4
ҚАУІПСІЗ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптар
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін мектепке дейінгі тәрбие мен
оқыту жүйесін регламенттейтін нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес
ұйымдастыру қажет.
Мектепке дейінгі ұйымда білім беру процесін ұйымдастыруға педагогтік
немесе тиісті бейіні бойынша ӛзге де кәсіптік білімі бар және тәрбиеленушілерді
оқыту мен тәрбиелеу бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагог
қызметкерлер жіберіледі.
Мектепке дейінгі ұйым басшысы тәрбиеші лауазымына қабылдау кезінде
қызметкерге балалардың ӛмірі мен денсаулығын сақтау оның тікелей және негізгі
міндеті екендігін айтуы керек, бұл ұстаным лауазымдық нұсқаулықта нақты және
толық кӛрсетілуі тиіс.
Мектепке дейінгі ұйым басшысы айына кемінде бір рет
рұқсатнамалық
тәртіптеменің, техникалық күзет құралдарының (бейнебақылау жүйесі) жай-күйіне,
құжаттаманың болуы мен оның жүргізілу тәртібіне, шығатын қосалқы есіктердің
ұсталуына жоспарлы тексеру жүргізуі қажет.
Ғимараттың орталық кіреберісінде балабақша аумағында және ғимаратында
бӛгде адамдардың рұқсатсыз кірмеуін қадағалау мақсатында тәулік бойы күзет бекеті
орнатылады. Түнгі уақытта, демалыс және мереке күндері ғимаратты тікелей
күзетуді мектепке дейінгі ұйымның басшысы бекіткен кесте бойынша күзетшілер
жүзеге асырады.
Келушілерді есепке алу журналына тіркегеннен кейін олардың жеке басын
куәландыратын құжаты болған жағдайда ғана балабақша ғимаратына кіруге рұқсат
етіледі.
Мектепке дейінгі ұйым басшысының, жедел жәрдем мен ӛрт сӛндіру және
басқа да апаттық қызметтердің мекенжайлары мен телефон нӛмірлері балабақшада
кӛрінетін жерде орналасуы тиіс.
Ӛрт шыққан жағдайда мектепке дейінгі ұйым меңгерушісінің әрекеттері
тәрбиеленушілердің, балабақша қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге
және оларды эвакуациялауға бағытталуы тиіс.
Табиғи немесе техногендік сипаттағы тӛтенше жағдайлар туындаған кезде
дереу тӛтенше жағдайлар бӛліміне хабарлау қажет.
Күдікті заттар табылған жағдайда «112» телефоны бойынша ішкі істер
басқармасының кезекші бӛліміне қоңырау шалу қажет. Құқық қорғау органдарының
ӛкілдері келгенге дейін педагог қызметкерлер дереу қауіпті аймақтағы
тәрбиеленушілерді эвакуациялауға және осы аймаққа бӛгде адамдардың кіріп
кетпеуін қамтамасыз етуге міндетті.
Мектепке дейінгі ұйымның сыртқы есігінің, аумақтан шығатын және шығатын
қосалқы есіктердің баланың қолы жетпейтін биіктікте бекітпесі болуы және олар
үнемі жабылуы тиіс.
Тәрбиеленуші жоғалып кеткен жағдайда оны іздестіруді дереу ұйымдастырып,
жақын маңдағы полиция бӛлімшесіне және оның ата-анасына (заңды ӛкілдеріне)
хабарлау керек.
6
Топтағы және участоктағы дене шынықтыру жабдықтарының жарамдылығын
қадағалау, ақаулар туралы жауапты тұлғаларға уақтылы хабарлау қажет.
Суреттер, балалар жиһазы, құрал-жабдықтар құлап кетпес үшін және балалар
жарақат алмау үшін (тӛбеге, қабырғаға немесе еденге) мықтап бекітілуі керек.
Балабақша ғимаратының қабаттарынан тӛмен түскенде және жоғары
кӛтерілгенде тәрбиеленушілер таяныштан ұстап, қауіпсіздікті сақтауы және екі
ересек ілесіп жүруі керек.
Топтағы барлық заттар, шкафтар, сӛрелер, пианино, айналар, гүл қоятын
тұғырлар мықтап бекітілуі керек, балалардың кӛз деңгейінде ілмектерді, шегелерді
қағуға тыйым салынады.
Қағаз түйрегіштерді, тігін түйреуіштерін пайдалануға тыйым салынады.
Педагог инелерді, түйреуіштер мен қайшыларды, басқа да ӛткір және кесетін
заттарды, шыны заттарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтауы тиіс.
Балалар топта болған кезде терезелерді ашуға тыйым салынады; жазғы кезеңде
терезелердің қорғаныш дәке жақтауы немесе москит торлары болуы керек.
Мектепке дейінгі ұйымның үй – жайларындағы электр сымдары оқшаулануы,
электр құралдары тәрбиеленушілердің қолы жетпейтін жерде болуы тиіс.
Топта тұрмыстық электр құралдарын: шәйнектерді, үтіктерді және т. б.
қолдануға тыйым салынады.
Оқытудың техникалық құралдарын (магнитофон, проектор және т.б.) қажет
болмаса ұзақ уақыт бойы розеткаға қосып қоюға тыйым салынады, ОТҚ-ын
пайдаланып болғаннан кейін штепсель айырын қауіпсіздік техникасын сақтай
отырып (қол құрғақ болуы керек), розеткадан ажырату қажет.
Балабақшадағы жауапты адамдар жиһаздың, тӛсек-орын мен ыдыс-аяқтың,
шүберектің таңбалауының сақталуын қатаң бақылауға міндетті.
Үй-жайларды ерітінділермен және кварцпен дезинфекциялау кезінде сақтық
шараларын сақтау қажет; кварцтау кезінде міндетті түрде күннен қорғайтын
кӛзілдірік кию, үй-жайды желдету, кварц шамына жақын тұрмау керек.
Жуу құралдары мен дезинфекциялау құралдары таңбаланған ыдыстарда
тәрбиеленушілердің қолы жетпейтін жерде сақталуы тиіс.
Буы денсаулыққа қауіпті ерітінділерді немесе сұйықтықтарды топқа әкелуге
тыйым салынады.
Топтағы балаларды емдеу үшін ата-аналардан дәрілер мен басқа дәрі-
дәрмектерді алуға қатаң тыйым салынады. Ата-аналардың дәрі-дәрмектерді
балалардың шкафтарында қалдыруына жол берілмеуі тиіс.
Тәрбиеші ата-аналардан (заңды ӛкілдер) балаларға арты жабық аяқ киім
кигізуді талап етуі тиіс. Үйде киетін шәркей мен чешки киюге тыйым салынады.
Тәрбиеші әрдайым балалардың аяқ киімдерінің бауы байланғанына және ілгектерінің
салынғанына кӛз жеткізуі керек.
Тәрбиешілер карантиндік шараларды қатаң сақтауы және олардың орындалуын
қамтамасыз етуі тиіс.
Тәрбиеші ӛзінің жұмыс орнын таза ұстауға, топтың ішіне жеке заттарды қоюға,
барлық кіретін есіктерге еркін кіріп-шығуды қамтамасыз етуге міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: