама шеңберінде 
жүзеге асырылады. бағдарламаның әрбір мақсаты үшін бақылау-
диагностикалық тапсырмалар іріктеледі.


39

жүктеу 441,9 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау