Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова


Зерттеу жүргізілетін орынға қолжетімділікті қамтама-



жүктеу 2,34 Mb.
Pdf просмотр
бет118/149
Дата10.03.2023
өлшемі2,34 Mb.
#41684
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   149
Bilim-beru-zertteulerine-kirispe

Зерттеу жүргізілетін орынға қолжетімділікті қамтама-
сыз ету және қатысушылармен байланыс орнату
Сапалық зерттеу зерттеу орнын зерделеуді талап етеді. Осы 
орынды зерделеу үшін рұқсатты деректерді жинауды жеңілде-
тетіндей етіп алу керек. Зерттеушіге университеттің немесе ин-
ституттың институционалдық әдеп комитетінің, сондай-ақ зерт-
теу орнындағы жеке тұлғалардың рұқсатын алумен қатар, зерттеу 
орнына кіруді қамтамасыз ететін және дерек жинауды жеңілде-
тетін адам қажет. Зерттеу қатысушыларына қолжетімділік әдетте 
«үйлестірушіден» басталады, алғашқы байланысты зерттеуші осы 
адаммен орнатады және ол зерттеушіні басқа қатысушылармен 
байланыстырып отырады (Creswell, 2013; Cohen et al., 2011). 
Кресуэлл (Creswell, 2013) бейтаныс мәдениетті зерттейтін 
зерттеушілерге осы «үйлестіруші» мен мәдени жүйеге бірте-бір-
те жақындауға кеңес береді, себебі зерттеушінің жалықтыратын 
қылығы әлеуетті қатысушыларды шошытып алуы мүмкін. Зертте-
ушінің мақсаты – зерттеуге қатысушылардың сеніміне кіріп, олар-
дың жүрегін сұрақтарға дұрыс, шынайы жауап беретіндей етіп жа-
улап алу. Әдетте «үйлестіруші» зерттеу туралы ақпаратты талап 
етеді, оған көбінесе зерттеушілер жауап беретін мынадай сұрақтар 
кіреді (Creswell, 2013, 153-б.):
• Неліктен бұл зерттеу орны таңдалып алынды? 
• Зерттеу барысында ол жерде не болады? Зерттеушілер зерт-
теу орнында қанша уақыт болады?
• Зерттеушілердің болуы кедергі келтірілуі мүмкін бе?
• Зерттеу нәтижелері қалай ұсынылады?
Адамдарды зерттеуге қатысуға көндіру, олардың сеніміне ие 
болу, сол арқылы олардың сұрақтарға шынайы жауап беруіне қол 
жеткізу маңызды мәселе болып табылады. Зерттеу орнына байла-
нысты факторларды да ескеру қажет. Мәселен, зерттеуші өзінің 
жеке қызығушылығы бар орынды таңдауы мүмкін (мысалы, ол 
сол ұйымда жұмыс істейді, басшылықты немесе оның қарамағын-
дағыларды зерттейді), бұл көзқарастардың әртүрлілігін дамытуды 
шектеуі мүмкін. Крессуэл атап көрсеткендей, зерттеу жұмысын өз 
ұйымында жүргізу ыңғайлы әрі дерек жинау кезіндегі көптеген 
кедергілердің жолын ашып берсе де, зерттеуші өзінің жұмысына 


190
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
кедергі келтіріп алуы мүмкін. Мәселен, егер ол жағымсыз деректер 
туралы ақпарат айтса не болмаса қатысушылар ұйымға не жұмыс 
орнына кері әсерін тигізетіндей жекелеген ақпаратты ашып қой-
са, зерттеушінің жұмысына қауіп төнуі мүмкін. Сапалық зерттеу-
лердің барлығына тән ерекшелік – барлық көзқарасты толыққанды 
қамтитын есептің даярлануы (Creswell, 2013, 151-б.).

жүктеу 2,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау