Инструкция по обеспечению безопасной образовательной среды на основе анализа требований к созданию безопасных условий в дошкольных



жүктеу 0,6 Mb.
Pdf просмотр
бет7/18
Дата10.10.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39581
түріИнструкция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Қауіпсіз білім беру НҰСҚ.

Экскурсия уақытындағы қауіпсіздік талаптары:
 
- экскурсия ӛткізу кезінде қауіпсіздікті сақтау мақсатында балалардың 
қозғалыс маршрутын алдын- ала қарау (аумақ қоқыстан, сынған шыныдан, қураған 
ағаштардан тазартылуы тиіс), ойын жабдықтарының, шағын сәулет нысандарының 
жарамдылығы; 


13 
-
балабақша аумағынан тыс жерлерге экскурсия ӛткізген кезде тәрбиеші ӛзімен 
бірге міндетті дәрі-дәрмектер мен таңу құралдары бар медициналық дәрі 
қобдишасын алады; 
- экскурсия ӛткізу кезінде тәрбиеші белгіленген режимді, экскурсияның 
ұзақтығын, тәрбиеленушілердің әрекетін ауыстыруды (қимылды, аз қимылды) 
сақтауы тиіс. 
- ауа-райының жағдайына, ауа температурасына байланысты балалардың 
экскурсияға шығу мүмкіндігін медбикемен келісу. Дәрі қобдишасының болуына 
және оның жинақталуына кӛз жеткізу; 
- меңгерушіні, медбикені балабақша аумағынан тыс жерге баруға дайындалып 
жатқан экскурсия туралы хабардар ету; 
- экскурсияға шығар алдында және балабақшаға оралғаннан кейін балалардың 
тізімдік құрамын білу қажет; 
- ауа-райының жағдайына қарай балалардың киімдерін, аяқ киімдерін қарау. 
Жаздың ыстық күндерінде балалардың ақшыл бас киімдері болуы керек; 
- ауыз суын ішу режимін сақтау, тек жуылған жемістер, жидектер, кӛкіністерді 
жеу; 
- серуен кезінде балалардың шаршауын, ыстықтауын, тоңуын болдырмау үшін
әрекет түрлерін кезекпен ауыстырып отыру қажет; 
- тӛбешіктен сырғанау, мұз жолдарымен сырғу, әткеншек тебу, ӛрмелеу,
биіктен, спорттық жабдықтардан секіру, лақтыру, самокат, шаңғы, велосипед тебу 
және т.б. кезінде тәрбиешінің сақтандыруын, бақылауын қамтамасыз ету; 
- су жиналған шұңқырлардың маңында, жолдан ӛту бӛлігінің жанында 
экскурсиялар, ойындар ӛткізуге рұқсат етілмейді; 
- жолдан ӛту кезінде балаларға жол жүру ережелерін түсіндіру қажет; 
- экскурсия уақытында балаларды тәрбиешінің бақылауынсыз қалдырмау. 
Серуендеу, экскурсия, аяқталғаннан кейінгі қауіпсіздік талаптары: 
- балаларды тізім бойынша тексеру; 
- балалардың сыртқы киімдерін тазалау (ауа райы жағдайына байланысты); 
- серуенге алып шыққан материалды, еңбек құралын ретке келтіру (құмнан, 
қардан тазарту); 
- тәрбиешінің және тәрбиешінің кӛмекшісінің қадағалауымен балабақша үй-
жайына балалардың таласпай кіруін ұйымдастыру; 
- жаңбырдан кейін немесе қыс мезгілінде дымқыл киімнің, аяқ киімнің 
кептірілуін қамтамасыз ету; 
- гигиена талаптарының орындалуын: дәретханаға бару, қолды сабынмен 
жууды ұйымдастыру; 
- серуенге алып шыққан ойын материалын бӛлінген орынға жуу және жинау. 
Спорттық снарядтар мен дене шынықтыру жабдықтарын пайдалану кезінде 
балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету: 
- спорттық снарядтардың жанында балалардың ӛздерін, қараусыз қалдыруға 
болмайды; 


14 
- балаларда ӛзін-ӛзі сақтандыру сезімін дамыту қажет, снарядтардың бірінде 
сақтандыру кезінде ересек бүкіл топты назарда ұстап тұруы керек, биіктіктен немесе 
қатты жерге секіру кезінде еденге екі паралон тӛсеніш жаю керек; 

кӛлденең тақтайдан секіріп түсу кезінде ересектер балаларға кӛмектесу 
қажет;
- дене шынықтыру жабдықтарының барлық заттары тегіс қойылған, жарықтары 
жоқ, бұрыштары жұмсақ болуы керек; 
- спорттық снарядтардың бекітілуін, сондай-ақ негізгі тіректердің қабырға мен 
тӛбеге бекітілуін жүйелі түрде тексеру керек, спорттық снарядтардан кедергілер 
жолағын барлық балалар кӛз алдында болатындай алаңның шетіне орналастыру 
қажет; 
- жабдық қауіпсіз және сенімді түрде бекітілуі керек, спорт алаңдарында , 
шұңқырлар мен кедергілер, ӛсіп келе жатқан ағаш тамырлары болмауы тиіс, 
топырақтары тегіс және тығыздалған болуы керек; 
- спорт залындағы еден ҰОҚ басталар алдында құрғақ және таза болуы тиіс; 
- қысқы уақытта алаңдар үнемі қардан тазалануы тиіс; 
- сыртқы белгілері бойынша ағзаның жай-күйін және жүктемелердің шамасын 
бақылауды жүзеге асыру; 
- баланың ӛмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 3 
жастан бастап спорт құралдарын пайдалану ережелерін үйрету қажет, түсіндіруден 
басқа, балаларға ӛзін-ӛзі сақтандыру және қауіпсіздік техникасын меңгеру үшін 
аяқтарын қою мен ұстап тұрудың дұрыс және қате техникасын сезінуге мүмкіндік 
беру керек; 
- заттармен жаттығулар орындаған кезде балалар арасындағы жеткілікті ара 
қашықтықты қадағалау. 
Апаттық жағдайлар кезінде мектепке дейінгі ұйымдардағы қауіпсіздік
ережелері.
 
Тӛтенше жағдай туындаған кезде үрейленуге болмайды. Бұл апат, ӛрт, табиғи 
апат болуы мүмкін. Әрқайсысының бастапқы міндеті-ӛз тобының балаларын 
құтқару, содан кейін нәтижелері туралы мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісіне 
немесе әдіскерге хабарлау. Олардың барлық нұсқауларын нақты орындау ӛте 
маңызды. Әрбір тәрбиеші баланың ӛмірі мен денсаулығы үшін жауапты екенін 
түсінуі тиіс. 
Эвакуациялық кіру және шығу жолдары қажет емес заттармен толтырылмауы 
керек. Есіктерді ішінен шағын, оңай ашылатын ілгіштермен жабу керек. Есікке бару
еркін кедергілерсіз болуы қажет.
Егер ӛрт бӛлмеге енсе, терезелерді ашуға 
болмайды, ӛйткені желдету салдарынан ӛрт ӛршіп кетуі мүмкін. Жанып жатқан үй-
жайдан, мұрныңмен бен аузыңызды дымқыл шүберекпен жауып тӛрт тағандап тұрып 
еңбектеп тез шығу қажет. 
Егер ӛрт кезінде баланың киімдері жанса, оны дымқыл шүберекпен орап, 
ауаның енуін тоқтату үшін матаны денеге басу керек. Ешбір жағдайда киімді сӛндіру 
үшін ӛрт сӛндіргішті қолдануға болмайды. Бұдан қосымша химиялық күйіктер пайда 
болуы мүмкін. Жанып жатқан үй-жайдан балаларды іздеу балабақшаның барлық үй-
жайлары тексерілген жағдайда ғана тоқтатылады. 


15 
Апаттық жағдай немесе ӛрт болған жағдайда балалар ойын алаңына 
шығарылады және меңгерушіге немесе ол болмаған жағдайда әдіскерге үй-жайдан 
эвакуациялау нәтижелері туралы хабарланады.
Балалар тұрған топтарда электр су қайнатқыштар мен шәйнектерді 
пайдалануға, сондай-ақ тұруға арналмаған үй-жайларда макулатура қоймаларын 
орналастыруға немесе тез тұтанатын металдар мен құрылыс материалдарын сақтауға 
болмайды. Жабық үй-жайларда фейерверктер, май шам, бенгал оттарын жағуға
рұқсат етілмейді. 

жүктеу 0,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау