Н. С. Сейітов г-м.ғ. д., профессор Оқулықта «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау»



жүктеу 8,17 Mb.
Pdf просмотр
бет19/168
Дата08.12.2022
өлшемі8,17 Mb.
#40519
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   168
Бурение

4.4.1 
Тау 
жыныстарының 
жаратылу 
процестеріне 
байланысты 
қасиеттері 
Бұл қасиеттер тау жыныстары жаралған кездегі геологиялық процестермен 
литогенезбен байланысты. Былайша айтқанда бұл қасиеттер тау жыныстары 
жаратылған кезде негізделген. Мысалы жаратылу процестерінің түріне 
байланысты тау жыныстарының тығыздығы әр түрлі болады: магма жер астында 
суығанда пайда болатын интрузивтік тау жыныстары шөгінді түрінде 
жаратылатын тау жыныстарынан тығыз келеді. Бұрғылау кезінде тау 
жыныстарының мұндай ерекшеліктерін, әрине, білген жөн. 
Тау жыныстарының барлық қасиеттері өте күрделі факторлардың жинағымен 
анықталады. Ол факторлар тау жыныстарының пайда болуымен, литогенез кезінде 
физико-геологиялық процестердің әсерімен қабылданған олардың құрамы мен 
құрылысына байланысты. Ішкі факторлар деп аталатын бұл факторлар мен 
классификацияда көрсетілген барлық физико-геологиялық қасиеттер анықталады. 
Бұл факторларға мыналар жатады: тау жыныстарының және оларды қоршаған 
ортаның қалыптасуының физико-геологиялық жағдайы; жынысты құрайтын 
бөлшектердің минералогиялық құрамы; тау жыныстарының текстурасы; тау 
жыныстарының құрылысы (геологиялық процестердің әсерінің қалдығы). 
Жоғарыда көрсетілген факторлардың әсерімен қабылданған жыныстардың 
қасиеттері анықтау жағдайларына қарамай өте тұрақты және нақтылы болып 
келеді. 
Бұлар тау жыныстарының күйін сипаттайтын константалар. Бұл факторлар 
бір-бірімен тығыз байланыста әсер етеді. Бұл факторлардың тау жыныстарының 
жекелеген қасиеттерінің қалыптасуында атқаратын ролі әр түрлі болады. Мысалы 
тау жыныстарының минералогиялық құрамы олардың беріктігін, қаттылығын 


және т.б. қасиеттерін анықтайтын өте маңызды факторлардың бірі болып 
табылады. Бірақ минералдардың өздерінің беріктігі шешуші фактор болып 
саналмайды. Олардан маңыздылау болып жынысты құрайтын бөлшектер 
(минералдар) арасындағы ішкі байланыстар саналады және бұл байланыстар 
жыныстың минералдық құрамына қарағанда, оның қалыптасу, пайда болу 
жағдайына көбірек байланысты болады. Мысалы кварцты құмтастың қысуға 
уақытша қарсылығы жабыстырушы цементтің сипатына және құрамына 
байланысты бірнеше жүз Н/м
2
-ден бірнеше мың Н/м
2
-қа дейін өзгереді. 
Тура осындай көп аралықта ізбестастың және басқа шөгінді жыныстардың 
қысуға қарсылығы өзгереді. Ақтарылған тау жыныстарының беріктігі олардың 
құрамындағы қара түсті минералдардың көбеюімен байланысты өседі. Сондықтан 
бұрғылау процестерінің орындалу тұғырынан қарағанда жынысты құрайтын 
минералдар арасындағы байланыстардың сипаты мен табиғаты өте маңызды 
болып саналады. Бұл шынында солай. Өйткені бұрғылау кезінде жынысты 
талқандау әсерін алу үшін және ұңғының забойын тиісті жылдамдықпен жылжыту 
үшін бөлшектер арасындағы байланысты бұзып оларды босатса жеткілікті.Екінші 
жағынан қарағанда бөлшектер арасындағы байланысты үзу жыныстардың 
орнықтылығын жоғалтып, керннің талқандалуына, ұңғының қисаюына және т.б. 
жағымсыз жағдайларға әкеліп соғады. 
Тау жыныстарының барлық негізгі қасиеттері олардың пайда болуы кезінде 
қалыптасады және бұл процестің өтетін физико-географиялық жағдайына өте көп 
мөлшерде байланысты болады. Ол жағдайлар: температура, қысым, жердің 
магниттік және гравитациялық өрістерінің, қоршаған ортаның (су, газ, бұрын 
қалыптасқан жыныстар) және жыныс пайда болар кездегі жүретін физикалық, 
химиялық, биологиялық және басқа процестердің әсері. 
Геологиялық қасиеттердің барлығын бірдей бір жұмыста қамту өте қиын. 
Сондықтан ол қасиеттердің бұрғылау процестеріне әсері көп кейбір түрін ғана 
қарастырайық. 

жүктеу 8,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау