Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д.
87028435334
Бөлмеден тағы да шырылдай жылаған сәби үні келеді құлаққа.
Қ а й с а р
(күліп Баймырзаға).
Аға, мына балаңыз шатақ болады-ау деймін. Өзінің даусы зор, ә?!
Б а й м ы р з а. Аллатағаланың бергеніне тәуба дейік, қарағым.
Тіпті сол
шатақ болса, шатақ болғаны да дұрыс шығар. Осы қазақтың иіс алмас момын
болғандағы шыққан биігі қайсы?!..
Қ а й с а р. Осы пікіріңізге мен де қосылам, аға. Әбден қорқа-қорқа
қоян болып болдық қой. Біз де тым болмаса адам болып, бір серпілейікші!..
Б
а
й
м
ы
р
з
а.
Шынымды
айтайын
саған,
Қайсаржан, -
әлгі кемпір жоқ қой қасымызда, - нансаң, кешеден бері менің кеудем
недәуір өсіп қалды. Бар екен ғой – сендердей ержүрек ұл-қыздарым! Тек мұнымды
жаратқан
асылық
көрмесін...
(Сонан
соң
Қайсарға сыбырлап)
Қайсаржан, енді бір майдан есік алдына таза ауаға шығып
келсек
қайтеді,
а?!
(Иегінің
ұшымен
бөлме
жақты
ымдап)
Кішкене
ана
жақтағы
абыр-сабыр басылғанша...
Қ а й с а р. Жақсы, аға...
Екеуі
шығар
есікті
жаймен
ғана
сыртынан
жауып,
көшеге
шыға бергенде, подъезден, тап алдарынан Тимур Қалдыбаевич жолығады. Қасында –
қызыл жағалы форма киген миллиционер мен жазалаушы отрядтың екі солдаты.
Т и м у р Қ а л д ы б а е в и ч
(Қасындағыларға бұйрықты үнмен).
Осы! Ұстаңдар!...
Миллиционер мен екі солдат дереу Қайсарға жабыла кетіп,
оның қолдарын артына
қайырып, басын төмен қарай тұқыртпақ болады.
Б а й м ы р з а. Қап! Апыр-ау, өлтіресіңдер ме, біреудің қарғадай баласын!
Байқасаңдаршы!..
Т и м у р Қ а л д ы б а е в и ч. Әй, шал, аузыңды жап! Әйтпесе саған да амал табылады.
Қ а й с а р
(Баймырзаға
бұрылып).
Аға, қайтесіз осыларға сөзіңізді шығын қылып.
Қайғыртпайды қолға кісен салғаны,
Қайғыртпайды абақтыға жапқаны,
Бәрінен де батады екен жаныңа
Өз аулыңның иті келіп қапқаны.
Т и м у р Қ а л д ы б а е в и ч. Өшір үніңді, сілімтік!.. Абақтының қалай болатынын
көресің әлі. Әкетіңдер!..
Қайсарды
алып
кетеді.
Тимур
қалдыбаевич
те
солардың
ізіне
ереді. Баймырза олардан көз алмаған күйі бір орнында қақшиып қатып қалады.
Т
а
л
ш
ы
н
(бөлмеден
дауыстап).
Әй,
шал-ау,
сүйінші!...
Мына жылбысқы неме, ұл-ай, ұл!... Не ғып үндемей қалдың? Қартайдың, тоқал
алмасам
болмас деп, маған қожыраңдағанда жақсы едің, өзіңнің де құлағың нашар
еститін болған ба, жазған...
Тағы
қысқы
көшенің
зыңылдап
қатып
қалған
сүр
қарын
дүбірлетіп, жүгіріп өткен жазалаушы отряд солдаттарының етіктерінің дүсірі,
түнгі әуені тіліп өткен ащы ысқырықтар, абыр-сабыр, үзік-үзік алқынған
Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д.
87028435334
дауыстар, овчаркалардың жанталаса абалай үрген үндері естіледі. Бірте-бірте бұл
ызы-қуыт, үрейлі дауыстарды Баймырзаның пәтерінде осыдан санаулы минуттар бұрын
ғана дүниеге келген іңгәлаған сәби үні баса береді. Ол осы бір қат-қабат
тарихи, саяси оқиғаларға толы қысылтаяң кезге еш мән берместен, өзінің өмірге
келгенін мына айдай әлемге жасқанбай жариялап жатыр...
Іләйім, оның алдынан ақ күн туғай!...
Достарыңызбен бөлісу: