365
(тоқыраулы бауыр) байқалады. Бауыр ҥлкейіп, жайылма тҥрде ҿседі, қатайып
пальпациялағанда аздап ауырады. Сонымен қатар, оның кейбір функциялары (кҿмірсулар,
белок алмасуы, залалсыздандыруы) бҧзылады. Бауырдағы патологиялық ҿзгерістер,
ҽдетте қалдықсыз жойылып кетеді. Дегенмен, бауыр ҥлкеюі ревматизмнің жедел
ҧстамасынан кейін ҧзақ уақыт сақталып қалады.
Кҿздің ревматизмде зақымдалуы балаларда сиректеу кездеседі. Кҿбіне, негізінен
жайлы бітетін, ириттер байқалады. Ириттердегі бҧзылыстармен қатар ревматизмнің басқа
белгілері, ҽсіресе жҥрек-тамыр жҥйесіндегі ҿзгерістер бойынша анықтауға болады.
Ревматизмнің қайталама тҥрлерінде ревматикалық ириттер қайталанып тҧруы мҥмкін.
Ревматизмнің ҧстамасы, артынан патологиялық процесстің ҧзақ бҥркеме кезең
басталатын, негізгі бір сатысы. Демек ҧстаманың бітуімен ревматизмнің барлық
клиникалық белгілерінің дамуы аяқталмайды. Бҧл кезең бҧрын ҧстамааралық болып
белгіленсе, қазіргі жіктеліс бойынша активті емес сатысы деп аталады. А.А. Кисель бҧл
кезеңді былай сипаттайды: ―Ҧстама аралық кезеңді біз қалай тҥсінуіміз керек? Бҧл
процесс қандай жағдайда болады? Мҥмкін, ол тҥгел тоқтайтын шығар? Барлық клини-
калық ерекшеліктеріне қарағанда, бҧл мҥмкін емес. Біртіндеп жайлап даму бҧл аурудың
негізгі ерекшелігі, науқастың сыртқы тҥрі жҽне олардың жҧмыс жасау қабілеті ауру толық
жазылып кеткен деген ойға қалдырады. Дегенмен, басқа клиникалық белгілері бҧл ойдан
бас тартуға мҽжбҥр етеді. Дҧрысы ҧстама аралық кезеңде процесс дами тҥседі, ҿте жай
дамитын болғандықтан, кейде процесс тоқтап қалады деген кҿзқарас туатын болса керек‖.
Ревматизмнің активті емес сатысында ҧстамалары болмаса да, байқалатын жҥректің
зақымдалуының ҥдей тҥсуі бҧл болжамның дҽлелі болса керек. Сонымен қатар, бҧл
кезеңде балалардың кҿбінің жҥрек зақымдалуының белгілері байқалмаса да, шағымдар
айтылатының қосуға болады. Міне осыған байлынысты ревматизмнің активті емес
сатысында балалар жалпы ҽлсіздігіне, тез шаршайтындығына, тҽбетінің нашарлығына,
ҧйқысының тынышсыздығына, буындарындағы тҧрақсыз ауруларға (кейде кейбір бҧлшық
ет топтарында, кейде жайылма тҥрде), басының ауыратындығына, сҽл ғана денеге салмақ
тҥскеде жҥрек тҧсында жайсыз сезім білінетіндігіне, болмаса аздап ентігу пайда болатын-
дығына шағымданады. Балалар негізінде толық болып, бірақ қанында анемия байқалмаса
да, қуқыл тҧрады, аяқ-қолы салқын тартып, бетінің тҥсі ҿзгерімпаз болып келеді. Жҥрек
ырғағы тҧрақсыз, тахикардияға бейім келеді, қан қысымы тҿмен болуы ықтимал.
Жҥрек-тамыр ҿзгерістері ревматизмнің активті емес сатысында ҽралуан болып
келеді, кейбір балаларда жҥрек шекарасы қалыптасып кетеді. Қазіргі кезде тиімді емнің
ҽсерінен жазылып кетуі туралы (тек практикалық кҿзқарастар) айтуға болады. Патология-
лық процесс негізінен эндокардта орналасқан болса, біртіндеп қос жармалы қақпақтың
жетіспеушілігі дамиды. Енжар дамып келе жатқан миокардитті электрокардиограммадағы
ҿзгерістер (РQ аралығының, тіпті жасына байланысты кҿрсеткіштердің деңгейіне аспай,
ҧзаруы, Р тісшесінің кеңейіп, деформациялануы ST бҿлігінің ығысуы, Т тісшесінің
ҥлкейіп, екісатылы болуы. R тісшесінің вольтажының тҿмендеуі, систолалық кҿрсеткіштің
ҥлкеюі жҽне басқалар) дҽлелдей алады. ЭКГ-дегі бҧл ҿзгерістер клиникалық белгілері жоқ
уақытта да байқалады. Бҧндай ҿзгерістер жҽне балалардың шағымдарды кҿбіне қыста
жҽне кҿктемде жиі анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: