6.4 Сурет - Магнитсіздендіру (1) және ауа саңылауында магниттік
энергияның (2)
қисықтары
Кремний қосылған қорытпа
альниси
, кобальт қосылған
альнико,
ал
егер де кобальт 24% -ға тең болса –
магнико
деп аталады.
Қорытпалардың магниттік қасиеттерінің кенет өсуі тек құрамымен ғана
емес, оған қосымша арнайы өндіру күшті магнит өрісте құйылғаннан кейін
магнитті салқындату себепші болады.
Бұл қорытпалардың кемшіліктеріне олардан
жасалған бұйымдар дәл
өлшемдерін ұстап тұру жатады, ал оған себепші болатын жағдай –
қорытпалардың беріктігі және осалдығы.
Ең арзан қорытпа – кобальт және қорытпа (ЮНД), ал кобальт бар
қорытпалардың (ЮНДК( - көтеріңкі магниттік қасиеті бар және изотропты
заттар болады.
Порошоктардан жасалған магниттер.
Мөлшері қатал ұстамды
бұйымдарды құйылған қорытпалардан жасау қиын болғандықтан, тұрақты
магниттерді өңдеу үшін порошокты металлургияның әдістерін қолдануға
мәжбүр етілді. Бұл кезде металл керамикалық
және металл пластикалық
магниттерді ажырату керек. Металл керамикалық магниттерді дайындау үшін
майдаланған қатты магниттік қорытпалар құрылған порошокты престеу
(қысу) керек, ал одан кейін қосымша өңдеудің қажеттігі жоқ. Металл
пластикалық магниттерді дайындау пластмассаның престенуіне ұқсайды,
бірақ порошок ішінде қатты магниттік қорытпаның майдаланған дәндері
сияқты толтырғыш болады. Толтырғыш берікті болғандықтан, затқа 500МПа
– ға жететін меншікті қысым керек. Порошокты
магниттер көпшілік
автоматталған өндірісте магниттердің мөлшері шамалы және күрделі кескін
үйлесімі болған кезде дайындау үнемді болады.
Металл керамикалық магниттер әдетте уақ тесікті болады, қорытылған
электр энергия және қалдық индукция 10 – 20 % - ға сәйкес құйылған
магниттерге қарағанда төмен, ал беріктігі 5 – 6 есе жоғары. Металл
пластикалық магниттердің құйылған магниттерге қарағанда коэрцивтік күші
10 – 20% - ға, қалдық индукция 35 – 50% - ға, ал қорытылған энергиясы 35 -
50% - ға төмен. Металл пластикалық магниттердің
меншікті кедергісі өте
жоғары, сондықтан оларды жоғары жиілікті айнымалы магнит өрісі бар
аппараттарда қолданады.
Дыбыс жазу үшін қолданатын металды және металды емес заттар.
Дыбысты жазу және елестету үшін атты магниттік қорытпалар және болаттар
қолданады. Олардан үстіне дыбыс түсіруші қорытпасы бар бейметалды
таспалар және темірдің немесе кобальттің порошокты фериті бар
пластмассалық таспалар жасалады.
Таспаны немесе сымды жасауға қолданатын 25 кА-м тең коэрцивтік күші
және l Тл тең қалдық индукциясы бар (34% Fe; 52% Co және 14% V)
қорытпаны
Достарыңызбен бөлісу: