72
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
Volpe, 2012) концептуалдық ая қызметін құрылыс және монтаждау
жұмыстарында маңызды көмекші
құрал ретінде пайдаланыла-
тын құрылыс материалдарымен салыстырады. Концептуалдық ая
талқыланған әдебиеттердің категорияларын қамтиды. Ол катего-
риялар өте маңызды рөл атқарады, себебі олар деректерді талдап,
түсіндіру үдерісін басқарады және зерттеу нәтижелерін ұсынудың
негізі қызметін атқарады.
Концептуалдық ая кейбіреулердің оның атына қарап болжам
жасайтынындай, визуалды модель не болмаса сызба түрінде емес,
керісінше, баяндау түрінде сипатталады. Диссертация құрылы-
мында концептуалдық ая сол тараудағы әдебиетке шолу жасалған-
нан кейін ұсынылады. Әдебиетке шолу нәтижесінде анықталатын
категориялар, көбінесе, нәтижелерді сипаттау үшін тақырып не-
месе тақырыпша түрінде қызмет етеді. Сонымен қатар концепту-
алдық аядағы категориялар кодтау үдерісінде код атаулары ретін-
де пайдаланылады.
Блумберг пен Волпе (Bloomberg & Volpe, 2012) концептуалдық
аяны жасау үшін мынадай нұсқаулықтар ұсынады:
1. Категорияларды әзірлеу. Зерттеу сұрақтарына тікелей қаты-
сы бар концептуалдық категорияларды қалыптастыру қажет. Бір
зерттеу сұрағына қатысты кем дегенде бір категория болуы тиіс.
Бұл категориялар зерттеуіңіздің тетігі ретінде қызмет етеді; кей-
інірек оларды аналитикалық категорияларға айналдыруға болады.
2. Әр категория бойынша дескрипторлар әзірлеу.
Әдебиетке
шолу нәтижесінде қалыптасатын әрбір категория бойынша түйінді
мазмұнның сипаттамасын беруіңіз керек. Ол дескрипторлар талқы-
ланған әдебиеттен не алғаныңызды, зерттеу тәсілдерін сынақтан
өткізу деректерін (егер сынақтан өткізілген болса) және зерттеу
сұрақтарына алдын-ала берген жауаптарыңызды көрсетеді. Зерт-
теу жүргізу барысында дескрипторлардың қайта қаралып, кейбіре-
улерінің жойылуы мүмкін екенін айта кету керек.
«Қазақстандағы пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту (CLIL): На-
зарбаев зияткерлік мектептеріндегі (НЗМ) бес мұғалімнің кейсін
зерттеу» (Karabassova, 2018) докторлық диссертациясындағы кон-
цептуалдық аясын қарастырайық. Шолу нәтижесінде төмендегідей
категорияларды қамтитын концептуалдық ая әзірленді: