шынайы өмірдегі құрылыспен
танысу көп көмектеседі. Серуендер, экскурсиялар кезінде
мектепке дейінгі жастағы балалардың әртүрлі құрылыстардың
ерекшеліктеріне назар аудартқан абзал: көпір қалай салынған,
тұрғын үймен көркемдік мақсаттағы ғимараттың (мұражай,
театр) немен ерекшеленеді, қала қөлік құралдарының
ұқсастықтары мен ерекшеліктері және т.б. Балаларға
құрылысшылар еңбегінің сипаттарымен, құрылыс техникасымен
танысу қызықты болуы мүмкін. Мектепке дейінгі үлкен жастағы
балалардың назарын, құрылыстардың мақсатын, кұрылымын,
безендіру тәсілдерін салыстыра білуін дамыта отырып,
ғимараттардың архитектуралық ерекшеліктеріне салу керек.
А.Н. Давидчуктің зерттеулерінде балаларға жаңа және ескі
ғимараттарды салыстыру ұсынылатын, бұл ең алғашқы тарихи
түсініктердің қалыптасуына маңызды. Балаларды түрлі
құрылыстар туралы әсерлер, біліммен байытып отырып, педагог
оларды жиынтықталған түсініктерді игеруге жетектеуі міндет,
яғни құрылыстардың белгілі мақсаттары (ғимараттар, көпірлер),
құрама бөліктері, қалыптары, пропорциялары, кеңістіктегі орны,
безендірулері болады.
402
Бүкіл барлық жас ерекшелігі этаптары бойынша құрылыс
материалдар ойындарын балалардың сенсорлық тәжірибесін
байыту үшін қолданады.
Конструктивті машықтарды оқыту барысында түрлі
әдістемелік амалдар
қолданады:
үлгінің демонстрациясы;
құрастыру
амалдарын
түсіндірумен
құрылыс
салу
тәсілдерін көрсету; мәселелік мақсаттың қойылуы
(гаражды
2 – 3 машина сию үшін қалай қайта салу); сәйкес келуі тиіс
(белгілі адамдардың саны бар отбасыға үй (бөлме) салу)
шарттарды көрсетіп құрылыстың тақырыбын хабарлау
.
Балаларда
жаңа
машықтарды,
құрастыру
тәсілдерді
қалыптастыру кезінде барлық жас ерекшелігі топтарында
үлгі
қолданады. 2 - 3 жастағы бөбектерге педагог үлгі көрсетеді
(балапандарға арналған кішкене қора), ал кейін балалар онымен
бірге құрылыс салады. Балалар конструктивті қызмет
тәжірибесін жинаған сайын және оның мақсаттары күрделенген
сайын үлгіні қолданудың әдістемесі өзгереді. Солай, балаға
жарым-жартылай үлгіні ұсынып, яғни тек қана оған таныс емес
амалдарды көрсетеді (конструктордың бөлшектерін қосудың
жаңа тәсілі, үйдің жабынын қағаз немесе картон көмегімен
құрау).
Бірінші мақсатты құрылыстың бітпеген үлгісін көрсету
қиындатады, оны балалардың әрқайсысы өзінше салып бітіруіне
болады (педагог вагонның сүйегін (арқау негізін) құрап, ал
балалар оны автобусқа, тармвай, поездің тауар немесе жолаушы
вагонына айналдарады). Құрылымның бір үлгісі беріліп, ал
балалардың әрқайсысы оны өз тәсілдермен орындағаны,
осындай амалды ақтайды. Балаға үлгіні өзгертуді ұсынуға
болады (ұқсас үй салып, бірақ бір қабат қосу немесе азайту, бір
емес, екі кіреберіс жасау, терезелерін үлкейту). Конструктивті
қызмет тәжірибесі бар мектепке дейінгі балаларға бір емес,
таңдауға 2 – 3 үлгі ұсынуға болады. Үлкен балаларға үлгі
ретінде құрылыстың суретін, сызбасын, сызбанұсқасын
қолданады. Оларға да жорамалдағы құрылыстың, өз бетімен
|