Н. С. Сейітов г-м.ғ. д., профессор Оқулықта «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау»



жүктеу 8,17 Mb.
Pdf просмотр
бет14/168
Дата08.12.2022
өлшемі8,17 Mb.
#40519
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   168
Бурение

 
ҚОРЫТЫНДЫ 
1.
Ұңғыларды бұрғылау ТМД елдерінде жеке ғылыми-техникалық сала 
болып бөлінді. Оның
 
терминдері мен анықтамалары ГОСТармен
 
тәртіпке 
келтірілді /ГОСТ
 
16275-70, ГОСТ
 
16276-70. 
2.
Бұрғылау деп нәтижесінде бұрғы ұңғысы жасалатын операциялардың 
комплексін орындауды айтады. 
3.
Бұрғы ұңғысы деп терендігіне қарағанда өте кіші диаметрімен 
сипатталатын жер қыртысындағы цилиндр тәрізді тау қазбасын айтады. 
4.
Кеңістіктегі орналасуы бойынша ұңғылар тік бағыттағы, горизанталь 
бағыттағы, көлбеу бағыттағы және өрге бағытталған болып келеді. 
5.
Ұңғының бағыты оның көлбеу бұрышымен (і), немесе зениттік 
бұрышымен (

) және азимутгық бүрышымен (

) анықталады. 
6.
Ұңғылардың классификациясы: бұрғылау ұңғылары атқаратын қызметі 
бойынша 
картажасаушы, 
структуралық, 
іздеме, 
барлау, 
өндіру, 
техникалық және т.б. болып келеді. 
7.
Бұрғылау әдістері. Ұңғы бұрғылаудың неше түрлі әдістері бар. Ол 
әдістердің барлығы үлкен екі топқа бөлінеді: қашаулар қолданатын 
механикалық әдістер және қашаулар қолданбайтын физико-механикалық 
әдістер. 
8.
Ұңғы бұрғылауда жүргізілетін негізгі операциялар: 
а) ұңғы забойындағы тау жыныстарын талқандау;


б) бұрғылау кезінде пайда болған жыныс ұнтақтарын (шламды) жер 
бетіне шығару;
в) ұңғының орнықсыз қабырғаларын бекіту. 
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі 
Негізгі әдебиеттер
1 Бұрғылау 
процестерінің 
теориялық негіздері, 
оқулық 
Мусанов Ә 
ҚазҰТУ, 
2000 
2 Тау жыныстарының 
бұрғылау 
кезінде 
бұзылуы 
Караулов Ж.К 
ҚазҰТУ, 
1995 
3 Разрушение горных 
пород при бурении 
скважин. Учебник. 
Спивак А.И. 
Попов Д.Н. 
М.Недра,
1985 
Қосымша әдебиеттер 
4 Бұрғылау 
кезінде 
тау 
жыныстарын 
талқандау. 
Мусанов Ә. 
ҚазҰТУ, 2001 
5 Тау жыныстарының 
ұңғы 
бұрғылау 
процестеріне 
әсер 
етуші қасиеттері. 
Мусанов Ә. 
ҚазҰТУ, 1996 
6 Тау жыныстарының 
бұрғылау кезіндегі 
бұзылуы. 
Караулов Ж.К 
Баспаев И. 
ҚазҰТУ, 1992 
7 Ұңғы 
бұрғылау 
кезіндегі 
тау 
жыныстарының 
бұзылуы 
Караулов Ж.К 
Курмангалиев 
М.Ж. 
ҚазҰТУ, 1993 
8 Тау 
жыныстарын 
бұзушы 
аспаптар. 
Шарошкалы 
қашаулар 
Караулов Ж.К. 
Рахметов М.Т. 
ҚазҰТУ, 1994 
9 Тау 
жыныстарын 
бұзушы 
аспаптар. 
Керн 
алушы 
аспаптар 
Караулов Ж.К. 
Рахметов М.Т. 
Курмангалиев 
М.Ж. 
ҚазҰТУ, 1993 
10 Основы 
физики 
горных пород 
Ржевский В.В. 
Новик Г.Я. 
М.Недра 1985 
11 Расчет 
мощности 
двигателя 
буров. 
Мусанов А.М. 
Алматы, 
КазНТУ, 1988 


станка 
с 
применением ЭВМ
12 Қатты 
қорытпалы 
каронкалар 
Касенов А.К. 
Ратов Б.Т. 
Байнимиров О. 
ҚазҰТУ, 2001 
13 Барлама бұрғылау, 
1-2 томдары 
Тұяқбаев Н.Т. 
Мектеп, 
1977,1979 
14 Барлау 
скважиналарын 
бұрғылау. 
Туякбаев Н.Т. 
Мусанов Ә. 
Алматы, 1990. 
15 Свойства 
горных 
пород и способы их 
разрушения. 
Мусанов А. 
Алматы, 1985 
Бақылау сұрақтары: 
1.
Бұрғылаудың технологиялық тәртібі? 
2.
Ұңғының элементтері? 
3.
Ұңғының түрлері? 
4.
Бұрғылаудың механикалық әдістері? 
5.
Бұрғылаудың негізгі операциялары? 
4. МИНЕРАЛДАР ЖӘНЕ ТАУ ЖЫНЫСТАРЫ 
4.1 Минералдар мен тау жыныстарының құрылысы және құрамы 
Минерал дегеніміз физико-химиялық процестердің нәтижесінде пайда болған 
химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері біркелкі табиғи зат. 
Бір немесе бірнеше минералдардың жеке геологиялық зат құрайтын тұрақты 
қоспасы тау жынысы деп аталады. 
Минерал кристалдарының кристалл ішінде заттардың араласуы заңдылығына 
сәйкес келетін кеңістік торы болады. Кристалдар торының жеті түрі болады. Олар 
бір-бірінен кристалдық осьтердің а, в, с шамасымен және олардың арасындағы 
бұрыштары 



және 

арқылы ажыратылады. 
Кристалдық осьтер дегеніміз тор түйіндерінің үш бағыттағы ең жақын ара 
қашықтығы. 
Минералдардың кристалдық қоспаларының кристалдардың өлшемімен, 
жобасымен 
және 
өзара 
орналасу 
ерекшелігімен 
анықталған 
белгілі 
микроқұрылысы болады. 
Химиялық құрамы бойынша минералдар алты топқа бөлінеді: таза 
элементтер, сульфидтер, оксидтер, силикаттар, оттегі қышқылдарының тұздары, 
галогенидтер. 
Тау жыныстарының аты мен түрі олардың минералдық құрамы мен /тау 
жынысындағы минералдардың салыстырмалы мөлшері/ және құрылысымен /тау 


жыныстарының минералдар мен минералдық қоспалардан құрылу түрі/ 
анықталады. 
Тау жыныстарының құрылысы, структура және текстура боп ажыратылады. 
Структура дегеніміз – тау жыныстарындағы минералдардың өлшемі, жобасы 
және олардың өзара орналасу ерекшеліктері. Текстура деп, тау жыныстарының 
ірілеу құрамаларының /минералдық қоспаларының/ ерекшеліктерін, өзара 
орналасуын және бағытталуын айтады. 
Тау жыныстарының физикасы тау жыныстарының құрамы мен құрылысын, 
олардың қасиеттерін, жағдайын және оларда болатын физикалық процестерді 
зерттейді. 
Сондықтан тау жыныстарының құрылысы мен құрамының параметрлері сан 
мәнімен көрсетілуі керек. 
Өзінің жаратылысы бойынша тау жыныстары магмалық, шөгінді және 
метаморфтық болып бөлінеді. 
Тау жыныстарының жеке бөлшектерінің арасындағы структуралық байланыс 
күштерінің салдарынан болатын ілініс әр-түрлі дәрежеде болады. Ол структуралық 
байланыстар, өзінің жаратылысы бойынша химиялық (өте үлкен байланыс 
энергиясы бар-1,4МДж/мольге дейін), кристализациялық, молекулярлық (өте аз 
байланыс энергиясы бар - 45 КДж/моль), вандерваальстық және ионды 
электростатикалық /байланыс энергиясы 0,7 МДж/мольге дейін/ болып бөлінеді. 
Ең басты байланыстың дәрежесі бойынша тау жыныстарының мынадай 
негізгі түрлері болады: 
борпылдақ /жеке түйіршіктілі/ – түйіршіктер арасындағы байланыстары 
көбінесе 
молекулярлық 
болмайды, 
бір немесе бірнеше минералдардың 
механикалық қоспасы /құм,қиыршық тас, малта тастар жиынтығы/; 
қатты /жартастық/ – минералдық бөлшектер арасындағы байланыс қатаң, 
химиялық /құмтастар, граниттер, диабаздар, гнейстер/; 
байланысқан – жыныстың дисперстік бөлшектерінің арасындағы ілініс 
күштер жыныстың ылғалдылығына байланысты өте көп өзгереді: құрғақ кезінде 
молекулярлық 
байланыс 
болады 
да, 
ылғалданғаннан 
кейін 
ионды-
электростатикалық байланысқа дейін өседі /балшықты жыныстар, лестар, 
саздақтар/. 
Шөгінді 
жыныстардың 
ішінде 
өзінің 
құрамы 
мен 
құрылысының 
параметрлеріне байланысты органикалық текті жыныстар ерекше бөлінеді. Олар 
көміртегінің сутегімен, азотпен, күкіртпен, оттегімен байланыстарының қоспасы 
болады. Бұл жыныстар энергияның ең маңызды бұлағы болып саналады. 
Мамандардың тұжырымы бойынша органикалық қазбалардағы энергияның табиғи 
ресурсы 2 

10
17
МДж болады. 
Органикалық текті тау жыныстарының ішінде өте маңыздысы қазбалы 
көмірлер. 
Көмірдің 
құрамы 
органикалық 
массамен 
және 
минералдық 
қосымшалармен жеке-жеке сипатталады. 
Көмірдің 
органикалық 
массасы 
көміртегінің 
микрокомпонент-терінің 
мөлшерімен бағаланды. Олар тек қана микроскоппен көрінеді, аттары: витрен, 
кларен, дюрен және фюзен. 


Витрен – көмірдің біркелкі жылтыраған қара және морт түрі. Кларен – шала 
жылтыраған көмір. Дюрен – тұтқыр, бұлыңғыр және түйіршікті көмір. Фюзен – 
тарамдалған борпылдақ сұрғылт-қара көмір. 
Көмірдің органикалық массасының молекулярлық структурасы әлі күнге 
дейін толық зерттелмеген. Қазіргі түсінік бойынша көмір заты не коллоидтық 
жүйе,не молекулярлықтан жоғары құрылысы бар орта. 
Көмірдің көміртегі емес құраушылары оның құрамына минералдық қосынды 
немесе элемент-қосымша түрінде қатынасады. Көмірдің қосындысы ретінде кварц, 
балшық, пирит, кальцит және тағы басқа минералдар болуы мүмкін. Көмір жанған 
кезде күлге айналатын бұл минералдардың салыстырмалы массалық мөлшері 
көмірдің күл берушілігі деп аталады. Ол 5-50% шамасында болады. 
Көмірдің құрамында күкірт көп болса, солғұрлым көмірдің сапасы 
төмендейді. Күкірттің көмірдегі жалпы мөлшері проценттің бөліктерінен 5-6%-ке 
дейін болады. Мысалы, Кузбасстың тас көміріндегі күкірттің мөлшері Донбасстың 
көміріндегіден 5-10 есе аз. 
Көмірдің элемент-қосымшасы ретінде әдетте германий, галий, уран, мыс, 
бериллий, молибден, ванадий кездеседі. Көмірдегі микроэлементтердің мөлшері 
500-600 г/тоннаға дейін барады. 

жүктеу 8,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау