Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



жүктеу 1,76 Mb.
Pdf просмотр
бет64/236
Дата03.10.2022
өлшемі1,76 Mb.
#39472
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   236
8e10fd01cc60087f7a7a338573861826 (1)

а, ar, aa, air

aiqh, sch, ssi, sc, ph, th, qh, ae,
ai,
ea, ei, eo 
т.б.
 
жатқызады.
 
Бірде графема
 

 
инвариант,
 
әріп
 

ва-риант десе, бірде графема – фонеманың әрiптiк бейнесi
дейдi. Сондықтан барлық уақытта графема әрiпке сәйкес түсе
бермей-дi, өйткенi дыбыстық емес әрiптер бар дейді.
В.Фрэнсис қазіргі ағылшын тілінде 45 фонема – 41 графема,
Вийк 46 фонема – 104 графема бар деген. Мәтінде графема
әріп, әріптер тіркесі не-месе графикалық тәсілдер мен
комбинациялар арқылы көрінуі мүмкін дейді.
Әлiпбидегi әрiптердiң фонеманы берудегi ұйымдасуы гра-
фика екенi біраз ғалымдар тарапынан айтылды. Біздіңше,
Т.А.Амированың жоғарыда айтып отырғаны да графика. Осы
iзбен C.М.Кузьмина да графема бiр әрiптен де, 2-3 әрiптен де
құралады, мысалы, 
/sch/-<ш>, /ть/-<т>, /я/-<иа>
, барлық пози-
цияда бiр ғана фонеманы бiлдiретiн 
f=ph, t=th, u=i,
а:=аѕ,
о:=оѕ
деген графемалар барын айтады. В.И.Балллинская графемалар-
ды қарапайым, күрделi және факультативті графемаларға
бөледi. Қарапайым графемаларға бiрмәндi (
а,
в,
с
), күрделi
графемаларға әрiптер тiркесiнен тұратын графемаларды
жатқызады. Сөйте тұрып, “фонема – ауызша тілдiң мағына
ажыратқыш ең кiшi бiр-лiгi болса, графема – жазба тілдiң
мағына ажырататын ең кiшi бiрлiгi” деген анықтама бередi.
Ендi бiрде графема – әлiпбидiң абстрактiлi бiрлiгi, ол бас әрiп,
кiшi әрiп, жазба бас әрiп, жазба кiшi әрiп түрiнде өмiр сүредi
дейдi. Бас әрiп пен кiшi әрiп, бiре-уi кiсi есімiн, бiреуi жалпы
есiм екенiн бiлдіреді. Бас әрiп пен кiшi әрiп бiрдей дыбысталса
да, олардың функционалдық мәнi әртүрлi, сондықтан бұлар
әртүрлi графема болып қарастырылуы керек дедi.
Н.Уәлиұлы графема тілдің ары қарай бөлшектеуге келмей-
тін кіші тұлғасы фонема мен жазба тілдің әрі қарай
бөлшектеуге келмейтін ең кіші тұлғасы әріптің арасындағы
қатынастың жиынтығы болып табылады, фонема мен графема
– инвариант, дыбыс пен әріп вариант дейді. Сонымен, графема
қазақ тілі жаз-ба жүйесінің ең кіші абстракті бірлігі болып
табылады. Ол әріп түрлері арқылы таңбаланады. Ал фонеманы
әріп тіркесі арқылы беруді графема деп танитын жоғарыдағы
ағылшынтілді зерттеу-лер әріптің графикалық тіркесуі туралы
айтып отыр деп ойлай-мыз.

жүктеу 1,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   236




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау