Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



жүктеу 0,52 Mb.
Pdf просмотр
бет30/48
Дата29.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#41899
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48
Физика Мұғалімге арналған нұсқаулық

Сабақты жоспарлау 
Сабақ мақсатын анықтаған соң, мұғалім осы мақсатқа қол жеткізу үшін сабақты қалай 
жоспарлау керек екендігін шешеді. Сабақ мақсатына жету үшін мұғалім бірқатар белсенді 
оқу тәсілдерін қолдана алады. Дәстүрлі дидактикалық оқыту әдістерінде жекелеген 
оқушының тұлғалық дербестігіне, ұмтылысы мен уәждеріне, мүдделері мен дағдыларына, 
оқу ерекшеліктеріне жеткілікті дәрежеде мән берілмейтін. Оқыту мен оқудың заманауи 
әдістері оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеру арқылы оқу үдерісін 
ұйымдастыруға аса мән береді және бұл бағыттағы мұғалімнің табыстылығы оқушылардың 
оқу үлгеріміне оң әсерін тигізеді. Мұғалімдер пән бойынша оқу бағдарламасының 
талаптарын орындау үшін, сонымен қатар, оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру 
үшін сабақты барынша тиімді жоспарлауы қажет. 
Мысал ретінде 7-сыныпта 
Сақталу
 
заңдары
бөлімшесіндегі 
механикалық
 
энергияның
 
екі
 
түрін
 
ажырату
оқу мақсатына байланысты мұғалім барынша белсенді сабақ жоспарын 
әзірлей алады: 
-
Сыныпқа «Ассоциация» ойынын ұсыну: оқушылар «Энергия» сөзімен 
байланысы бар сөздерді атайды. Осы ойын арқылы оқушыларда энергияның 
бірнеше түрі болатыны туралы ой тудыру; 
-
Оқушыларға кинетикалық және потенциалдық энергиялар туралы мәтінді оқуға 
беру: мәтіннен механикалық энергияның түрлерін анықтап, энергия түрлерінің 
анықтамаларын дәптерге жазу; 
-
Оқушыларға кинетикалық немесе потенциалдық энергияның өзгерісінен жұмыс 
жасалатыны туралы бірнеше қарапайым тәжірибе көрсетіп, оқушыларға «Қандай 


40 
жағдайда жұмыс жасалады?» деген сұрақ қою; 
-
Оқушылардың интерактивті ресурстармен нұсқаулық бойынша жұппен немесе 
жеке жұмысын ұйымдастыру; 
-
Кинетикалық және потенциалдық энергиялардың қандай шамаларға тәуелді 
екенін жұпта талқылауды ұсыну. 
Барынша тиімді оқуды жоспарлау үшін төмендегідей бірқатар мәселелерді ескерген 
жөн: 
-
Сабақта 
көптеген
 
жаттығу
 
түрлерін
жоспарлауға тырысу қажет. Бір сабақта 
мұғалім төрт, бес немесе одан да көп жаттығу түрлерін қамти алады. Аз уақыт алатын, 
айталық, 10 минуттық жаттығу дайындауға болады. Әдетте баланың назары бір нәрсенің 
төңірегінде ұзақ шоғырланып тұра алмайтынын естен шығармау керек. 
-
Мұғалім сабақ барысында бір жұмыс түрінен екіншісіне 
біртіндеп
 
ауысып
,
сабақтың мақсатын оқушылардың есіне салып отыруды ұмытпауы керек. Жаттығуды 
әртүрлі тәсілмен түсіндіруге дайын болу қажет. Мысалы, оқушылар бастапқыда жаттығуды 
бүкіл сынып болып орындап, кейіннен жұптасып оның орындалуын шыңдай алады. Бұл 
оқушыларға жаңа жаттығуға біртіндеп көше отырып, тапсырманы түсінуге көмектеседі, 
өткен сабақта алған білімдерін нығайтып, оқушыларға іс жүзінде бірнеше дағдыны 
қатарынан шыңдауға мүмкіндік береді. 
-
Сыныппен 
өзара
 
әрекеттестік
 
стилін
өзгертіп отыру қажет. Мұғалім сабақ 
барысында өзінің қанша сөйлейтіні туралы ойлануы қажет. Егер мұғалім тым көп сөйлесе, 
оқушыларда пікір таластырып, бір-бірінен үйренуге уақыт аз қалады. Оқушыларға сұрақ 
қойып, жауаптары бойынша сыныптың нені түсінгенін/түсінбегенін бағдарлаған дұрыс. 
Сабақта жеке, жұптық, топтық немесе бүкіл сыныпты қамтитын жұмыс түрлерін 
араластырып қолдану тиімді болады. 
Сабақ жоспарында мұғалім: 
-
оқу мақсаттарын анық, түсінікті түрде тұжырымдауы; 
-
сабақ жоспарының әртүрлі компоненттерінің тиісті бөлшектерін қамтуы (оқу 
жоспарындағы сабақ жоспарының үлгісін қараңыз); 
-
логикалық жағынан реттелген және оқу мақсаттарына сай келетін жаттығулар мен 
тапсырмалар туралы толық ақпарат ұсынуы; 
-
мақсатты білім мен дағдыларды қалыптастыруға арналған тиісті әдіс-тәсілдерді 
анықтап, проблемаларды алдын ала көре білуге және анықталған дағдыларға қатысты 
шешім ұсынуы; 
-
қажетті материалдар мен ресурстарды пайдалануды жоспарлауы тиіс. 

жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау