1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



жүктеу 1,05 Mb.
Pdf просмотр
бет61/98
Дата07.09.2022
өлшемі1,05 Mb.
#39174
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   98
Тану
.
Қайта жаңғыртуды тану процесін ажырату керек. Тану – қайта
жаңғыртудың қарапайым түрі. Тану - бұрын қабылдаған және қайтадан 
кезіккенде кӛрінетін ес процесі. Тану адамдардың қабылдау саласындағы 
ерекшеліктеріне қарай түрлі дәрежеде кӛрінеді. Мәселен, біреулер бұрынғы 
кӛргенін бірден қиналмай толық таниды, екінші біреу мұны мүлде тани 
алмайды үшінші біреу шала таниды, ал тӛртінші біреу қате танитын болады. 
Объектіні дұрыс тану үшін адамның кӛзі тӛселіп үйренген, ӛмір тәжірибесі мол, 
бақылағыш болуы шарт. Ес процесінде болатын қателердің кӛбі дәл, жетік тани 
алмаудан, ал дұрыс тани алмаудың ӛзі алғашкыда зер салып, жӛнді қабылдай 
алмаудан болады. Мәселен, адам алғашқы рет бір жерге келгенде (бұрын 
кӛрмесе де) оған кӛп нәрсе таныс, ӛзі бұрын осында болғандай кӛрінеді. 
Мұндайда ол ертеде ұшырасқан нақты бір жағдайды қазіргі кездескен жағдайға 
ұқсатады. 
Ұмыту
процесі - есте қалдыру процесіне қарама-қарсы процесс. Ӛмірге 
қажет емес нәрселерді ұмытып отыру – адамның рухани дамуына кӛп кӛмегін 
тигізеді. Егер адам қабылдаған нәрсенің барлығын есінде сақтай беретін болса, 
онда кез келген ұсақ-түйектер мидың бір қалыпты жұмысын қиындатар еді.
Ұмыту түрліше жағдайларда кӛрінуі мүмкін. Бірде ұмыту объектіні 
әдейілеп еске түсіруге, не тануға мүмкіншіліктің жоқтығынан пайда болса, енді 
бірде объектіні қате тану, не әдейілеп еске түсіре алмаудан болады. Егер біз 


бұрын есте қалған нәрселерді есімізге түсіре алмасақ, бұрынғы 
қабылдағандарды тани алмасақ бізде ұмытудың болғаны.
Ұмыту бірнеше себептерге байланысты.
1. Ұмыту алға қойған мақсаттың анық болмауынан болады.
2.Қабылданған материал онша ашық, анық эмоциялы болмаса тез 
ұмытылады. 
3. Есте қалдырылған материалды дұрыс түсінбеу. 
4. Қайталау мен жаттығудың болмауынан және кеш ұйымдастырылуынан
болады. 
5. Материалдың керексіз болуы. 
6. Адамның миына зақым келсе оңың ойлау қабілеті бұзылып, тез ұмытады. 
Ұмыту нерв қызметінің күйіне байланысты. Нерв жүйесі әбден 
шаршағанда не ауруға ұшырағанда адамда ұмытшақтық күшті болады. Нерв 
жүйесінің нашарлауына орай ұмытшақтық қартайған адамдарда жиі кездеседі. 
Мәселен, белгілі жазушы Вальтер Скотт «Айвенго» атты романын науқастанып 
жүрген кезінде жазыпты. Роман басылып шығады. Ауруынан айыққан соң В. 
Скотт ӛз романының қай кезде жазылғанын еске түсіре алмапты. Адам миына 
зақым келуден еске түсіре алмауды ғылымда 
амнезия 
құбылысы деп атайды. 
Бұл құбылыстар мидағы тежелу, ӛшу заңдылықтарына байланысты. Бірақ 
ұмытылған құбылыстар бір кезде жаңғырып, еске түседі. Материалды оқыған 
бойда (кӛлемді, күрделі түрлерін) бірден қайта жаңғырту кейде қиынға түсіп, 
мазмұны толық берілмей қалатын кездер болады. Бірақ бұлар екі-үш күннен 
кейін тым тәуір қайта жаңғыртылуы мүмкін. Осындай кешігіп еске түсіруді 
психологияда 
реминисценция 
құбылысы деп атайды.
Мәселен, адам ӛзінің жақсы меңгерген тілін, аурудың салдарынан мүлдем 
ұмытып қалып, кейін жазылған соң қайта сол тілде сӛйлей алады. Осы орайда 
уақытша ұмытуды сақтық тежелу деп атайды. Ұмыту – нерв жасушаларындағы 
тежелу үрдістерінің дамуы. Адамның бұрынғы істеген қызметі қазіргі есте 
сақтау жұмысына бӛгет болса, оқу процесінде яғни ӛткен материалға ұқсас 
екінші бір материал оқылса, бұл қайта жаңғыртудың сапасының тӛмендеуіне 
әсер етеді, оны 
проактивтік 
тежелу, ал бұрыннан есінде сақталған 
материалына кейінгі қызметі бӛгет болса 
ретроактивті
тежелу делінеді. 
Мұндай жайттар мағынасы бір – біріне жақын материалдарды үйренуде жиі 
кездеседі.
Айтылған құбылыстардың табиғатын білудің үлкен педагогикалық мәні 
бар. Ӛткен шығармадан кӛлемді, мазмұны ұқсас шығарманы жаттағанда, 
олардың басы мен аяғы есте жақсы сақталып, орта жері тежелуге 
ұшырайтындығы кӛрініп отыр. Мұғалімдер мұндай тежелулерді оқушыларда 
болдырмау үшін, сабақ кестелерінде ұқсас пәндердің қатар тұрмауын 
қадағалап, әр жастағы оқушылардың үй тапсырмаларының нормасы қатаң 
сақталынып, оқу әрекетін үнемі түрлендіріп отырулары керек. 

жүктеу 1,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   98




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау