224
бҧдан
басқа гистамин, ацетилхолин ингаляциясына, физикалық жҥктемеге деген
реакцияларын да тексерген жҿн. Емхана, ауруханада бҧл бала қҧжатынын (№112 ф.,
сырқатнама) алғашкы бетiнде қызыл қарындашпен аллергиялық реакция тудырған тағам,
дҽрi -дермек аттары кҿрсетiліп, асты сызылғаны жҿн.
АД диагнозын нозология ретiнле пайдалану дҧрыс емес. Ол тек реактивтiлiктiң
конституциялық
ерекшелiгi, яғни аллергиялық реакциялар немесе аурулар дамуына
дайындықтың бары.
Алдын алу.
Бҧл балаларда ауыр аллергиялық реакциялар мен ауру дамуының алдын
алу кешендi тҥрде жҽне тiптi антенатальдық кезеңнен басталуы тиiс: жҥктi ҽйел
«аллергиялық отбасынан» болса, оның тамақ қҧрамынан аллергиялық реакция шақыратын
трофоаллергендер, дҽрi-дҽрмектер аласталуы қажет.
Мҧндай балаларды емханада бақылау негiзi:
1) мiндеттi тҥрде «тамақ кҥнделiгiн» жҥргiзу;
2) табиғи тамақтану мерзiмiн барынша созып, шырындарды (З айдан бастап), қосымша
тамақты кешiрек (6-7 айдан) енгiзу. Сенсибилизациялаушы ҽсерi жоғары шырын,
қосым-ша тағам тамақ қҧрамында болмауы тиiс. Сары, қызыл тҥстi
жемiс
шырындарын бермеген жҿн. Жасанды, қосымша тамақтануда АД-i бар балаларға
ашытылган сҥт тағамдарын пай-далану тиiмдi, жылына 1-2 рет бифидумбактеринмен
дисбактериоздың алдын алу керек;
3) бiр жастан кейiн қҧрамында облигатгы аллергендер (жҧмыртқа, балық, шоколад,
какао, кофе, цитрус, ананас, банан, қара қарақат, таңқурай, бал, жаңғақ), экстрактивтi
заттар, тҧздықтар, тҽтті заттар, консервi, ащы жҽне тҧзды тағамдар мҥлдем
болмайтын диета тағайындалады;
4) ҥйде аллергияны бҽсендететіндей (гипоаллергендiк) жағдай ҧйымдастыру: ҥй ҥшiн
кҥнiне кемiнде 2 рет тазалау; хайуанаттар, аквариум, гҥл болмағаны жҿн; линолеум,
едендi лакпен бояу, кiлем ҧстауга,
кiтаптарды ашық қоюға, бала бар кезде
синтетикалық заттармен кiр жууға болмайды, сондай-ақ қауырсын, тҥбiтi бар тҿсек-
орын болмауы керек;
5) алдын-ала егу жоспарын жекешелеу, егу алдында арнайы емес гипосенсибили-
зациялық ем жасау. Мҥмкiндiгiнше, антигендерi аз, арнайы
вакциналар қолдану;
6) облигатты дҽрiлiк аллергендердi (пенициллин, биопрепараттар) қолданбау; қандай
да болмасын ауруға беретiн дҽрi қҧрамын мейлiнше азайту;
7) созылмалы инфекция, дискинезия, анемия, рахит, гельминтоз, гипотрофия,
дисбактериоз ошақтарын
ерте анықтап, бiрден сауықтыру.
АД- і бар балаларға егу тек аллергоз асқынуынан 6 ай ҿткен соң ғана жасалады. Егу
алдында мiндеттi тҥрде созылмалы инфекция ошақтарын консервативтi тҥрде жойып,
анемия, рахит, гипотрофия т.б. емдейдi. Егуден 2 апта бҧрын, 0,01 г/кг есебiнен, кҥнiне З
рет глютамин қышқылы 0,1 г, 2 рет метацил, 0,01 г, 2 рет пиридоксин, 0,05-0,1 г, 2 рет
кальций пантотенаты, 0,001-0,002 г, 2 рет В
1
, В
2
витаминдерi, 0,3 г 2
рет С витаминi
тағайындалады. Егуден 2-3 кҥн бҧрын жҽне соңынан 7-10 кҥн бойы жасына сай мҿлшерде
антигистаминдiк дҽрiлер беру керек.
Достарыңызбен бөлісу: