1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы


Тақырып бойынша бақылау сұрақтары



жүктеу 1,05 Mb.
Pdf просмотр
бет37/98
Дата07.09.2022
өлшемі1,05 Mb.
#39174
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   98
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары 
1.
Іс-әрекет туралы қандай психологтардың еңбектерін білесіз? 
2.
Заттың іс-әрекет пен ақыл-ой әрекетінің арақатынасы қандай? 
3.
Іс-әрекет қалыптасуында дағдының қандай маңызы бар? 
4.
Әдеттің қалыптасу негізі неде? 
5.
Дағды мен икемділік ұғымдарының бір-бірінен айырмашылығы қандай? 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
Аймауытов Ж. Псиқология. Алматы, «Рауан», 1995, - 303б. 
2.
Богословский В.В. және т.б Психология. Алматы, «Мектеп», 1980, -350б. 
3.
Блонский П.П. Избранные педагогические и психологические сочинения: 
в 2-х т. Т.1/Под ред. А.В.Петровского – М., Педагогика, 1979г.,-222с. 


4.
Еникеев М.И., Основы общей, юридический психологии, М.,1996г., -
630с.
5.
Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. Алматы 2005ж., -415б.
6.
Жұмасова К.С. Психология Астана -2006, -289б. 
7.
Намазбаева Ж.И. Психология Алматы: 2005, -293б. 
8.
Тәжібаев Т. Жалпы психология – А. «Қазақ университеті», 1993 -240 б.
 
8 дәріс:
 
Зейін 
Жоспар: 
1.
 
Зейін туралы ұғым
2.
 
Зейіннің түрлері
3.
 
Зейіннің қасиеттері 
 
 1.Зейін туралы ұғым. 
 
Психикалық құбылыстардың ішінде зейіннің алатын орны ерекше. Ол 
дербес психикалық процесс болып табылмайды. Сӛйтсе де ол әрқашан адамның 
іс-әрекетіне, таным процесіне қатысады. 
Зейін – психологиялық феномен, ол туралы пікірталастар, ғасырлар бойы 
жалғасып келеді. Ғалымдардың бірқатары «зейін тәуелсіз процес ретінде ӛмір 
сүре алмайды, ол тек қана кез келген психикалық процестің немесе адам іс-
әрекетінің бір жағы ретінде кӛріну» деп тұжырымдайды. Басқалары зейінді 
тәуелсіз процес, ӛзінің ерекшелігі бар, олар анатомиялық және физиологиялық 
ӛзін басқаратын құрылымына сүйеніп басқа таным процестерінің міндетін 
атқаруын, динамикасын және психикалық ахуалдың ерекшеліктерін 
қарастырғанда маңызы бар екенін айтады. Зейін – сезім мүшелері арқылы бір 
ақпаратты іріктейтін, басқаларды елемейтін (саналы немесе санасыз) процес. 
Зейін деп - адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын 
кӛрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, 
зейін дегеніміз айналадағы 
объектілердің ішінен керектісін бӛліп алып, соган психикалық әрекетімізді
тұрақтата алу. 
Мысалы, оқушы математикадан есептер шығарып отыр. Ол 
бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы кӛрінеді (бала 
кӛзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т. б.) Оқушы есептің 
шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп 
шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң географияны оқуға 
кӛшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады. Осы 
кӛріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне ӛз зейінін ұйымдастырып, 
басқа объектілерден ойын бӛліп отырады.Осындай түрлі кезеңдере бала 
психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды-кӛпті тұрақтап 
отырғанын кӛруге болады. 
Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның 
нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К. Д. Ушинский зейіннің 
маңызын былайша кӛрсеткен еді. «Зейін адам санасынан қорытылып ӛтетін 
барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, 
демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сӛзі соқпай ете алмайды, егер де ол соқпай 
ӛтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды». 


Зейінсіз айналадағы нәрсені қабылдау, түйсіну мүмкін емес. Ӛйткені 
адам ӛз ӛмірінің әрбір кезеңдерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді, 
бірер нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жӛнінде ойлайды. Ал зейін болса, ӛз алдына 
бұлардан дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп келетін психикалық 
әрекеттің айрықша бір жағы, санадағы ерекше сипаты болып табылады. 
Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді күшейте 
түсуге не оны бӛліп жіберуге себепші болады. Мәселен, бір объект жағымды 
сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал кӛрші кластан естілген ән-күй сабақ 
тыңдап отырған баланың зейінін тӛмендетеді. Ерік, ой, қиял процестері де 
зейінге түрліше әсер етіп отырады. 
Зейіннің физиологиялық механизмі ӛте күрделі.
 
Оның негізі - нерв 
жүйесінің әр түрлі деңгейде тұрған сезгіштік қызметі. Сезгіш дегеніміз - ми 
қабығының тӛменгі қатарында орналасқан ретикулярлық формациялар деп 
аталатын анатомиялық және функционалдық ерекшелік. Ретикулярлық 
формацияның ӛрлеуші, тӛмендеуші дейтін екі түрі бар. Ол бір импульстерді 
сиретіп тежеп, екіншілерін күшейтіп, ми қабығына талғап жеткізіп отырады. 
Осының нәтижесінде сананың айқындығы реттеледі. Ми алаптары жұмысының 
реттеліп (қозьп, тежеліп) тұруы нәтижесінде әр қилы психикалық әрекет жүзеге 
асады.
Әр түрлі импульстер жоғарыдан (ми қабығынан) тӛменгі ми алаптарына 
(ми бағанасы т.б.) келіп, оларды ӛзіне бағындырады. Бұл - тӛмендеуші 
ретикулярлық формация деп аталады. 1958-1960 жж. АҚШ ғалымы Г.Мэгун, 
Италия ғалымы Моруций импульстардың тӛменнен жоғары ми алаптарына 
жетіп, олардың жұмысына әсерін тигізе алатынын дәлелдеді. Мұны - ӛрлеуші 
ретикулярлық формация дейді. 
Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан нерв процестерінің 

жүктеу 1,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   98




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау