575
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Амал не, күншілдер мен тоғышарлардың пасық әрекеттерінен
арылып, сүйікті ісіне белсене кіріскен шағында, ғұмыр жасы елу-
ге де ілікпей ол ауыр науқастан опат болды. Аса да рынды ғалым-
геолог өмірінің соңғы төрт жылында (1958-1962)
Өзбекстан Ғылым
академиясының президенті болып еңбек еткен.
Тағы бір ғылыми айтыс Қаныш Имантайұлының сүйікті ұстазы
академик М.А. Усовтың ғылыми мұрасын қорғауға байланысты
өрбіген.
Қ.И. СӘТБАЕВ, И.И. БОК,
«М.А. Усовтың геологиядағы негізгі
идеялары» жинағында жариялаған алғысөзден:
«Линдгрен-Эммонс жариялаған... жік
теу
дің орнына 1933
-
1935 жылдарда М.А. Усов... кен орындары үшін мүлдем жаңа топ-
тау ұсынды... Сол тұжырым оның «Кен орындары» оқулығында
жарияланған. Осы топтауды геология ілімі бүгінде бірауыздан
қабылдап отыр. Нақ осы тұжырымды көп жылдан соң еш қандай
өзгертусіз неміс ғалымы Г. Шнейдерхен де ұсынды. Бірақ ол
оқулығында Усов тың есімін атаған жоқ, қасақана «ұмытып»
кетті. Сонымен, қа зір де жолды болып жүрген көптеген шетел дік
оқулықтар мен ғылыми еңбектерде бұл топтау Шнейдерхеннің
есімімен аталады. Бір ғажабы, осынау әділетсіздік біздің елде де
өзгеріссіз қайталанып жүр. Кеңестік «Кен орындары курсының»
авторлары және неміс ғалымының еңбектерін орыс тіліне
аударған (редакциясын академик В.И. Смирнов басқар
ған)
геологтардың талғамсыздығына, шетелдік ғалымның мұрасына
ерекше ық тия т тылығына таңданбасқа шарамыз жоқ...»
Шамалауымызша, бұл айтыстың қайыра өрбуіне біз осы
ғұмырнаманың екінші бөлімінде сөз еткен, Санкт-Петербург
пен Сібір геология мектебі түлектерінің өзара ғылыми бәсекесі
түрткі бол ған. Заман өзгерді. 1930 жылдарда-ақ сәтті барлауы-
мен бел ала бастаған Сібір геологтары қатарына өрелі табысымен
Қазақстан және Орта Азия кен іздеушілерінің қарамды да да-
рынды тобы қосылды. Осы ортадан жарқырап дара шыққан әріде
В.А. Обручев пен М.А. Усов, беріде Қ.И. Сәтбаев, Х.М. Абдуллаев
және басқалары бұған дейін жолды
болып келген теорияларды
(шындығында ескілі-жаңалы кен көмбелерін ашуға бөгет болған)
тәрк етіп, солардың орнына мүл дем жаңа ғылыми концепциялар
ұсынды. Әрі соны нақты барлаумен айғақтады. Олай болса, шы-
найы ғылым иесі ақиқатқа ден қо й ып, өздері қолдап та, мансұқтап
576
Медеу СӘРСЕКЕ
та жүрген негіздерден бас тартуға тиіс еді. Алайда олай болмады.
1960 жылдардың бас шенінде Ленинград ғалымдары мен оларды
қостаушы бір топ Мәскеу металлогенисі академик Сәтбаевтың
бұл саладағы көшбасшылық рөліне төз гісі келмей,
ұйымдасқан
түрде шабуыл бастаған. Сол күресте олар қазақ ғалымы
ғылыми
айналымға енгізген металлогениялық ұстанымға ашық тиіспей,
жөткірліктің ежелгі әді сін қолданып, Сәтбаев ұсынған идеяның
аспаннан түспей, шетелдіктер баяғыда ойлап тапқан жаңалық
екенін мәлімдеген. Сол жолда бетке ұстаған басты «көсемі» – «еу-
ропа металлогенистерінің атасы» атанған әйгілі неміс ғалымы
Г. Шней дерхен.
Қысқасы, бұл дау әр түрлі деңгейде өрбіп, ақыры «Кеңестік
геология» журналының бетінде бірнеше жылға созылған ғылыми
ай тыс қа ұласады. Талай білімпаздар бұл жайында өз топшылаула-
рын жария етті. Жұрт күткендей, негізгі тәжіке тағы да ВСЕГЕИ
мен ҚазГҒИ металлогенистері арасында жүреді.
Қ.СӘТБАЕВ, И.Бок, Г.Б. Жилинский («Кеңестік геология»
журналы, 1960 жыл, № 9):
Достарыңызбен бөлісу: