Хазірет айша



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет67/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   152
Айша

Хадиша анамыз
Хадиша анамыздың ертеректе қайтыс болғаны 
белгілі. анығырақ айтқанда, айша анамыз (р.а.) 
Хадиша анамызбен қатар өмір сүрмеген, өзара апта 
күндерін бөліспеген. Осыған қарамастан, айша 
жарын ең көп Хадиша анамыздан қызғанған. Өйткені, 
Хадиша пайғамбарымыздың сүйіп қосылған жары әрі 
ең ауыр күндері қолдау көрсеткен жан еді. Уахиға 
дейін бірге өткізген он бес жылда адал жар, уахи 
кезінде ең үлкен қолдаушы бола білді. Хадиша-
дан айрылуы да осындай ауыр кезеңмен тұспа-тұс 
келгені есте. алайда, алла елшісі (саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) адал жар болатын. Өзіне осыншалықты 
жақын болған, қиын күндерін бірге өткізген жарын 
есінен шығармай, сәті түскенде үнемі еске алып оты-
ратын. Тіпті сындарлы сәттерде де ұмытпайтын. 
мысалы, Бәдірде тұтқынға түскен күйеуі Әбул асты 
босатуды сұрап қызы Зейнептің жіберген моншағын 
көргенде, кідіріп қалды. Өйткені, осы моншақты 
Зейнеп тұрмысқа шыққанда Хадиша сыйлаған бола-
тын. сол себепті бұл моншақ көзіне оттай басылды. 
Біраз тұрғаннан кейін қасындағыларға: 
– Қаласаңдар, Зейнептің тұтқынын босатып, 
мына моншағын өзіне қайтарып беріңдер!
335
– деді. 
Хадиша анамызға деген құрметпен Әбул ас 
тұтқыннан босаған. 
Кейінгі жылдары да осы құрмет өзгермеді. мек-
кеге он мың қолмен келе жатқан кезінде әлдене есіне 
335
Әбу Дәуіт, Жиһад 121 (2692); ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\276; 
Байһақи, сүнән 6\322; Хаким, мүстадрак 3\25, 262, 366, 4\48; Ибн 
сағд, Табақат 8\31


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
205
түскендей Хажунға кілт бұрылды. сахабаларының 
өзіне аңтарыла қарағанына қарамастан, тіке Хадиша 
анамыздың қабірінің басына барды. Бүгінгі мекке 
жеңісінде үлесі барын ескергендей сол жерде ұзақ 
дұға оқып барып кері қайтты.
Хадишаға деген осы сүйіспеншілігі көзі тірісінде 
сарқылмады. Өзіне бір сыйлық келе қалса, алдымен 
Хадиша анамыздың жақындарына жіберіп, мейлінше 
қарасатын. Туыстарынан да құрметін аямайтын. 
себебін сұрағандарға: 
– мен оның жақсы көргендерін де жақсы 
көремін
336
, – деген. 
Хадишаға шаң жуытпайтын. Бірде айша анамыз 
Хадиша туралы ұнамсыз бір сөз айтып қалды. сол 
мезет алла елшісі қабақ шытып былай дейді: 
– Хадиша менен байлығын да, сүйіспеншілігін 
де аямаған жан.
Тағы бір осындай оқиғада анамыз назданып:
– Дүниеде Хадишадан басқа ешкім жоқтай! 
– деп қалады. Осы сәт Хадиша анамыздың жақсы 
қасиеттерін тізіп айтқан расулалла:
– мен әрі сол Хадишадан бала сүйдім!
337
– деді.
Тағы бірде үйде отырған кезінде есігі қағылды. 
Есікті ашқан Пайғамбарымыз:
– Ой, алла! Хала келіпті, Хуайлиттің қызы Хала, 
– деп қуанып кетті. Даусынан жазбай таныды, есікті 
қаққан Хадиша анамыздың сіңлісі Хала екен. Ішке 
336
ямани, Үммүл муминин Хадижату бинт Хуайлид сәйидатун фи 
Қалбил мустафа 13
337
Бұхари, фадаилус сахаба 50 (3607); ахмад ибн Ханбал, мүснәд 
6\117 (24908)


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
206
кіруге рұқсат сұрап тұр. Даусындағы нәзіктік пен 
рұқсат сұрау тәсілі алла елшісін бұрынғы жылдарға 
апарып, Хадиша анамызды есіне түсірді.
сол жолы жарының толқығанына айша анамыз 
куә болып, таңырқап қалған. алла елшісі (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) Хадишаны осыншалықты жақсы 
көретін. Пайғамбарға қадірі бар адамның дүние мен 
ақыретте алаңдауына қажет бар ма? Дегенмен Хадиша 
қандай қасиетімен осыншалықты сүйіспеншілікке 
кемелді деген сауалдың туғаны анық. Осы себепті 
хазірет айша:
– Әлденеше жыл бұрын қайтыс болып кеткен 
әйелді сонша қадір тұтқаныңыз қалай? алла одан да 
қайырлыларын бермеді ме сізге? – деп қалды.
Хазірет айша (р.а.) алла елшісіның өз аузынан 
Хадиша анамыздың қадір-қасиетін ұқтырғысы кел-
гендей. 
алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) болса 
бұл сұрақты аса жақтырмаған кейіпте:
– Хадишаға жетер адам бар ма? – деп бастады 
сөзін 

ант етейін, раббым маған одан асқан қайырлы 
жар бермеді. Өйткені, ел күпірлікте жүргенде алғаш 
келіп, сөзіме сенген сол еді. Ел мені өтірікші деп 
айыптағанда мені растаған, ел менен дүние-мүлкін 
аяған кезде барын әкеліп алдыма тосқан да сол еді. 
Жасаған ием маған Хадишадан ұрпақ сүйдірді»
338
.
анамыз өзі күткен жауабын алды. расул үшін 
әркімнің өзіне тән орны бар. Олардың бірін жақсы 
көруі басқаларды жақсы көрмейтінін білдірмейтін. 
338
ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\117 (24908); Хәйсәми, мәжмауз 
зәуәид 9\224, Табарани, әл-мұғжамул кәбир 23\13 (22)


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
207
Демек, Хадиша анамызды ерекше құрмет тұтуының 
өзіндік себебі жоқ емес. айша анамыздың сұрағының 
арқасында мәселенің мән-жайы барша үмбетке белгілі 
болды. 
Бұдан былай Хадиша туралы артық сөз айтпай-
тынына уәде беріп, айша дереу кешірім сұрады
339
.
міне, бұл Хадиша анамызға деген зор құрмет 
еді. Өзі тірі болмағанмен әрдайым алла елшісімен 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бірге жүргендей еді. 
Оны айша анамыз көзімен көре алмады. Дегенмен 
пайғамбарымыз үшін Хадиша анамыздың алатын 
орнын терең түсінді. 
Әйел болған соң кейде қызғаныш та білдіретін. 
Күйеуін қызғанғаны ма өзіне бөлген уақыттарын 
басқалармен бөліскісі келмейтін. Қалай бөліссін, 
бұрынғы жылдары екі күнде бір алланың елшісінің 
жанынан табылса, енді тек тоғыз күнде бір кезек 
келетін. Оның үстіне бұл күндері алла елшісі рухани 
жүдеп Хадиша анамызды жоқтағандай. сол үшін 
де басқа әйелдеріне қарағанда Хадишадан көбірек 
қызғанатын. Бұл жағдайды қасындағыларға былай 
түсіндірген: 
– расулалланы басқа әйелдерінен дәл Хадиша-
дан қызғанғандай қызғанбадым. Өйткені, Хадиша 
туралы көп айтатын және әрдайым мақтап отыратын. 
Қой сойса да етінен дәм татсын деп Хадишаның ту-
ыстарына жіберетін
340

339
Табарани, әл-мұғжамул кәбир 23\11; Зәһәби, сиәр 2\112
340
Бұхари, никах; фадаилус сахаба 50 (3605, 3606, 3607, 5658); Тир-
мизи, Бирр 70 (2017); мәнәқиб 62 (3875, 3876); ахмад ибн Ханбал, 
мүснәд 6\58 (24355)


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
208

жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау