192
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория,
әдістер және тәжірибелер
Іріктеу стратегия-
сының атауы
Іріктеу стратегиясы түрлерінің сипаттамасы
Қар кесегі немесе
шынжыр
(snowball, chain)
Зерттеуге қатысушылардан зерттеуге қатысу үшін
адамдарды
тарту сұралады. Мысалы, белгілі бір бағдарламаны зерттеу
үшін зерттеуші бағдарлама жөнінде жақсы білетін аздаған қа-
тысушымен сұхбат бастайды. Содан кейін ол қатысушылардан
бағдарлама туралы білетін
басқа қатысушыларды ұсынуды
сұрайды. Осылайша, қатысушылардың аз ғана шоғыры қар
кесегі секілді толыға түседі (Mertens, 2010).
Төтенше немесе деви-
антты кейс (extreme
or deviant case)
Нақты бір жағдайды таңдау және салыстырмалы талдау жүр-
гізу. Мысалы, зерттеуші өте сәтті бағдарламаларды қарасты-
рып, оларды сәтсіз болған бағдарламалармен
салыстыра ала-
ды. Төтенше кейстерді зерттеу күнделікті жағдайды жақсарту
үшін ұтымды ақпарат бере алады (Mertens, 2010).
Қарапайым кейс
(typical case)
Қарапайым немесе қалыпты жағдайларды таңдап, талдау.
Мысалы, егер зерттеуші белгілі бір білім беру бағдарламасы
мектептегі орташа оқитын оқушыға
қалай әсер ететінін зерт-
тегісі келсе, онда ол қарапайым оқушыларға назар аударғанды
жөн көреді.
Зерттелетін құбылы-
стың қарқындылығы-
на
негізделген
іріктеу стратегиясы
(intensity)
Зерттеу орнын, топтарын және/немесе
жеке тұлғаларды олар-
дың қызығатын құбылыстарына қатысты тәжірибесі мықты,
бірақ экстремалды емес деп есептелуіне қарай таңдау. Мыса-
лы, оқу дағдыларын зерттеу үшін оқу үлгерімі
жақсы белгілі
бір сыныптағы/мектептегі оқушылар таңдап алынады. Олар
үздік оқымайтын, алайда тестілеу кезінде үнемі жақсы нәтиже
көрсететін оқушылар тобы деп саналады (Mertens, 2010).
Саяси маңызды кейс
(politically important
case)
Зерттеу орнын, топтарын және/немесе жеке тұлғаларды олар-
дың қызығатын құбылыстарымен саяси байланысы жағынан
таңдау. Елге жаппай таралған бағдарламалардың тиімділігін
талдау үшін зерттеуші заң шығарушы органның ықпалы күшті
аймақты таңдауы мүмкін, сол арқылы алынған нәтижелерге
баса
назар аударылып, олар танымал болуы мүмкін (Mertens,
2010).
Достарыңызбен бөлісу: