Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі с. У. Қалдыбаев, А. С. Бижанова



жүктеу 3,87 Mb.
Pdf просмотр
бет60/76
Дата02.04.2023
өлшемі3,87 Mb.
#41962
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   76
АСУ қаз

3.15-сурет.
ЖЖ АБЖ функционалдық құрамы
Жүйенің бірінші кезегін жүзеге асыру түсіру жəне тиеу 
жұмыстарын жоспарлаудың ауысымды-тəуліктік міндеттерінің 
кешенін құруға, жергілікті жүкті тасымалдауды жəне жергілікті 
пойыздардың жүру уақытын жоспарлауға, бөлімшедегі жергілікті 
жұмыс барысын жəне оперативті жоспарлардың орындалу-
ын талдау мен бақылауға бағытталған. Құрылып жатқан АЖО 


184
жүйелер диалогтық режимде тұтынушыға бақылау объектілері 
жайлы детальды жəне шынайы қажетті шығыс мəліметтерін 
алуға, басқарушылық шешімдерін шығаруға мүмкіндік береді, 
желілік жəне жол ЖЖБО, АБО деңгейлерінің арасындағы жəне 
иерархияның бір ғана деңгейінің ішіндегі басқару жұмыстарының 
қолданысқа түсетіндігін көрсетеді. 
Алдағы тəуліктер мен ауысымдар үшін вагондарға жүктерді 
тиеу жəне түсіру көлемін жоспарлау жергілікті жұмысты опера-
3.16-сурет. 
Тəуліктік-ауысымды жоспарлау міндеттерінің кешені
тивті басқарудың маңызды жұмыстарының бірі болып табылады. 
(3.16 сурет). 
Құрылған жоспардың сапасына, оның жоспарлау объектілері 
бойынша детальдануына бөлімнің жергілікті жұмысының бүкіл 
ұйымының келесі кезеңге жасайтын жұмысы тығыз байланы-
сты. Жергілікті жұмыста орналасқан пойыздық жəне маневрлік 
локомотивтерді тиеуді қамтамасыз ету үшін қажетті вагон са-
ны, жергілікті жүкті таратуға арналған қозғалыс графигіндегі 
жіпшелер, – мұның барлығы ЖЖ АБЖ құрамындағы опера- 
тивті жоспарлау жүйесінің қызметі болып табылатын тəуліктік 
жəне ауысым жоспарларын жасау сатысында анықталуы қажет.


185
3.4 Автомобиль көлігін автоматты басқару жүйесі 
(АК АБЖ) жəне оның құрылымы
3.4.1 Негізгі түсініктер
Əлемдік автожолдар желісі (қатты қабатты жəне жетілдірілген 
жолдар) темір жолдардың ендігі бойынша келіп шығады. Бұл 
əлемдік жолаушы айналымының 40% жəне көліктің барлық тү-
ріндегі жүк айналымының шамамен 60% құрайды. Жүк жəне жо-
лаушы тасымалының басты бөлігі жеке мемлекеттердің ше гінде 
жүзеге асырылады. 
Қазіргі уақытта жеке мемлекеттер аумағында автокөліктер 
тарапынан қолданылатын автомагистральдар бірыңғай көліктік 
жүйелерді құрайды. Олар елдің экономикасының қажетті 
лік-
терін есепке алады, темір жол жəне су транспортымен өзара бай-
ланысты. Батыс Европада көптеген елдердің мұндай жүйелері 
мемлекетаралық көліктік міндеттерді жақсы орындайды. Олар 
белгілі мөлшерде темір жолмен салыстырғанда жылдамырақ 
аймақтық автокөліктік жүйеге ауысады. Батысевропалық мем ле-
кеттердің сыртқы сауда айналымының басты бөлігі – бұл жүк та-
сымалдаушылар мен контейнерлердегі кіші партиялар мен тасы-
малданатын өнім. Басқа аудандарда мұндай жүйелердің құрылуы 
жинақы (Батыс Европа) немесе шектеулі мөлшерге ие (Солтүстік 
Америка).
Жүктер мен жолаушыларды «есіктен есікке» жеткізу құралы 
ретінде автомобиль көлігінің орны ерекше. Батыс мемлекеттерде 
адамдар ел ішінде жəне жақын шет мемлекеттерге сапарын ав-
томобильдер мен автобустар көмегімен жасайды. Сондықтан да 
олардың əлемдік жолаушы тасымалындағы үлесі шамамен 80%. 
Көліктің бұл түрі қала ішіндегі қозғалысқа қызмет етеді, бірақ 
оның қолданылу шеңбері аймақ жетіспеушіліктің салдарынан 
үнемі өсіп отыра алмайды. 
Қазақстанда автомобиль – көліктің недəуір маневрленген түрі. 
Ол жақын қашықтықтарда жолаушы жəне жүк тасымал дау үшін 
қолданылады. 
Қазақстан 188 мың км-ге созылып жатқан автомобиль жолда-
ры желісіне ие. Қазақстан арқылы жалпы ендігі 23 мың км. бола-
13–1549


186
тын бес халықаралық автомобиль бағыты өтеді. Автомобильдік 
жол тораптары:
− 
Алматы – Астана – Костанай (трасса М-36): Челябинскке 
шығу жолы;
− 
Алматы – Петропавловск: Омскке шығатын;
− 
Алматы – Семей – Павлодар (трасса М-38): Омскке шығу 
жолы;
− 
Алматы – Шымкент (трасса М-39): Ташкентке шығу жолы;
− 
Шымкент – Актөбе –Орал (трасса М-32):
2009 жылы елдің аймағында «Батыс Европа – Батыс Қытай» 
автобанының құрылысы басталды, ол 2013 жылға қарай аяқ-
талады. Жол торабының жалпы ұзындығы 8445 км құрайды, 
оның ішінде 2787 км Қазақстан территориясы бойынан өтеді 
(Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Жамбыл жəне Ал-
маты облысы). Асфальт бетонды қаптаманың қалыңдығы 80 см 
құрайды, автомагистралдің пайдаға асырылу мерзімі – 25 жыл 
жөндеусіз, қозғалыстың максималды жылдамдығы – сағатына 
120 км. Жоба сонымен қатар, көлдердің үстінен өтетін көпір жол, 
жолдық-эксплуатациялық кешендерді, аялдамалық алаңшалар, 
автопавильондар, жайылымдық аралықтар, электронды таб-
ло секілді жолдарды да қарастырады. Құрылыспен бір уақытта 
трас са маңында орналасқан аймақтарда жол салу жəне жөндеу 
жұмыс тары жүргізіледі. 
Елдің əлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі жағда-
йында автомобиль көлігін қолдану шеңбері кеңейіп келе жатыр. 
Экономикадағы ЖІӨ екі еселендіру бойынша міндет терге жататын 
құрылымдық қайта жасауларды жүргізу автомобиль жолдарының 
өткізгіштік қабілетін мен сапасын көтеру қа 
жеттілігіне алып 
келеді. Себебі, автомобиль тасымалы 2010 жылға қарай 33 тен 55 
миллиард тонна-километрге ұлғайды. 
Қазіргі уақытта аталмыш салада қызмет көрсету жұмыстары 
толығымен бəсекелес ортаға берілді. 
Автомобиль жолдарын дамытудың басты алғышарттары ав-
тожолдар саласын дамыту Мемлекеттік бағдарламасының тара-
пынан 2001-2005 жылдарға арналған жоспарда қарастырылды. 
Бағдарламаны жүзеге асыру уақытында мемлекеттік маңызы бар 


187
11 мыңнан астам км. автомобиль жолдары жөнделіп қалпына 
келтірілді. 
Автожолдарды бес категорияға бөліп қарастыруға болады: 
I категория – мемлекеттік жəне республикалық маңызы бар 
автожолдар, сонымен қатар тұрғындарды теңіз порттары, аэро-
порттармен жалғастыратын автомобиль жолдары;
II категория – бұл да мемлекеттік жəне республикалық маңызы 
бар автожолдар;
III категория – өлкелер мен облыстардың басты жолдары, 
аудандық жолдар, сонымен қатар теміржол бекеттері мен көл-
дердегі тиеу-түсіру пункттеріне кіре беріс жолдары;
IV категория – өлкелік, облыстық жəне аудандық маңызы бар 
автожолдар, сонымен қатар өнеркəсіп орындарының, құрылыс, 
ауыл шаруашылығының жергілікті маңызы бар авто жолдары;
V категория – жоғарыда аталғандардан бөлек жергілікті ма-
ңызы бар ішкі кəсіптік жолдар.
Автомобиль көлігінің өндірістік-техникалық базасын төмен-
дегілерден тұратын негізгі қорларды есепке ала отырып қарас-
тыру мақсатқа сай келеді:
− 
жылжымалы құрамды жөндеу кəсіпорындары;
− 
жанар-жағар май бекеттері, транспорттық-экспедициялық 
ұйымдар, ЕО;
− 
гараж өндіретін кəсіпорындар, жылжымалы құрамды мо-
дернизациялау құрылғысы;
− 
дөңгелек жөндеу зауыттары;
− 
автовокзалдар;
− 
жүк автобустары бекеттері.
Автомобиль көлігінің жұмысы тасымалдаудың айлық жəне 
тəуліктік жоспарларының негізінде, жүргізушілерге жəне басқару 
диспетчерлеріне берілген міндеттер негізінде ұйымдас тырылады.
Жүк тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесін 
жасаудың басты мақсаты – ЭЕМ, ЭММ жəне заманауи бағ дар-
ламалық жабдықтау технологиялары негізінде оперативті бас-
қаруды жетілдіру арқылы автомобильдердің жұмыс жасау тиім-
ділігін арттыру. Ол жылжымалы құрамның өнімділігін көтеру 


188
жəне тасымалдауға кететін шығындарды азайту, ұйымдық се-
бептерге байланысты жұмыс уақытын жоғалтпау, өндірістік емес 
аралық аумақтар мен автомобильдерді тиеу-түсіру аймақтарын 
азайту, транспорт құралдарының жүк көтеру қабілетін жақсарту 
туралы деректер арқылы жүзеге асырылады.
Жүк тасымалдарын басқару жүйелерінде қолданылатын за-
манауи техникалық құралдардың бірі дербес компьютер база-
сын дағы заманауи бағдарламалық кешендермен байытылған 
жергілікті есептеуіш желілері болып табылады. Осындай кешен-
дердің бірі БЕСТ- АВТО жүйесі болып табылады. 
БЕСТ-АВТО – бұл кез келген типтегі (жүк жəне жолау шы ав-
токомбинаттары, трамвайлық-троллейбустық басқармалар, мұ 
-
най өндіруші, құрылыс, машина жасау жəне соған ұқсас ірі бір-
лес 
тіктерге қызмет көрсететін арнайы кəсіпорындар) авто-
көліктік кəсіпорындардың өндірістік-қаржылық қызметін авто-
маттандырауға мүмкіндік беретін желілік бағдарлама жүйесі.
БЕСТ-АВТО жүйесі жергілікті есептеуіш жүйені қолдану 
есебінен кез келген жұмыс орнында кез келген бағдарламаны 
қосып бірыңғай деректер базасымен жұмыс жасауға мүмкіндік 
жасайды. Бұған қоса, егер ақпарат БЕСТ-авто жүйесіне енгізіліп 
қойған болса, онда ол жұмысын жүргізуге қажетті басқа да ке-
шендер тарапынан қайта жасалады. 
БЕСТ-АВТО жүйесінің басты қасиеттері:
− 
қызметінің басты көрсеткіштерінің автоматты есебі (жанар-
май кірісі мен шығыстары, жүргізушілердің жалақысы);
− 
статистикалық есеп беру мен қорытындылардың үлкен 
көлемі;
− 
тарифтің барлық түрлері бойынша жөндеу коэффи циент-
терінің кең спектрі, ол кез келген инфляциялық өзгеріске опе ра-
тивті жауап қайтару мүмкіндігіне ие. 
Автомобиль көлігі жұмысын есепке алудың автомат 
танды-
рылған жүйесінің құрылымында жүк тасымалдау бойынша үш 
басты блокты бөліп көрсетуге болады: 
− 
Автомобиль көлігінің деректер базасы;
− 
Автокөлік қызметінің есептеуіш кешені;
− 
Электронды деректер алмасудың ақпараттық жүйесі.



жүктеу 3,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   76




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау