Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова


«АҚШ-та 1940 жылдары Таскиги университетінде



жүктеу 2,34 Mb.
Pdf просмотр
бет107/149
Дата10.03.2023
өлшемі2,34 Mb.
#41684
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   149
Bilim-beru-zertteulerine-kirispe

«АҚШ-та 1940 жылдары Таскиги университетінде 
(Tuskegee) мерез ауруын зерттеуде ауылдың кедей қара 
нәсілді адамдары қатыстырылады, олар ауруларды ем-дом-
сыз зерттейді. Жоба жұмысын үздіксіз жүргізу үшін оған 
қатыстырылған ауру адамдар тиімді емдеуден тіпті зертте-
уден кейін де айырылып қалған. Аталған зерттеудің тари-
хи сипатын қарастыра отырып, әділдік концепциясының 
адамдар қатысқан зерттеулер үшін қаншалықты маңызды 
екенін көруге болады» (Belmont Report, 1979, 6-б.).
 
Зерттеу тобы неліктен Алабама штатының ауылдық жерінде 
тұратын қара нәсілді ер адамдарды таңдап алған? Бұдан Таскиги-
де мерез ауруын зерттеу АҚШ-тағы нәсілшілдік пен шектен тыс 
теңсіздік жағдайында өткенін байқауға болады (Salganik, 2019). 
Tаскиги зерттеуіне қатысушылар қауқарсыз адамдар болған еді 
(жеке тұлғаны құрметтеу принципін қараңыз). Олар этникалық аз 
нәсілден шыққан, мерезбен ауырған, жоғары білімдері болмаған 
және әлеуметтік-экономикалық жағдайы төмен болған. Таскиги 
зерттеуіне қатысушылардың осы аталған сипаттары зерттеуді ұй-
ымдастырушыларға оларды пайдаланып, зерттеуге қатысуды қа-
былдау/қабылдамау шешімін өздері шығаруға қолайлы болған. 
Сонымен, Таскигиде жүргізілген зерттеу жұмысын Белмонт баян-
дамасында бекітілген зерттеу әдебі принциптерін бұзудың мысалы 
деуге болады.
Бір қауымдастықтың өкілдерін зерттеу нәтижелерінің бола-
шақтың пайдасы ретінде емес, зерттеу үдерісімен бірге жүретін 
күрделі нұсқаулықтарды орындау үшін зерттеуге тарту әділдік 
принципін бұзу болып табылады. Мысалы, зерттеуші қорқыту 
мәселелерін зерттеу барысында кейс ретінде бір мектепті таңдап 
алады, бірақ зерттеу жүргізілген мектепті қоспай, басқа мектептер-
дегі қорқыту тәжірибесін азайту үшін зерттеу нәтижелерін кеңей-
теді делік. Бұл жағдайда зерттеушінің әділдік принципін бұзатыны 
анық. BERA атап өткендей, «зерттеушілер қатысушылардың бір 
тобына өзгелермен салыстырғанда ерекше басымдық беретін (не-
месе қолайлы деп есептелетін) зерттеу жоспарларын азайту үшін 
нақты қадам жасауы керек» (BERA, 2018, 20-б.). Мысалы, зерттеу 
тобының балалардың әл-ауқатын қарастыру мәселесінде географи-


169
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
ялық жағдайына қарай ауыл мектептерін есепке алмай, тек қала 
мектептерін таңдап алуы зерттеуге қатысушыларды не ұйымдарды 
әділетсіз іріктеген деп тануға болады.
Рандомизацияланған бақыланатын зерттеулерді ұйымдасты-
ру кезінде әділдік принципіне ерекше назар аудару керек
27
. Экс-
периментті әзірлеу барысында зерттеу тобына қолжетімді, деген-
мен бақылау тобына қолжетімсіз ықпалды қажетті әрі пайдалы деп 
санауға болады. Эксперимент ықпалының тиімділігі дәлелденсе
онда зерттеудің нәтижесі (ықпалы) зерттеу аяқталғаннан кейін 
бақылау тобына ұсынылуы керек (BERA, 2018).
Сонымен, әділдік принципін сақтау мәселесі теңдік пен 
теңсіздіктің ақылға қонымды (Аристотель бойынша байланы-
стылық) үйлесімінен тұрады (Сомкин, 2016). Әділдік принципін 
сақтау барысында Белмонт баяндамасының авторлары қиындық 
пен пайданы бөлудің қарапайым тәсілдерінің мынадай бірнеше 
тұжырымын келтіреді: (1) әрбір адамға тең үлес беру, (2) әрбір 
адамға оның жеке қажеттіліктеріне сәйкес бөлу, (3)) әрбір адам-
ның жеке күш-жігеріне қарай бөлу, (4) әр адамның әлеуметтік 
үлесіне сәйкес бөлу және (5) әр адамның еңбегіне қарай бөлу» 
(Belmont Report, 1979, 5-б.). Әділдік принципін сақтамау жайы 
зерттеу жұмысының барлық кезеңінде қарастырылып отыруы тиіс. 

жүктеу 2,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау