(Тимур Қалдыбаевичтің
жанына жетіп барып, оны ызалана жұлқып-жұлқып
жіберіп).
Тоқтатыңыз бассыздықты!... Көршілер милиция шақырып жүрсіндемесеңіз!...
Сағаттың қанша болғанын білесіз бе өзіңіз?!...
Т и м у р Қ а л д ы б а е в и ч
(қолын ербеңдетіп).
Әй, жібер!... Жібе-е-ер-р
деймін!... Вишь, нашелся, мне новоявленный геройІ... Қорқытатын кісіні тапқан
екенсің!.. Милиция дейді ғой маған – а может быть я сам в союзном КГБ работаю.
Сен
білесің
бе
өзің,
менің
кім
екенімді?!
Я
доцент
Алматинского
зооветеринарного
института,
кандидат
наук!
(Сұқ
саусағын
безеп).
Кандидат
наук!...
А қ м а р а л
(Қайсардың жанына
жетіп барып, жалма-жан оның құлағына сыбырлап).
Ойбай, қой, милиция шақырамыз деп, өз басымызға өзіміз бәле тілеп алармыз! Мас адам
ғой, бірдеңе қылып алдап-сулап шығарып салайық та. Қойшы енді... Өтінем, ашуыңды
басшы...
Т и м у р Қ а л д ы б а е в и ч
(тілі
күрметіліп).
Маржанка!.. То есть, қарындас..
Су бар ма, су... Ән салам деп, тамағым құрғап қалыпты. Маған мұз-з-да-ай су... Басқа
ештеңенің керегі жоқ.
Ол
тәлтіректей
басып,
асүйдегі
үстел
басындағы
орындықтардың біріне отыра кетеді. Үстел үстінде әлі жиылып үлгермеген кешкі
шайдың жабдықтары: көкөнім салаты, жеиіс тоспалары салынған шыны ыдыстар, нан
себеті, туралған колбаса, кесе-шәйнек, тағы басқалар. Ақмарал дереу бір кесеге
мұздай су құйып, беймезгіл қонаққа ұсынады.
А қ м а р а л. Мінекейіңіз...
Т
и
м
у
р
Қ
а
л
д
ы
б
а
е
в
и
ч
(кесе
толы
суды өндіршегі бүлкілдей бір-ақ сіміріп).
Уһ!.. Жаным жаңа жай тапты, ғой! Рахмет,
қарындас-с... Өзің бір тәуір бала екенсің. Ал ана жігіт... (Сұқ саусағымен Қайсарды
нұсқап,
басын
шайқайды.) Что-то он мне не нравится. Милиция шақыртам дейді-әй!.. Ал
шақырт!.. Байқа, бала, Тимур Қалдыбаевич сен ойлағандай анау-аынау шәләй-бәләй
емес. Понимаешь, до-о-о-цент-т!.. Кандидат биологических наук!..
(Ақмаралға
бұрылып).
Қарындас,
білесің
бе сен, Алик менің жан досым ғой».. Иә, рас, оның шын аты - Әлібай. Ха-ха-ах...
Әлі-і-ба-ай!.. Бұ қазақтар әлдеріне қарамай шеттерінен бай болғысы кетет еще.
Әлібай-Әлібай! Какая дикость!.. Эх, Алик-Алик, где ты пропадаешь?.. Ничего не
понимаю, ей Богу...
Есіктің
қоңырауы
дың
ете
түседі
де,
ізінше
ішке
Мария
Петровна кіреді. Сол бұрынғысынша маңдайын ақ орамалмен таңып тастаған.
М а р и я П е т р о в н а. Ал осыдан кейін қазақтарды
қонақжай емес деп көр – сағат болса, түнгі он бір жарым, ал бұлар әлі есіктерін де
кілттемепті.
А қ м а р а л. Ұмытып кетіппіз.
(Қайсарға
бұрылып).
Баған мен сен кілттеген екен десем...
М а р и я П е т р о в н а. Әне, бұлар өсітіп бір-біріне
сеніп жүре береді осылай. Қаңғырған біреулер кіріп кетсе қайтесіңдер? Жарайт.
Ал қожайындар қайда кеткен?
Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д.
87028435334
А қ м а р а л. Ол кісілер мана баласының... Болаттың үйіне кіріп шыққалы
кеткен. Қазір келеді.
М а р и я П е т р о в н а. Жайшылық па әйтеуір?!
А қ м а р а л
(абдыраңқырап).
Жай... Өздерінің бір
шаруаларымен...
Достарыңызбен бөлісу: |