Әдебиеттер:
1.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан»
мақаласы https://www.akorda.kz/kz/events/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-abai-zhane-
hhi-gasyrdagy-kazakstan-atty-makalasy
2. Н.Назарбаев «Мәңгілік Ел» - қазақ елінің жалпыұлттық идеясы жолдауы
125
Асмаганбетова А.Е.
«№46 ЖББМ», Қарағанды қаласы
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
Білім - тоқтаусыз, толассыз үдеріс. Даму да, білім де ешбір адамға қолдан беріле
салмайды. Қол жеткізгің келсе әрекет ет, күш сал. Ол - өз бетінше білім алу. Ал өз бетінше білім
алу үшін танымдық қажеттіліктер мен қызығушылығың күшті болуы керек. Қоғам барған сайын
күрделене түсуде. Жаңа ғасырға сай өзгеше қабілет, қасиетке ие ұрпақ қалыптасып келеді. Ұлы
ағартушымыз Ыбырайша айтқанда көзді ашып - жұмғанша айшылық алыс жерлерден жылдам
хабар алғызған ғажайып қоғамның барлық мүмкіндіктерін пайдаланып отырмыз.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім жүйесінде жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен
қолданыла бастады. Қазіргі білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан оқыту түрлерімен
қатар қашықтан оқыту түсінігі пайда болды. Сонымен, бұл оқыту түрінің ерекшелігі қандай?
Қашықтан оқыту –бір –бірінен қашықта орналасқан білім алушы мен оқытушының әртүрлі
байланыс технологиясының көмегімен жанама түрде өзара әрекеттестікте оқу нысаны. Қашықтан
оқытуда білім беру процесінің барлық компонеттері мақсаты, мазмұны, оқыту әдістері және оқу
нәтижесін бағалау толық сақталады. Қашықтан оқытудағы білім беру үдерісін жоспарлауда
оның еш маңызды құрамдас бҿліктері ескерілуі тиіс.
1.Мазмұны (не оқытылады?)
2.Ұйымдастырылуы (қалай оқытылады?)
3.Технологиялар (қандай қызмет түрлері мен құралдар қолданылады?).
Қашықтан оқытуда оқу күнін үйреншікті 40минуттық сабақтар түрінде емес, анағұрлым
қысқа (сихронды оқытуда) сабақтар түрінде жоспарлаған орынды. Оқушылардың компьютер
алдында үздіксіз жұмыс істеу ұзақтығының жас ерекшеліктеріне сәйкес белгіленген нормаларын
ескеру; оқыту барысында міндетті түрде үзіліс жасап, балалардың орнынан тұрып, монитордан
алшақ тұрып, көзге арналған жаттығуларды, бірнеше қарапайым дене жаттығуларын орындауға
мүмкіндік беру; оқушылардың өзіндік жұмыстарын орындау мерзімдерін нақты белгілеу;
қашықтан оқытуда мұғалімнің жанында болмауы оқушыдан өз бетінше жұмыс істеу
дербестігінің жоғары деңгейін қажет ететінін ескеру керек. Сондықтан оқушылардың күтілетін
нәтижелерге сабақ мақсаттарына қол жеткізуіне мүмкіндік беретін негізгі ақпаратты мазмұнды
материалдар мен ресурстарды таңдаймыз. Сабақтың басталуы ұйымдастыру мәселелерін
қамтиды. Сабақтың негізгі бҿлімінде белгіленген оқу мақсаттарына жету қарастырылады. Осы
мақсатта мұғалім материалды түсіндіреді және экраннан көрсетеді. Оқушыларға тапсырмаларды
орындатып,олардың өзара әрекеттестікте жұмыс істеуін қаматамасыз етеді. Сабақтың
қорытынды бөлімінде материалды бекітуді немесе жинақтап қорыту мен рефлексияны қамтиды.
Оқу материалын мұқият таңдағаннан кейін оқушылардың оларды қалай меңгергендігін айқындау
қажет. Оқушылардың таңдалған материалдардың қайсысы өз бетінше меңгере алатынын ал
қайсысы бірге қарастырылатынын анықтау қажет. Осы тұста осы оқу жылының III
тоқсанындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 8-сыныпта өткен М.Әуезовтің «Көксерек»
тақырыбындағы сабақты өту барысында оқушылар аса қызығушылық танытты. Әңгіме желісінде
түсірілген фильмді қарап, оны талдап, өз ойларын видеоға түсіріп, кері байланыстарын жасады.
Бұдан байқағаным, бір ерекшелік, сыныпта көп ашыла бермейтін оқушылардың белсенділігін
байқадым. Оқушылардың мерейі үстем болсын деп, мотивация жасап,оқушылардың чаттарына
да жібердім.
Сонымен қатар мұғалімнің бағалауы және пікір білдіруі оқытудың ажырамас бөлігі болып
табылады. Бағалаудың объективтілігін және түсініктеменің анықтығын қамтамасыз ету үшін
мұғалімге де, оқушыларға да белгілі критерийлер мен тапсырма дескрипторларын қолдану
қажет. Кері байланыс аясындағы түсініктемелер оқушының өз қателіктерін түзетуіне, оқу іс-
әрекеттерін және өзінің оқуын бақылау қабілетін дамытуға немесе жетілдіруге түрткі болуы тиіс.
Осы орайда, оқушылармен үнемі кері байланыс жасап отырдым.
Мұғалімнің оқушыға кері байланысын қалай қамтамасыз етуге болады?
Оқушыға кері байланыс оны сынау үшін емес, өз жетістіктерін одан әрі жетілдіруіне
көмектесу үшін ұсынылатынын түсіндіріңіз.
126
Сипаттамалық кері байланыс беруге тырысыңыз, себебі бұл анағұрлым ықпалды болады.
Ол үш сұраққа жауап береді: «Не жақсы орындалды?» – Орындалған жұмыстың сапасы қандай
болғанына қарамастан, оқушыға қолдау көрсетіп, мақтайтындай жетістігін таба біліңіз. Мысалы:
«Жарайсың, сен тапсырманы ойдағыдай орындауға тырыстың!» «Нені әлі де жақсартуға
болады?» – Не нәрсені жетілдіруге болатыны туралы өз пікіріңізді ұсыныңыз. «Мұны қалай
жетілдіруге болады?» – Оқушының тапсырма жөнінде ойлануына ықпал ететін сұрақ қойып,
қажетті ресурстарды, нұсқаулықтарды ұсыныңыз.
Кері байланысты нақты оқу мақсаттарына, күтілетін нәтижелерге немесе бағалау
критерийлеріне бағдарлай отырып, оның тиімділігін қамтамасыз етіңіз.
Кері байланысты тұрақты түрде және уақтылы ұсыну арқылы Сіз оқушыға өзінің іс-
әрекетін түзетуге мүмкіндік бересіз, ал өзіңізде оқушының кері байланысты қолданғаннан кейін
тапсырманы қалай орындағанын бағалауға мүмкіндік болады.
Кері байланыс ұсынуда «Еске салу», «Кезең-кезеңмен көмек беру», «Үлгілер ұсыну»
сияқты тәсілдерді қолданыңыз.
Ескерту оқушының назарын оқу мақсатына шоғырландырады. Кезең-кезеңмен көмек беру
оқу әрекетінің нақты аспектілеріне назар аударуға мүмкіндік береді. Бұл үшін сұрақтарды,
тапсырманың немесе әрекеттің сипаттамасын, аяқталмаған сөйлемдерді қолдануға болады.
Оқуда қиындықтары бар оқушыларға тапсырманы орындау үлгілерін ұсыну олардың
тапсырманы ойдағыдай орындауына көмектеседі.
Кері байланыстың тағы қандай нұсқаларын қолдануға болады?
Тапсырманы ойдағыдай орындаған оқушыларға мұғалім құттықтау ашық хатын немесе
әртүрлі мазмұндағы смайликтер жібере алады (смайликтердің мән-мағынасын балалармен алдын
ала келісіп алған дұрыс). Оқушының жіберген қателерін белгілі бір түспен бояп, оқушыға
оларды түзетуді ұсынуға болады. Орындалған тапсырмаға қатысты аудиохабарлама жазып, оны
оқушыға жіберуге болады. Онлайн білім беру саласында жұмыс істейтін оқытушылардың
пікірінше, жазбаша кері байланыс жазуға қарағанда аудиохабарлама түріндегі кері байланысқа
екі есе аз уақыт жұмсалады. Егер оқушыларға интернет қолжетімді болса, ZOOM-да шағын
конференция ұйымдастырып, 3-5 минут ішінде тақырыпты меңгерудегі қиындықтар мен
табыстарды талқылауға болады. Сонымен бірге кері байланысты Edu-Mark платформасында
орналаскан электронды журнал арқылы да жіберуге болады.
«Әдістің жақсысы немесе жаманы, ескісі не жаңасы болмайды, әдістің тек тиімдісі не
тиімсізі болады» деп ұлт ұстазы А. Байтұрсынұлы айтқандай қашықтықтан оқыту барысында
жаңа әдістердің түрлерімен таныс болғанымыз да шындық. Уақытты үнемдеудің бірден-бір жолы
- графикалық органайзерлерді қолдану болып табылады. Графикалық органайзер сөзінің
мағынасына үңілетін болсақ, графика-жазу, ал органайзер күнтізбе немесе жинақ сөзімен
мағыналас. Графикалық органайзерлер – көрнекілік, коммуникативтік жҽне танымдық
функцияларды орындайтын дидактикалық құрал. Білім, ұғым, ой, идея немесе көзқарасты
білдіру үшін визуалды таңбалар қолданылады. Мұндағы басты мақсат оқу мен оқытуды
жеңілдету мақсатында визуалды көмек ұсыну. Қазіргі кезде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні
сабақтарында графикалық органайзерлердің бірнеше түрлері қолданылып келеді. Мысалы, «Дара
диаграмма», «Қос диаграмма», «Торлы диаграмма», «Венн даграммасы», «Хикая картасы»,
«Уақыт тізбегі», «Оқиға тауы», «Себеп-салдар диаграммасы» (балық қаңқасы), «Эмоция
кестесі», «Сөздік кестесі», т. б. Енді осылардың кейбіеулеріне жеке-жеке тоқтап өтеміз. Мен
қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қашықтықтан оқыту кезеңінде, өз іс-тәжірибемде «Дара
диаграмма», «Себеп-салдар диаграммасы» (балық қаңқасы)«Торлы диаграмма», «Венн
даграммасы», «Хикая картасы» сияқты графикалық органайзерлерді жиі қолданамын. Себебі
мұнда көркем мәтінді талдау, оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамытуға көптеген
мүмкіндіктер береді.
Мысалы, «Себеп-салдар диаграммасы» (балық қаңқасы) әдісін мәтінді талдаудың
алғашқы сабағында қолданамын. 9-сынып «Күн энергиясы» тақырыбында осы әдісті қолдана
отырып, мәтінннің негізгі идеясын аштық. Тапсырма түрі төмендегідей болды:
1. Балықтың басына мәтіндегі баламалы энергия көзін жазады;
2.Балықтың қаңқасына Күн электр стансыларының тиімділігін дәлелдемелерімен жазады;
3. Балықтың құйрығына Күн энергиясының адамзат өміріндегі маңызын жазып, қорытады.
127
«Қос диаграмма» әдісі арқылы оқушылардың талдау, қолдану дағдылары қалыптасады.
Себебі мұнда оқушылар өтіліп жатқан тақырыпты біліп, түсініп қана қоймай, оны ұқсас басқа
шығармалармен салыстырады, талдайды. Немесе зерттей бастайды.
Графикалық органайзерлер оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыруда ерекше рөл
атқарады. Графикалық органайзерлердің көптеген түрлері бар. Оларды әр мұғалім өз қалауы
бойынша түрлендіріп қолдануына болады. Бұл әдіс қашықтықытан оқыту барысында да өзінің
тиімділігін дәлелдеді.
Қашықтан оқытудың артықшылықтарын санасақ: заман талабына сай ақпараттық-
телекоммуникациялық технологиялар мен құралдарды қолдану; уақытты үнемдеу; ыңғайлы
уақытта оқу; денсаулық жағдайы бойынша шектеулер жоқ. Кемшіліктері: топтық жұмыстар
жасалмайтындықтан балалардың бір-біріне жолдастық, достық қарым қатынастары дамымайды;
бір- біріне бар ынта-жігерлерімен көмектесуге, үйретуге бейімділік болмайды; топтық
жарыстар ұйымдастырылмайды, ұйымдастырудың жөн жобаларын білмейді, оны қолдана
алмайды. Қорыта айтқанда, қашықтан оқыту қазіргі заман талабы болып табылады. Бұл
біліктілігі жоғары, кәсіби деңгейі дамыған, халықаралық дәрежедегі бәсекеге төзімді қоғам
құруға зор көмегін тигізеді. Қашықтан оқыту – оқушы дайындау мен олардың біліктілігін әрі
қарай тереңдете арттыру бағытындағы осы заманның ең әсерлі де тиімді жүйесі болып табылады
және болашақта алатын орны орасан екені даусыз.
Достарыңызбен бөлісу: |