Хазірет айша



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет139/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   152
Айша

аЙШа анаМызДыҢ 
нЕКЕЛЕСКЕнДЕгІ ЖаСы
анамыздың тұрмысқа шыққандағы жасы ислам-
нан ілік іздейтіндердің жиі қозғайтын тақырыбы. 
Олар айшаның пайғамбарымызбен жастай тұрмыс 
құрғанын алға тартып, исламды қаралағысы келеді. 
Иә, айшаның Хадиша анамыз қайтыс болғаннан 
кейін және һижреттен екі немесе үш жыл бұрын 6 
не 7 жасында атастырылғаны, һижреттен кейін 9 не 
10 жасында тұрмыс құрғаны туралы риуаяттар бар 
және бұл риуаяттар бойынша алла расулы қайтыс 
болғанда жасы он сегізге келген
734
. алайда, анамыздың 
жасы туралы риуаяттар тек мұнымен шектелмейді 
және бұлардың барлығын бірге қарағанда, оның 17, 18 
немесе 19 жастарында алла расулымен (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) тұрмыс құрғаны байқалады. 
Бұл тақырыпты жиі қозғап жүргендер ол заманғы 
әдет-салттарға назар аудармай әрі исламға үстірт 
қарауда. 
734
Бұхари, мәнақибул ансар 20, 44, мүслим, никах 71, фадаилус са-
хаба 74, Әбу Дәуіт, Әдәб 55, Ибн мажә, никах 13, нәсәи, никах 78, 
Дарими, никах 56.


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
420
Тарихта осы мәселе көтерілгелі бері ислам 
әлемінен оған жауап та түрліше кейіп танытып келеді: 
кейбірлер сол риуаяттарға жүгінсе
735
, енді бір бөлігі 
тұрмысқа шыққан кезде айша анамыздың кәдімгідей 
бойжетіп қалғанын айтады
736
. Пікір қарама-
қайшылығы риуаятшылардың әртүрлі көзқараста 
болғанын білдіреді.
алдымен мына мәселені анықтап алу керек: әркім 
өзі өмір сүрген кезеңінің адамы және әр қоғамның 
салт-дәстүрі уақыт өте өзгеріп отырады. Ендеше, 
әр дәуірді өз мәдениетін негізге ала отырып сара-
лау керек. Олай болмаған жағдайда өткен тарихтағы 
оқиғаларды дұрыс түсіне алмай қалуымыз мүмкін. 
Қоғам ортақ әрекеттер нәтижесінде туындаған салт-
дәстүрлер бойынша бағыт алады және біз бұны ескер-
месек, ол қоғамды түсіну қиынға соғады.
Осы пікір шеңберінде тақырыбымызға оралатын 
болсақ, алла расулының өмір сүрген кезеңінде қыз 
балалар ерте ұзатылған
737
және жас айырмашылығына 
онша мән берілмегенін көреміз
738
. Тіпті, бұл тек қыз 
735
азимли, мехмет, «Хазірет айшенин евлилик яшы тартышмаларын-
да савунмажы тарихчилиғин чыкмазы», Ислами зерттеулері, 16\1, 
2003, 28-c.
736
Доғрул, Омар рыза, асры саадет, Ескишехир Кітапханасы, стам-
бул, 1974, 2\141 нәдәуи, сәйд сүлейман, хазірет айша (мүтержим 
ахмет Караташ), Тимаш йайынлары, стамбул, 2004, 21 c саваш, 
рыза, «Хазірет айшенин евленме йашы иле илгили фарклы бир йа-
клашым», Д.Е.Ү. Илахият фак.Дерг. , Измир, 1995, 139-144-c. Юже, 
абдулхаким, Ефендимизин бир гүнү, ышык йайынлары, стамбул, 
2007, 82-83 c 
737
абдулмуттәлиб ерте жаста Хала бинти Үхәйбпен үйленген, Әмина 
мен абдуллаһты да осы жастарда үйлендірген. Тіпті осы екі үйлену 
бір жиында жүзеге асқандықтан пайғамбарымыз бен көкесі хазірет 
Хамза арасындағы жас айырмашылығының бірдей екені байқалады. 
738
Пайғамбарымызға сонымен қатар құдалық жағынан жақындықты 


Айша анамыздың некелескендегі жасы
421
балаларға ғана қатысты емес. ұл балаларға да қатысты 
жағдай
739
. Әрине, мұның әртүрлі себептері бар. Ең 
басты себебі, қыз балаларға және әсіресе олардың ата-
анасына қоғамның қалыптастырған қысымы. Құран 
ол кездің тағылығын суреттегенде, қызы туылған әке 
түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмай қалатын деп ғибрат 
етеді
740
. Ол қоғамда қыз балалы болу айтарлықтай ұят 
саналды. ал сол ұятқа шыдап жүре алмағандар қыз 
балаларын өлтіруге мәжбүр болған, бейнелеп айтсақ, 
бір дақтан құтылам деп маңдайына өмірі өшпейтін 
басқа күйе жағылған. 
надандық дәуірінде атқа міне алмайтын, майдан-
да соғысып, қылыш ұстай алмайтын бала-шаға мен 
әйелдің қадірі болмады. Қыз баланың мұрадан үлес 
алуына және жеке мүлік иеленуіне рұқсат берілмейтін. 
Кейбіреулер «қыз балаға күйеуінің үйінде өскен жөн» 
деген түсінікпен қыздарын тым ерте ұзататын. 
ауа райының ыстық болуы да адамның ерте 
жетілуіне әсер ететін. сол үшін климаты ыстық 
аймақтарда адамдар ерте үйленетін
741

Бұл өзі тек қыз балаларға ғана қатысты емес. Тек 
Бәдір мен Ухуд сияқты соғыстарда алла раслуы-
көздеп, хазірет Омар арадағы жас айырмашылығына қарамастан 
хазірет Әлидің қызы Үммү гүлсіммен үйленген және бұл некеге ол 
кездің қоғамы еш таңданбаған. 
739
мысалы, амр ибн ас пен баласы хазірет абдулланың арасында тек он 
бір немесе он екі жас қана айырмашылық бар. Демек, ол тоғыз немесе 
он жастарында үйленген. Қараңыз: Ибнул Әсир, Усудул Ғаба, 3\240
740
«Олардың біріне қыз баласының дүниеге келгені хабарланса, ашу-
дан түтігіп кететін». Қараңыз: нахл, 16\58
741
негізінде осындай жағдай қазір де бар. Өте ыстық кейбір аймақта 
балалар физикалық тұрғыдан ерте жетілетін. сонымен қатар, бұл 
аймақтарда тұратын адамдардың орта жасы солтүстік және суық 
аймақтарда тұратын адамдармен салыстырғанда аз болып, адамдар 
ерте дүниеден озатын.



жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау