Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



жүктеу 2,34 Mb.
Pdf просмотр
бет19/149
Дата10.03.2023
өлшемі2,34 Mb.
#41684
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   149
Bilim-beru-zertteulerine-kirispe

1.3-суретБілім беру зерттеулерін жүргізудің тоғыз негізгі кезеңі
Зерттеу 
тақырыптарын 
айқындау
Зерттеу мәселелері 
мен міндеттерін 
тұжырымдау
Деректер 
жинау
Зерттеу дизайнын 
таңдау және 
ұйымдастыру
Зерттеу 
сұрақтарын 
құрастыру
Әдебиетке 
шолу
Деректерді 
талдау
Деректерді 
интерпретациялау
Деректерді 
рәсімдеу және 
таныстыру (зерттеу 
жұмысын жазу)
Кез келген зерттеу төрт негізгі қадамнан: 1) зерттеу тақыры-
бын айқындау; 2) зерттеу мәселесінің қойылуы; 3) зерттеу мақ-
сатын анықтау және 4) зерттеу сұрақтарын құрастырудан тұрады 
(1.4-суретті қараңыз). Білім беру зерттеуінің аталған төрт қадамы 
әдетте сіздің ғылыми жобаңыздың кіріспе бөлімін (кіріспе) құрай-
ды. Оларды сәтті жүзеге асыру зерттеу мақсатын ұйымдастыру мен 
нақтылаудағы ең күрделісі болып табылады. Зерттеудің нәтижелі 
орындалуы нақты осы төрт кезеңдегі жұмысыңыздың сапасына 
байланысты.


32
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
Зерттеу тақырыбын айқындау
Зерттеу тақырыбы, әдетте, зерттеудің пәнін сипаттайды, мыса-
лы: «Аймақтық университеттердегі оқытушылардың жарияланым 
белсенділігі», «Мектеп көшбасшылығы», «Қалалық орта мектеп-
тердегі қорқыту, қорлау (буллинг)», т.б. Көріп отырғанымыздай, 
барлық тақырыптар қысқа сөз не сөз тіркесінен тұрады. Яғни, 
зерттеу жобаңыздың тақырып атауы қысқа болуы керек. Кресуэлл 
және Кресуэлл (2020) тақырыпты зерттеудің жұмыс атауы ретінде 
анықтаудың маңыздылығын атап өтеді (Creswell & Creswell, 2020). 
Зерттеу тақырыбы зерттеуіңіздің негізгі идеясын бағдарлау мен 
топтау құралы ретінде қызмет етеді. 
Зерттеу мәселесінің қойылуы
Таңдалып алынған тақырып негізінде сіз зерттеу мәселесі 
мен мақсатын қалыптастырып, сәйкесінше өзекті деген зерттеу 
сұрақтарын айқындайсыз. Блумберг пен Уолпи атап өткендей, 
зерттеушілер тақырыпты зерттеу мәселесімен жиі шатастырады 
(Bloomberg & Volpe, 2019). Зерттеу тақырыбы қызығушылықтың 
Зерттеу тақырыбын айқындау
Зерттеу мақсатын анықтау
Зерттеу мәселесінің қойылуы
Зерттеу сұрақтарын құрастыру
1.4-сурет. Білім беру зерттеуінің алғашқы төрт қадамы


33
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
белгілі бір бағытына жатады, осы ретте зерттеу мәселесі ерек-
шелеу, ол зерттеу тақырыбының бір қыры ғана болып табылады.
Мысалы, егер зерттеу тақырыбын «Мектеп таңдау» деп алсақ, онда 
зерттеу мәселесі орташа табысы бар отбасылар мен табысы төмен 
отбасылар сынды екі әлеуметтік топ арасындағы мектеп таңдау 
стратегияларындағы айырмашылықтарды зерттеуге бағытталуы 
мүмкін. Мәселенің қойылуы оқырманға сіздің зерттеуіңіздің маңы-
здылығын түсінуге көмектесетін бір сөйлеммен немесе екі беттік 
мәтінде (ең көп дегенде) берілуі мүмкін.
Одан басқа, мәселе, зерттеуіңіздің қажеттілігін танытуы ке-
рек. Тақырыптың белгілі бір аспектісіне қатысты әдебиеттердің 
жетіспеушілігін зерттеу мәселесі ретінде қарастыруға болмайды. 
Басқаша айтқанда, тақырыбыңыздың қандай да бір аспектісінің 
аз қарастырылғандығын зерттеу мәселесі деп санауға болмай-
ды. Мәселені қалыптастыру «біз білетін, білмейтін проблемалар 
арасындағы сәйкессіздікке» негізделуі тиіс (Bloomberg & Volpe, 
2008, 34-б.).

жүктеу 2,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау