Бұйымдар сапасы және оның көрсеткіштері
. Машина жасау
және машина жөндеу өндірісінің қазіргі кезеңінде көлік техникасын
шығару мен жөндеу сапасын одан сайын көтере түсудің маңызы өте
зор. Бұған көлік техникасын пайдаланудың экономикалық тиімділігі
едәуір дәрежеде байланысты болады.
Өнім сапасы – арналуына сәйкес белгілі бір талаптарды қанағат-
тандыруға қабілеттілікті тудыратын өнім қасиеттерінің жиынтығы. Өнім
сапасы бірқатар көрсеткіштермен сипатталады, оларды төмендегідей
үш топқа бөлуге болады:
– техникалық (қуат, ПӘК, өнімділік, үнемділік және т.б.), бұл
көрсеткіш машинаның жетілдірілу дәрежесін анықтайды;
– өндірістік-технологиялық (немесе конструкцияның технологиялық
көрсеткіші), бұл көрсеткіш бұйымды жасауға, оны техникалық күту
мен жөндеуге жұмсалатын еңбек пен құралдар шығындарын үйлесімді
қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда қабылданған конструктивті
шешімдердің тиімділігін сипаттайды;
– пайдалану көрсеткіштері, мұнда бұйымның сенімділік көрсет-
кіштері, эргономикалық сипаттамалары, яғни «адам-машина-орта»
27
жүйесіндегі адамның гигиеналық, физиологиялық және басқа да
қажеттіліктері жиынтығын ескеру дәрежесі, эстетикалық сипатта-
малары, бұйымның сырт пішінін әсемдеу, көркемдік композицияны
жетілдіру және т.б. кіреді.
Бұйым сапасына баға беруде, сонымен қатар республикамыздағы
және шетелдердегі патенттік қорғау дәрежесі мен патенттік тазалығы
ескерілуі тиіс.
Базалық көрсеткіштерінің сәйкестендірілген жиынтығымен са-
лыстыру негізінде өнім сапасының қатынасты алғандағы сипаттама-
сы өнім сапасының деңгейі деп аталады. Өнім сапасының деңгейін
бағалау үшін өнімнің сипатталатын қасиеттері (арналуы, сенімділігі,
эргономикалық және эстетикалық көрсеткіштері, технологиялылығы,
тасымалдағыштығы, стандартталуы мен унификациялануы, патенттік-
құқықтық және экологиялық көрсеткіштері, қауіпсіздігі) бойынша
өнім сапасы көрсеткіштерінің негізгі топтарының номенклатурасы
анықталған.
Сапа деңгейін жүйелі түрде өсіріп отыру – конструктордың да,
технологтың да жауапты мәселесі.
Өнім сапасы деңгейін анықтау кезінде экономикалық көрсеткіштерді
де ескеру қажет, олар өнімді дайындау, жасау, пайдалану немесе
тұтынуға кеткен шығындарды сипаттайтын көрсеткіштердің ерекше
тобын құрайды.
Өнім сапасын басқару сапа көрсеткіштерінің стандарттарға,
техникалық шарттар мен басқа да нормативтік-техникалық құжат-
тамаларға сәйкестіктерін жүйелі түрде бақылап отыру жолымен жүзеге
асырылады. Бұл жағдайда жоспарлау, ынталандыру, бағажасау және
т.б. мәселелерді қамтитын экономикалық әдістерді қолданудың маңызы
зор.
Өнім сапасының жоғары болуын қамтамасыз етуде стандарттау
ерекше орын алады. Шикізатты, материалдарды, жартыфабрикаттар-
ды, жинаушы бұйымдарды және дайын өнімді стандарттау – сапаны
жоғарылатудың тиімді құралы.
Стандарттау – нақты қойылып отырған және ықтимал міндеттерге
қатысты көпшілікке ортақ, бірнеше рет және ерікті пайдалану үшін
ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке және проце-
стерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің үйлесімді деңгейіне қол
жеткізуге бағытталған қызмет.
Стандарттау сапаның үйлесімді көрсеткіштерін, оның параметрлік
қатарларын, бақылау және сынау әдістерін, техникалық күту
режимдерін, жөндеу тәсілдерін, қосалқы бөлшектер нормаларын және
т.б. бекітеді, шығарылатын әрбір бұйымға техникалық шарттар (ТШ)
жасалады.
28
Өнім сапасын басқаруда маңызды факторлардың бірі – оны жүйелі
түрде аттестаттаудан өткізіп тұру.
Машина сапасының басты сипаттамаларының бірі –
Достарыңызбен бөлісу: |