Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



жүктеу 2,34 Mb.
Pdf просмотр
бет38/149
Дата10.03.2023
өлшемі2,34 Mb.
#41684
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   149
Bilim-beru-zertteulerine-kirispe

2.2 Шолуды ұйымдастыру және өткізу
Сонымен, сіз зерттеу барысындағы әдебиетке шолудың мақ-
саты мен негізгі қызметтерін түсіндіңіз. Оны жүзеге асырудың 
нақты қадамы қандай? Тиісті дереккөздерді тауып, әдебиетке 
кеңірек шолу жасау – көп сатылы әрі ұзақ үдеріс.


64
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
1-кезең. Әдебиеттерді анықтау және іріктеу
Қажетті әдебиеттерді іріктеудегі ең алғашқы маңызды қа-
дамы – зерттеу жұмысына қатысты кілт сөздерді анықтап алу. 
Кілт сөздер мұқият және логикалық тұрғыдан нақты анықталған 
жағдайда ғана әдебиеттердің негізгі бағытын айқындауға бола-
ды (Oliver, 2012). Мысал ретінде «Қазақстандағы пәндік-тілдік 
кіріктірілген оқыту (CLIL): Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі 
(НЗМ) бес мұғалімнің кейсін зерттеу» (Karabassovа, 2018) атты 
зерттеу жобасын қарастырып көрейік. Аталмыш зерттеу мұғалім-
дердің танымдық білімі мен педагогикалық тәжірибесіне баса 
назар аудара отырып, үштілділік жағдайында Қазақстанда CLIL 
жүйесін енгізу мәселелерін қарастырады. Нәтижелер қатысқан 
мұғалімдердің көпшілігінің CLIL-дің педагогикалық мақсатын 
білмей, оны басқа тілде оқыту деп қана түсінетіндігін көрсетіп 
отыр. Пән мұғалімдері оқушылардың тілін дамытуда жанама рөл 
атқара отырып, тілден гөрі мазмұнға басымдық береді. Зерттеу-
дің тақырыбы мен мақсатына қарай мынадай негізгі ұғымдарды 
анықтауға болады:
• CLIL концептуалдылығы (teachers` conceptualization);
• СLIL тәжірибесі (CLIL implementation немесе CLIL practices);
• CLIL мұғалімдері (CLIL teachers).
Егер аталған өлшемдер дереккөздерді табуға көмектеспесе, 
онда іздестіру жұмысын басқа да кілт сөздерді қосу арқылы кеңей-
ту керек. Іздеу өлшемдерін кеңейту үлгісі 2.1-суретте көрсетіледі.


65
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
мұғалімдердің СLIL әдістемесін қабылдап, түсінуі, оған деген 
қарым-қатынастары мен көзқарастары 
CLIL сабақтарын жобалап, жоспарлау
екінші/үшінші тілде немесе ағылшын тілінде оқыту 
пән мен тілді кіріктіріу, біріктіру стратегиялары, CLIL-ді жүзеге асыру 
teachers` perceptions, understanding, attitude and beliefs about CLIL
design of CLIL lessons, planning CLIL
teaching through a second/third language or English
integration of content and language, integration strategies, CLIL enactment
2.1-сурет. Қазақстандағы мектеп мұғалімдерінің пән мен тілді кіріктіре оқыту
тақырыбы бойынша әдебиеттерді іздестіруді кеңейту үлгісі

жүктеу 2,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау