Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет253/325
Дата29.10.2022
өлшемі1,31 Mb.
#39897
түріОқулық
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   325
dogalov-makroekonomika

саудаға түсетін тауарлар
жəне 
саудаға түспейтін тауарлар. 
Саудаға түсетін тауарлар өз кезегінде, 
экспортталатын тау-
арлар
жəне 
импортталатын тауарлар
болып бөлінеді.
Саудаға түспейтін тауарлар тек бір елдің шеңберінде ғана 
өндіріліп тұтынылады жəне олар экспортқа немесе импортқа 
шығарыла алмайды. Əдетте, мұндай тауарларға қызмет көрсету-
лердің түрлері жатқызылады. 
Біріккен Ұлттар Ұйымының өнеркəсіптік жіктемесі бойын-
ша саудаға түсетін жəне саудаға түспейтін тауарларға жат 
қы-
зылатын тауарлардың түрлерін мына кестеден көруге болады 
(14.3-кесте).
Көп жағдайларда, кестеде беріліп отырған жіктеме салыс-
тырмалы түрде шартталған болып табылады. Мəселен, жаңа 
технологиялардың дамуымен байланыс, сақтандыру бизнесі, 
қаржы секторы қызметтерінің көптеген түрлері саудаланатын 
тауарларға айнала алады.


336
14.3-кесте. 
Салалар түрлері бойынша саудаланатын жəне сауда-
ланбайтын тауарлар
Саудаланатын тауарлар
Саудаланбайтын тауарлар
Ауыл шаруашылығы, ор-
ман шаруашылығы, балық 
шаруашылығы өнімдері
Минералды шикізат өндіру жəне 
көмір өндіру өнімдері
Өңдеуші өнеркəсіп өнімдері
Электр энергиясы, сумен 
жабдықтау
Құрылыс
Сауда, мейрамханалар, қонақүйлер
Көлік, қоймалау, байланыс
Қаржы сферасы, сақтандыру, жыл-
жымайтын мүлік
Коммуналдық, қоғамдық қызметтер
Қызметтердің басқа да түрлері
Сонымен, Давид Рикардоның салыстырмалы артықшылық-
тар теориясын 
«екі ел – екі тауар» қарапайым үлгісі
деп атауға 
негіз бар. Оны график түрінде басқа бір мысалмен сипаттауға 
болады. Бұл жерде микроэкономика курсынан белгілі өндірістік 
мүмкіндіктер қисығы қолданылады.
Айталық, əлемдік сауданы құратын екі ел бар – Қазақстан 
жəне Өзбекстан. Екі елде де 1000 адам-сағат санының шама-
сы қолданылады жəне осы арқылы белгілі бір уақытта, бидай 
жəне мақта сияқты екі тауарды əртүрлі үйлесімділікпен өндіре 
алады. Қазақстанда осы екі тауар өндірісіне кететін шығындар-
дың арақатынасы мынадай: 1 тонна бидай = 1 тонна мақта, яғни 
қосымша 1 тонна бидай өндіру үшін 1 тонна мақтадан бас тарту 
керек. Өзбекстанда бұл арақатынас мынандай: 1 тонна бидай = 
2 тонна мақта, яғни қосымша 1 тонна бидай өндіру үшін 2 тон-
на мақтадан бас тартуға тура келеді. Сонда, бидайдың мақтаға 
шаққандағы салыстырмалы бағасы Өзбекстанда Қазақстанға 
қарағанда жоғары болып табылады. Қазақстан бидай өндірісінде, 
ал Өзбекстан мақта өндірісінде салыстырмалы артықшылыққа 
ие екендігін байқауға болады. Бұл жағдайда, Қазақстан бидай 
өндірісіне маманданады, ал мақтаны Өзбекстаннан импорттай-
тын болады. Ал Өзбекстан болса өз кезегінде, мақта өндірісіне 
толық маманданып, бидайды Қазақстаннан импорттайды.
14.1-суретте екі елдегі бидай мен мақта бойынша арақа-
тынастар көрсетілген. 14.1 а-суреті Қазақстанның бидай мен мақ-
таны өндіре алудың максималды көлемін сипаттайды: 1 тонна 



жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   325




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау