Балашт ҥ с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы о қ у л ы қ Ақтӛбе 1 4



жүктеу 10,77 Mb.
Pdf просмотр
бет199/772
Дата19.01.2023
өлшемі10,77 Mb.
#40966
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   772
tusipkaliev pediatria

Лабораториялық көрсеткiштерi.

Қан – анемия, лейкоцитоз, эозинофилия, гипо- жҽне диспротеинемия;


Зҽр – бҥйрек арықшалары эпителий клеткалары, шырыш, тҧз кҿп.
Нҽжіс – эпителиальды клеткалар, шырыш кҿбеюi;
Аллергиялық сынақтар оң (+): элиминациялық, скарификациялық, терiiшiлiк, 
тiластылық;
Иммунологиялық – дисиммуноглобулинемия, лимфоидты тiннiң функциялық 
белсендiлiгi жоғарылауы. ЭКД бар бала гельминтоздармен сирек ауыратын кҿрiнедi 
(Папуа Гвинеяның тҧрғындары), бҧны гомоцитотроптық қарсыденелер генерациясымен 
тҥсiндiредi. 
ЭКД бар баланың қанында аллергияның (эозинофилия), белок (гипо- жҽне 
диспротеинемия, альбумин мен гамма-глобулин деңгейiнің азаюы, амин қышкылдары), 
май (гипохолестеринемия) жҽне кҿмiрсу (гликемия) алмасуының бҧзылыстары, ацидоз 
белгiлерi табылады. 
Диагнозы. 
Ҽдетге қиын емес, бiрақ бала экземасы мен баска терi ауруларынан 
ажырата бiлу керек.
Шынайы экзема ЭКД-дiң экземалық кҿрiнiсiнен ҿзгеше: аурудың аллергиялық 
кҿрiнiсi анық, тҧкым қуалайды; науқастың белгiлi тағамға аса жоғары сезiмталдығына 
байланысты оның аз мҿлшерiнiң ҿзi ауру белгiлерiн қатты қоздырып жiбередi.
Кейде бҧл екi ауруды ажырату қиынға соғады, сондықтан диагнозды бiраз уақыт бақылау 
жолымен ғана қоюға болады.
ЭКД-i бар балаларда бҧған қоса рецидивтi инфекциялар болса, онда тҧқым 
қуалайтын жолмен орайлас иммунитет кемiстiгi туралы, ауыр инфекциялық iшек 
бҧзылыстары болса – экссудативтiк энтеропатия, iшек дисахаридазаларының кемiстiгi, ал 
психикалық даму кемiстiгi бар болса – фенилпирожҥзiмдiк олигофрения, Кнапп-Комровер 
синдромы (тҧқым қуалайтын ксантинурия) есте болуы қажет.
Емi.
ЭКД емiн тиiмдi тамактандырудан бастайды. Науқас белок, май, кҿмiрсу 
мҿлшерiн жасына жҽне тамақтану тҥрiне сай қабылдауы тиiс. Толық балаларға тамақ 
калориясын жеңiл, сiнiмдi кҿмiрсулар тағайындау есебiнен кемiтедi (ботқа, кисель, қант). 
Кҿмiрсудың аса кҿп мҿлшерi ЭКД мен экзема ағымына қолайсыз. Экземасы бар балаларда 
терiдегi қант мҿлшерi, сауларға қарағанда, 2 есе артық екенi анықталған. Тамақ майының 
(30% шамасында) бiраз мҿлшерін ҿсiмдiк майымен алмастыру тиiмдi, ол қанықпаған май 
қышқылдарына (F витаминiне) бай.
Диатез ауруының рационында сiлтiлi тағамдар мол болып, ас тҧзын шектеп, 
қосымша калий тҧздарын енгiзу дҧрыс. Анасының диетасынан (егер бала емшек еметiн 
болса) жҧмыртқа, таңқурай, цитрус, шоколад, ащы шай, табиғи кофе, ащы iрiмшiк, 
татымдылықтар (қалампыр, бҧрыш), консервi, колбасаны мҥлдем алып тастау керек. 
Анасына диета тағайындағанда, баланын диатезi қай тағаммен байланысты (бiлiнiсi, 
асқынуы, кушеюi т.б.) екенi ескерiледi.


222 
Аралас жҽне жасанды тамақтанатын балаларға сиыр сҥтiнiң мҿлшерiн мейлiнше 
азайту керек. Ботқа мен кҿкҿнiс пюресiн сҥтпен емес, кҿкҿнiс қайнатпасында дайындау 
жҿн. Сҥт орнына балаларға кефир (айран), биолакт берiлгенi жҿн, себебi, сҥт ашығанда 
лактоальбумин (сиыр сҥтiнiң нағыз аллергендiк белогi) бҧзылады.
Диатездiң қайтымы ҧзаққа созылса, ҽсiресе, сиыр сҥтiне аллергия дҽлелденсе, баланы 
миндаль, соя ―сҥтiмен‖ асырауға тура келедi. Бҧндай балаларға қосымша, жасанды 
тамақтандыру ертерек, 4-4,5 айлығында енгiзiлуi тиiс, ҽсiресе, сiлтiлiк заттары молырақ 
кҿкҿнiс пюресi тиiмдi. Егер ЭКД-i бар баланың тамағы тек табиғи болса, оған қосымша 
тамақ берудi, сау балаларға қарағанда, кешiрек енгiзген жҿн.
Диатез емiнiң маңызды факторы – тамақты дҧрыс витаминдеу. В
6
витаминiн 
(ксантурен қышқылына деген зҽрдiң ҽсерiн байқай отырып) тҽулiгiне 50-75 мг-нан бередi. 
Қҧрғақ экземада А витаминiн тағайындайды (1000 ХБ/кг 3 апта бойы), тек оның мҿлшерi 
тҽулiгiне 10 мың ХБ-тен аспауы керек. Ауру асқынғанда, коферменттер тиiмдi: 
кокарбоксилаза мен рибофлавин мононуклеотидiн, соңынан тҽулiгiне 100-150 мг кальций 
пантотенатын (В
5
); тҽулiгiне 50-100 мг кальций пангаматын (В
15
), кҥнiне 25-30 мг 
токоферолды (Е витаминi) бiрiнен кейiн бiрiн беру керек. Айта кететiн жай, 
витаминдердiң ҧзак емдiк курстарына аса елiктемеу керек, себебi С, В
1
, В
12
витаминдер 
мҿлшерiнің кҿбеюi терiнiң аллергиясына ҽкелуi мҥмкiн.
Кҿп жағдайда аллерген алиментарлық жолмен тҥсетiндiктен 10 кҥннен 
лактобактерин, бифидумбактерин жҽне 3-4 кҥннен магний сульфатының ерiтiндiсi (2-5%, 
1 шҽй қасықтан, кҥнiне 3 рет), полифепан дҽрiлерiн қоса берген пайдалы.
ЭКД-де 7-10 кҥн бойы (бiрiнен соң бiрiн) антигистаминдiк дҽрiлер кең қолданылады, 
бҧлардың тек бiреуiн ҧзақ пайдалану тиiмсiз. Ремиссия кезiнде гистаминдi тҧрақтандыру 
ҥшiн гистаглобулин мен аллергоглобулин беру керек. Кейде басқа еммен бiрге Е-
аминокапрон қышқылын қолдану да пайдалы, ол қажеттi антибрадикининдiк, плазмин, 
трипсин жҽне басқа кейбiр протеолитикалық ферменттердi ҽлсiздендiредi.
Диатез кҿрiнiсiнде шҿп қайнатпасын қолдану да тиiмдi (киiкоты, қайың жапырағы, 
шайқҧрай, қалақай т.б.).
Емнiң тиiстi түрi – терiнiң жарақаттанған жерiн емдеу
. Емдi ерте, 
мҥмкiншiлiгiнше терi жарақаты жайылып кетпей тҧрып, бастау мҽндi. Осы мақсатпен 
уақытылы базданған жердi тазартып, шомылдыру (суға емен қабығының, миндаль 
кебегiнің, танниннiң, итшоған кайнатпасын қосу) керек. Терi қатты суланған жағдайда 
тҥймедақ (ромашка), шҽңгiш (калина) қосқан ваннаға шомылдырып, жағатын дҽрiге тальк, 
мырыш тотығын қосып, кейiннен нафталин, Дорохов сҧйықтарын араластырады.

жүктеу 10,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   772




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау