Хазірет айша



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет71/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   152
Айша

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
219
Бірде жорықтардың бірінде жеребе Зейнеп пен 
сафия анамызға түсіп, екеуі бірге шығады. Жол ұзақ. 
ауыр жүрістен сафияның мінген түйесі болдырып, 
жүре алмай қалады. ал, Зейнеп анамыздың жетегінде 
артық түйе бар еді. Жағдайды білген пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Зейнепке қарап:
– сафияның түйесі болдырып қалды, жетегіңдегі 
түйеңді бер, – деді. сол күнге дейін мұсылмандар 
Бәни Қайнуқа, Бәни надыр, Бәни Құрайза, Хайбар, 
Уадил Қура сынды иудей тайпалардан көп теперіш 
көрген болатын. Әсіресе, сафияның әкесі Хуай ибн 
ахтаб мұсылмандарға қарсы одақты басқарған адам 
еді. мәдинада олардың қиянатына куә болмаған жан 
жоқ. Қысқаша айтқанда, иудейлерді ұнатпайтынын 
жасырып қала алмай:
– Түйемді мына иудейге бер дейсіз бе? – деді.
Бұл алла елшісін ренжітетін сөз еді. Қандай 
себеппен болса да, мұндай сөзге бұдан кейін ерік 
берілмеуі керек. сондықтан Зейнепке қатаң ескер-
ту жасап, екі-үш ай бойы енді оған жоламайтынын 
білдірді.
Бұны естігенде Зейнеп анамыздың да жан-
дүниесінің астаң-кестеңі шықты. алланың елшісінен 
жырақтап қалғанына өкінді. Кешірім тілеп, бұрынғы 
күнімді келтір деп дұға етті. мерзім осынша ұзаған 
соң ажырасқаны шығар деп ойлады, тіпті төсек- 
орнын да жинай бастады. соңғы үмітпен айша 
анамызға барып, алланың елшісіне жолығуын өтінді.
Дұрысы да осы еді. Өйткені, айша анамыз 
араласқан ісінен нәтиже шығаратын. расында да 


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
220
барып сөйлескеннен кейін пайғамбарымыз райынан 
қайтты. 
сөйтіп, Зейнеп анамыз кешірімге қол жеткізді. 
Осылайша, ең ауыр азапты күндер де аяқталды. алла 
елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қайтадан үйіне 
ерекше жарық ала келгендей болды
358
. Зейнеп анамыз 
жіберген қателігін түсініп, енді ондай қылығын сап 
тыйды. 
алланың елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
үшін алатын орны айрықша болса да Зейнепті (р.а.) 
мақтап айша (р.а.) былай деді:
– мен дәл Зейнептей дінге берілген адам 
көрмедім. Ол тақуалыққа мұқият қарайтын, ал-
ладан қатты қорқатын. Жақындарына қарасып, 
садақа беруде алдына жан салмайтын. Көмек беруге 
дайын тұратын. аллаға ең жақынымыз еді. Бір 
айырмашылығы, табиғатындағы қызбалығынан тез 
ашуланатын, алайда қайтуы да тез болатын
359

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
бір күні оларға:
358
Қараңыз: Әбу Дәуіт, сүнән 4 (4602); ахмад ибн Ханбал, мүснәд 
6\131 (25046), 6\261 (26293); Хәйсәми, мәжмауз зәуәид 4\323; Та-
барани, әл-мұғжамул әбсәт 3\99 (2609), әл-мұғжамул кәбир 24\71 
(188). айша анамыздың араласқан адамы сафия анамыз болғаны ту-
ралы да айтылады. Тіпті, бұл мәліметте осылай делдалдық жасағаны 
үшін расулаллаға тән өзінің күнін айша анамызға берген. Бір-біріне 
ұқсайтын осы оқиға екі анамызда да болған болуы мүмкін, екеуінде 
де делдал болып араға айша анамыз араласса керек. Қараңыз: ах-
мад ибн Ханбал, мүснәд ; нәсәи, әс-сунәнул кубра 5\300 (8923)
359
мүслим, фадаилус сахаба 83 (2452); нәсәи, Ишратун ниса 3 (3944); 
нәсәи, әс-сунанул кубра 5\281 (8892); Табарани, әл-мұғжамул 
әбсәт 9\88 (9211); Байһақи, сүнән 7\299 (14526) 


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
221
– араларыңда маған алғаш қауышатынның қолы 
ең ұзының, – дейді. Кейіннен естеріне осы сөз түсіп, 
бір жерге жинала қалса қолдарын созып бір-бірімен 
салыстыратын.
Осы оқиғаны риуаят еткен айша анамыз (р.а.):
– Біз пайғамбарымыздың әйелі Зейнеп қайтыс 
болғанға дейін ол сөздің мәнісін түсінбеппіз. Қолы 
ұзын дегені көп садақаны білдіреді екен. Бірақ, 
ол арамыздағы бойы ең ұзын емес болатын. Бір 
ерекшелігі, қолымен іс тігіп, жиған қаражатын үнемі 
садақаға тарататын
360

Тағы бірде айша анамыз сафияның бойы қысқа 
екенін айтып: 
– сафияға сонша көңіл бөлгенді доғарсаңызшы, 
– деп қалды. ашуланған жары:
– сен сондай бір сөз айттың, егер бұл сөз теңізге 
тасталса, бәрін былғар еді, – деді. анамыз да өкінді. 
мақсаты алланың елшісін ренжіту де, сафия ана-
мызды кемсіту де емес еді. сондықтан да: 
– мен тек оны сырттай сипаттадым, – деді. сонда 
пайғамбарымыз:
– мейлі дүниені тұтас берсе де ешкімнің оның 
сыртынан солай дегенін ұнатпаймын
361
, – деді. 
Бұдан былай сафия айша анамыз үшін алланың 
елшісінің аманатындай көрінді. Көңілін жағымсыз 
ойлардан арылтып, сафияны қасына ертіп, ең қиын 
сәттерде де екеуі бірге жүрді. 
360
Бұхари, Зекет 10 (1354); мүслим, фадаилус сахаба 101 (2452); 
нәсәи, Зекет 59 (2541); Ибн Хиббан, сахих 8\108 (3314) 
361
Әбу Дәуіт, Әдәб 40 (4875); Тирмизи, сыфатул қияма 51 (2502) 



жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау