218
машина жасау зауытын ашамын» проблемалық тақырыбында оқушылар зауытты қай жерге
орналастыру дан бастап, оның тиімділігі мен экономикалық шығынын анықтауға тырысады.
Әрбір оқушының жауабын қабылдап, проблемалық сұрақ қою арқылы кемшілігін өзі анықтаға
бағыттадық.
Азаматтық, қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, діні мен тілін терең
меңгеріп, Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсіну. Жаңартылған
география оқулықтарында тақырыптарды ашу кезінде Қазақстанның нысандарын мысалға
аламыз. Мысалыға, 9-сыныптағы «Көші-қоны» тақырыбында көші-қонның себептерін
анықтағанда, табиғи-климаттық түрін сипаттағанда, қазақтың әдеп-ғұрыптары, кезіндегі көшпелі
халықтың ерекшелігін айта отырамыз. Оқушылар көші-қонның себептерін өздері анықтай
отырады. Мысалы, «қыстау»- қазақтың байырғы қысқы мекенжайы, әдетте суы бар, ықтасынды,
оты мол жерлерде орналасады.Қыстау аймағы шарбақпен қоршалып, айналасына ор қазылып,
қора жайлары болады. «Көктеу» - көктемгі қоныс, шөптің жаңадан қаулап шыққан кезінде,
көктем айларында мал жайылатын өріс. «Жайлау»- жазғы қоныс, суы мол, шөбі шүйгін, маса-
сона, шыбын-шіркейі аз жерлерден таңдайды. «Күзеу»- мал баспаған, оты мол, қыстауға
жақындау жайылым таңдап алынған жер.
Міне, осылай терең, салт-дәстүрімізді айта отырсақ, салт-дәстүрімізді ұрпақтан-ұрпаққа
жеткіземіз деп айта аламыз. Тоғызыншы сыныпта Қазақстанның географиясын толық
өткендіктен, материалдар өте көп, қазақ жерінің географиясын толық сипаттауға уақыт
жеткіліксіз. Туған жеріміздің, географиясын толық сипаттау бағытында «Өлкетану» оқулығын да
қосымша қолданамыз. «Өлкетану» оқулығы, Қарағанды жері бойынша жазылғандықтан,
жергілікті жерді мысалдарға алған кезде, 5-7 сыныпқа арналғандығына қарамастан, сабақта
қолдандық.
Технологиялық,
ақпараттық
технологияларды
сауатты
пайдалану.
География
сабақтарында ақпараттық технологияларды міндетті түрде қолданамыз, электронды карталар,
«Microsoft Excel» парақшасы бойынша диаграммалар сызу, әсіресе 10-11 сыныптарды. «Microsoft
Word» мәтіндер жазу, диаграммалар сызу. CorelDRAW бағдарламасын да ішінара қолдандық.
10-11 сыныптарда деректер базасын жинақтау «Microsoft Excel» парақшасында жинақтау өте
тиімді, яғни маңызды деректерді бөлек жинақтау және диаграммасын сызуда қиындық
тудырмады. 2019 жылы 10-сыныптарда сабақ барысында өте жақсы қолдандық, биыл 10-
сыныптар қашықтықтан оқыту жүйесінде отырғандықтан оқушылардың бірең-сараңы игеріп
отыр. Сабақ барысында таныстырылым жасау, жарнамалық видеолар дайындау. Биыл 11
сыныптарда «Брендинг» дайындау жұмыстарын жүргізудеміз. Нәтижесін келесі оқу жылында
конференцияға алып шыға аламыз.
Пәндік құзіреттілігі, география пәні бойынша өз білімін дамыта отырып, өзін
белсенділікке, шығармашылық тұрғыдан ойлауға, шешім қабылдай алуға, өз кәсібін дұрыс
таңдай алуға дайын тұлға тәрбиеленеді. Әрбір жеке тұлға өмір бойы білім алуға дайын тұруы
керек.
Функционалдық сауаттылықтың жетінші тетігі ата-аналардың балаларды оқыту мен
тәрбиелеуге белсене қатысуын қамтамасыз ету. Ата-ананың бала тәрбиелеуде функционалдық
сауаттылығын көтеру мектеп мұғалімдерімен олардың тығыз байланыс жасап, екі жақты
әріптестік әрекетінің негізінде қалыптасады. Өкінішке орай, барлық ата-аналар бұл бағытқа көңіл
аудармайды. Яғни, ата-ананың баласының ерекше қасиетін тануы, оны түрлі жағдаятта түсініп,
қол үшін беруі, олардың қабілетін дамытуға, бойына рухани құндылықтарды қалыптастыруға
көмек беретін функционалдық сауаттылық ата-ана бойында да болуы тиіс.
Қорыта келгенде, В.Сухомлинскийдің «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек. Ол бала солай
бола алады», дегендей шәкіртке жан-жақты терең білім беріп қана қоймай, жүрегіне
адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат-жеке тұлғаның өзіндік
көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз[3].
Достарыңызбен бөлісу: