176
– тіркеу куəлігін дайындау жəне рəсімдеу сияқты іс-шаралардан
тұрады.
Қазақстанда алғаш немесе жаңа енгізілген ББҚ – ға сапа жəне
қауіпсіздік талаптарына сəйкес қосымша іс-шаралар енгізілген
(себебі бұл талаптар қолданыстағы санитарлық-эпидемиологиялық
ережелер жəне нормативтерде жоқ):
– нормативтік жəне (немесе) техникалық құжат жобасында жаңа
өнім əзірлеушінің негіздемесі (дəлелі);
– құрамы жəне қасиеттері ұқсас басқа да өнімдердің қолданыстағы
санитарлық нормалар жəне гигиеналық нормативтерге сəйкестігі;
– өнім өндірілген елге қойылатын талаптарды сақтау;
– халықаралық ұйымдардың ұсынымдары.
Үш жасқа дейінгі балалар тағамына арналған биологиялық
белсенді қоспалардың санитарлы-эпидемиологиялық
сараптама-
сын жүргізу барысында ББҚ-дың құрамында табиғиға ұқсас жəне
синтетикалық заттар болмауы тиіс.
ББҚ-ды органолептикалық бағалау ереже бойынша тауарлық
сараптаманың бірінші кезеңінде жүргізіледі. Оның нəтижелері
тіркеуден өткізбеу жəне қосымша физика-химиялық жəне
микробиологиялық зерттеулерді жүргізу жұмыстарына негіз болуы
мүмкін.
ББҚ-дың қаптамасына қойылатын талаптар. ББҚ айналымының
барлық кезеңінде оның қаптамасы ББҚ-дың сақталуын жəне са-
пасын қамтамасыз етуі тиіс. ББҚ-ды қаптау барысында бекітілген
тəртіпте тағам өнімдері немесе дəрілік құралдармен байланыста
болуға рұқсат етілген материалдар қолданылуы тиіс, ақпарат –
ББҚ қаптамасына зат белгідегі тұтынушыға арналған ақпаратты
регламенттейтін, қолданыстағы заңдық
нормативтік құжаттарға
сəйкес енгізіледі.
Жеке немесе көлік қаптамасына енгізілген тұтынушыға арналған
ақпарат:
– ББҚ атауы;
– өндірушінің тауарлық белгісі (болған жағдайда);
– міндетті талаптарына ББҚ сəйкес болуы тиіс техникалық
құжаттардың атауы (Қазақстан жəне ТМД елдерінде өндірілетін
ББҚ үшін);
– салмақтық жəне пайыздық түрдегі кему тəртібіне байланысты
ингредиенттері көрсетілген ББҚ құрамы;
– ББҚ – дың негізгі тұтыну қасиеттері;
177
– тұтыну қаптамасының бірлігіндегі
ББҚ салмағы немесе көлемі
жəне өнім бірлігінің салмағы немесе көлемі;
– жекелеген ауру түрлері кезінде қолдануға қарсы көрсетілуі;
– ББҚ дəрі болып табылмайтыны туралы нұсқау;
– өндірілу мерзімі, кепілдік жарамдылық мерзімі немесе (жəне)
өнімді өткізудің (сату) соңғы мерзімі;
– сақтау мерзімі;
– ББҚ-дың нөмері жəне мерзімі көрсетілген мемлекеттік тіркеу;
– өндірушінің (сатушы)
орналасқан жері, атауы жəне өндірушінің
(сатушы) тұтынушылардан шағым қабылдайтын ұйымның ор-
наласқан жері жəне телефоны сияқты мəліметтерден тұруы тиіс.
Тұтынушы ақпаратты кез келген қолжетімді формада оқи ала-
ды. ББҚ зат белгісінде өнім атауына «экологиялық таза өнім»
термині жəне басқа да терминдерді қолдануға заңдық жəне ғылыми
негіздемесі болмаса, рұқсат етілмейді.
Тұтынушы алдындағы ББҚ сапасы жəне тиімділігі жөніндегі
жауапкершілік өнімді өндіруші жəне əзірлеушіге жүктеледі, олар
өнімдегі регламенттелген биологиялық белсенді заттар құрамының
сақталуына, қолжетімді болуы, қауіпсіздігі жəне
адам ағзасына
сіңірілуіне кепілдік беруі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: